Сабақ: Педагогикалық мамандыққа кіріспе



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі24,24 Kb.
#83222
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
пед. мамн. жауап. 9-10


А.Т.Ж: Бекарстанова Алтынгуль
Сабақ: Педагогикалық мамандыққа кіріспе
Дәріс 1
Тапсырмалар :
1) мақала тақырыбын таңдау;
2) жұмыс тақырыбы бойынша арнайы әдебиеттерді оқу;
3) тарихи дереккөздерге талдау жүргізу;
4) мақаланың жұмыс нұсқасын жазыңыз;
5) түзетулер мен өзгерістер енгізілгеннен кейін мақаланың соңғы нұсқасын оқытушыға студенттік конференцияда жариялау үшін тапсыру;
Жауабы: тақырыбы:

  1. Өздігінен білім алу іс – әрекетіндегі жоспарлар мен мақсаттылық.

Өздігінен білім жетілдіру – бұл адамның барлық рухани және физикалық күштері қатысқан тұлғаның ең жоғарғы өзін-өзі жетілдіретін көрсеткіші; бұл шығармашылық іс-әрекеттің түрі.Оның үдерісінде адам өзін-өзі дамыта және өзін-өзі өзгерте тұрып рухани және материалды объектті және субъектті қоғамдық мәні бар құндылықты қана құрып қоймайды.
Мамандардың өздігінен білім алуы мен өзін-өзі тəрбиелеуі аса маңызды.
Мектептегі қамқоршылықтан тыс қалған студент кəсіптік білім беретін оқу орнында өздігінен білім алу мен өзін-өзі тəрбиелеу сияқты дағдыланбаған жұмыс қалпымен бетпе-бет келеді. Өздігінен білім алу — болашақ маманның өсу негізі. Ю.П.Фатнева жүргізген əдебиет сараптамасы көрсеткендей, өздігінен білім алу белгілі бір жеке тұлғалық жəне қоғамдық маңызды білім беру мақсаттарына жетуге бағытталған, арнайы ұйымдастырылған, өзіндік, жүйелі танымдық қызмет; үздіксіз жалпы жəне кəсіптік білімнің арқасында адамның рухани дамуы белсендіріледі, кеңейеді жəне ол қылықтардың орны толады. Тұлғалық жəне кəсіби өсім өздігінен білім алу мен өздігінен жетілу процестеріне тікелей байланысты, ол болашақ педагогқа оның дамуы мен өзін дамытуында қолға алған ісіне шығармашылықпен қадам басудағы қызметінде танылуға ықпал етеді. Академик Д.С. Лихачев жастарға былай деп жазып кеткен: «Үнемі оқу керек. Барлық ірі ғалымдар өмірінің соңына дейін оқытып қана қойған жоқ, өздері де оқыған. Өзің оқуды тоқтатсаң — оқыта да алмайсың. Өйткені барлық білім өседі жəне күрделенеді». Тəрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу—тұлғаны қалыптастырудың қос тарапының біртұтас процесі.
Тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру тұлғаның оқуға деген ұмтылысынсыз, оның оқу-танымдық белсенділігінсіз қалыптаспайды. Өзін-өзі тəрбиелеу мен табанды жұмыстың арқасында адам өз бойында мықты тұлғалық қасиеттерді дамытады. Белгілі француз философы Ж. П. Сартр тұлға ретінде дамуда өзін-өзі тəрбиелеудің рөлін ерекшелей отырып, адам өзінен өзі не жасайды, сол болады деген. Осының бəрі тұлғаны қалыптастырудағы өзін-өзі тəрбиелеудің маңызды роль атқаратынын білдіреді. Өзін-өзі тəрбиелеудің психология мен педагогикадағы теориялық жəне əдістемелік негіздері А. Г. Ковалев, Д.М.Гришин, А. И. Кочетов, Л.И.Рувинский жəне тағы басқа ғалымдармен жасалған.
Өзін қалыптастыру— бұл өз əрекетінің қалаулы мотивін, обьективті мақсатты субьективті деп сезінуден жəне қабылдаудан басталатын өзін-өзі тəрбиелеу. Адамның өз іс- əрекетінің немесе қызметінің белгілі бір мақсатын субьективті құру саналы еркіндікті тудырады, ертеңгі күнге деген əрекет жоспарын анықтауға итермелейді. Осы мақсатқа жету жолында объективті де, субъективті де кедергілердің қатар жүруі сөзсіз.Соған орай, тұлғаны дамытудың, оның зияткерлік қабілеті мен қоғамдық сана- сезімнің белгілі бір деңгейінде адамның тек сыртқы мақсаттар туралы ғана емес, өзінің жеке тəрбиесі туралы да түсінігі қалыптасады. Ол өзіне өзі тəрбие субьектісі ретінде қарай бастайды. Осындай жаңа, жаратылысы бөлек тұлға факторын қалыптастыруда адам тəрбиешіге айналады. К. Д. Ушинский өзін тəрбиелеуге мыналар көмектесті деп есептейді: «сабырлылық, тым болмағанда, сыртқы; сөз бен істің туралығы; əрекетті ойланып жасау; табандылық; қажет болмаса, өзі жайлы əңгіме қозғамау; уақытты санасыз өткізбеу; қолға түскен емес, өзіңе ұнаған іспен айналысу; құмарлыққа шығындалмай, қажеттіге немесе ұнамдыға шығындалу; əр күні кешке жасаған істеріңе риясыз есеп беру; болған жағдайға да, бар нəрсеге де, болатын дүниеге де мақтанбау».
