Сабақ: Педагогикалық мамандыққа кіріспе


Құрылымдык – логикалык сұлба ғылыми және оқу мәтіндерімен жұмыс істеу тәсілі ретінде



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі24,24 Kb.
#83222
түріСабақ
1   2
Байланысты:
пед. мамн. жауап. 9-10

2. Құрылымдык – логикалык сұлба ғылыми және оқу мәтіндерімен жұмыс істеу тәсілі ретінде.
Оқушылардың ғылыми жұмысын рәсімдеу
Біз, ұстаздар қауымы, ел ертеңі- жас ұрпақты ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы қабілеттерін ашуларына көмектесуіміз қажет.
Ғылыми жобаны дайындау барысында мұғалім- баланың жұмысына бағыт- бағдар беруші, ал оқушы- мұғалімнің ойын әрі қарй жалғастырып, өзіндік талдау жасаушы, зерттеу жүргізуші жеке тұлға.
Ғылыми жұмысты жазуда ең әуелі тақырып таңдау керек.Тақырыпта қысқа формада құрылған, нақты бір мәселелерді шешу әдістері болады.Өз тәжірибемде байқағаным, оқушыны тақырыпты қалай ашам деген сұрақ мазалайды. Бала өзінің айтқысы келген ойларын қағазға түсіріп, сұрақтар дайындайды. Соңғы 3-5 жыл ішіндегі әдебиеттермен жұмыс жасап, жаңалық ашуға, өзіндік ой түюге жұмыстанады. Кез келген адам басында біреуге еліктейді., оқиды, салыстырады. Кейін өз жұмысына терең мән беріп, шынайы бағалауға талпынады.
Жұмысты жазу барысында баланың ғылымға деген құштарлығын арттыру үшін, тақырыпты таңдаған күннен бастап күнделік бастату керек Күнделік- баланың жан қиналысының, ізденісінің, керекті материалды тапқан кездегі қуанышы, жарыққа шыққан шынайы ой- пікірінің айнасы.Онда оқушының істеген жұмыстары кезең-кезеңімен сипатталады. Ғылыми жетекші күнделіктің мазмұнымен танысу керек және оның әр бетіне қолын қою керек.
Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі.
Психолог – ғалымдар: Н.Н. Поспелов, Ю.А.Петров, А.Н.Леонтьев, «логикалық ойлау» ұғымына нақты анықтама берген. Олардың пікірінше «логикалық ойлау» дегеніміз логика заңдылықтарын пайдалана отырып ой-пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі.
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жөнінде А.В.Запорожец, Л.Н.Венгер, И.С. Якиманская еңбектері жарық көрді.
Жоғарыдағы авторлардың пікірлерінше «Логикалық ойлауды дамыту» дегеніміз:
• барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру;
• ойлау белсенділігін, өзбеттілігін дамыту.
«Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны – логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», деп көрсетті К.Д.Ушинский.
Бастауыш сынып баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені логикалық ойлау кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді.
Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту үшін:
• есепті, жаттығуларды талдай білу іскерліктерін қалыптастыру;
• сызба графиктік модель бойынша есеп объектілерінің арасындағы байланыстарды түсіндіру;
• Есептегі нақты заттарды оның моделімен ауыстыру;
Пәнге деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру;
• Сыныпқа дұрыс психологиялық жағдай орнатуға мүмкіндік туғызу.
Оқу процесіндегі осындай іс-әрекеттердің арқасында қоғам талап етіп отырған шығармашылық қабілеті жоғары, өз ойын жүйелі де ашық айта алатын, қоғамға еркін сіңетін, өндіріске белсене араласатын азамат қалыптасады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет