Сабақтың басы
|
Жаңа топ құру
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Қызыл өрік» би
«Жалаулар» арқылы топқа бөлінеді. Оқушыларды қалаған жалауларын алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отырады.
1-топ «Бақыт жалаулары»
2-топ «Арман жалаулары»
3-топ «Қуаныш жалаулары»
Жұмыс ережесін келісу
Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)
Мына сұрақтар бойынша әңгіме дайындаңдар:
Біздің қаламызға (ауылымызға) қанша жыл?
Өлкеміздегі қандай тарихи орындарды білесіңдер? Олар тарихтың қай кезеңі жайлы ақпарат береді?
Біздің қаламызда (ауылымызда) ескі заманнан қалған ғимараттар сақталған ба?
Олардың ішінде ең ескісі қайсысы?
Біздің ауылымызда (қаламызда) қандай ескерткіштер бар? Олар кімнің құрметіне немесе қандай оқиғаға байланысты тұрғызылған?
ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.
|