Өздігінен білім алу мен өзін-өзі тəрбиелеу — тұлғада болатын педагогикалық шеберлікті жетілдіру мен болашақ маманның кəсіби қалыптасуына қажет ішкі процесс. Өзіңнің кемшіліктеріңді түсіну аса маңызды. Неміс жазушысы Т.Манның есептеуінше, өзін танығаннан кейін ешкім де бұрынғыдай болмайды.
Ешкім басқаға өзінде жоқ нәрсені бере алмайды, өйткені өзі дамыған, тәрбиелі, білімді болмаса, басқаларды дамыта, тәрбиелей, білім бере алмайды. Ол ең алдымен өзі өзінің тәрбиесімен айналыспаса, басқаға да тәрбие, білім бере алмайды.
Педагогтардың өздігінен білім жетілдіруін ұйымдастыру технологиясы келесі кезеңдерден тұрады:
І кезең. – таңдайтын. Бұл кезең өз бетімен жұмыс істеуге белгілі бір бағытты қарастырады; мектептің ғылыми-әдістемелік тақырыбына (өзекті мәселесіне) сай жұмыстың мақсатын таңдау; жеке алған тақырыбын қалыптастыруы, өз әрекеттерінің жүйелілігін ұғуы.
ІІ кезең – үйрететін.Бұл кезеңде педагог таңдап алған өзекті мәселе бойынша психолого-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттермен танысады.
ІІІ кезең – практикалық. Бұл кезеңде эксперимент жасау, жұмыстың жаңа әдістерін қолдану, педагогтық дәлелдерді жинап, оларды іріктеу және талдау жүргізіледі. Практикалық жұмыспен қатар әдебиеттерді зерттеу бірге жүзеге асырылады.
ІҮ кезең – теорияны ұғып, жинаған педагогикалық дәлелдерді жалпылау және талдау. Бұл кезеңде оқыған педагогикалық әдебиеттерді ұжыммен талқылауды ұйымдастыру тиіс;;ашық сабақтарға және басқа да жұмыс түрлеріне қатысып, талдау.
Ү кезең – қорытынды бақылаулы. Бұл кезеңде педагог өзінің жеке жұмысын қорытындылайды, бақылауларды жалпылайды, нәтижелерін белгілейді. Соның ішінде ең бастысы - жүргізілген жұмыс, белгіленген дәлелдер, олардың талдауы, нәтиженің теориялық негіздері, жалпы қорытындылардың және жұмыстың алдын ала жоспарын анықтау.
Өздігінен білім жетілдірудің керектігі біріншіден, мұғалімнің іс әрекетінің спецификасы, оның әлеуметтік рөлі, екіншіден, үздіксіз білім беру беталыстар және шынайылығымен байланысты. Бұлар: үнемі өзгерілетін педагогтардың еңбек жағдайы, қоғамның сұраныстары, ғылым мен практиканың эволюциясы , адамға деген талаптардың өсуі, оның қоғам үдерісі мен жағдайларына тез және парапар қабілеті, өзінің іс әрекетін өзгертуге дайындығы, жаңа және күрделі міндеттерді шеше білуі.
Өздігінен білім жетілдірудің мағынасы танымдық белсенділікті қанағаттаныру, педагогтың өзін-өзі үздіксіз білім алуындағы сұранысын білдіріледі.
Өздігінен білім жетілдіру кезінде педагогтар әр түрлі формаларды қолданады:
1) арнайы білім дайындығы (жоғары білім алуы немесе екінші мамандығы)
2) квалификациясын көтеру (курстарға бару)
3) өздігінен білім жетілдірудегі жеке жұмысқа қажетті көмек:
- ақпараттық құралдар
- есептік техника
- кітапханалар
- музейлер, көрмелер, театрлар, клубтар
- экскурсиялар
- ғылыми, техникалық, көркем және спорттық қоғамдар
- зерттеулер, эксперименттер, шығармашылық іс және тапсырмалар
- ғалымдар мен атақты адамдармен кездесу
-алдыңғы тәжірибе және өзінің практикалық әрекетінің жалпылауын ұғыну және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет