Ж Елестетіңдер. Сендер қыпшақ отбасында қонақта отырсыңдар. Үйдің қожайындары сендерге қандай тағамдар ұсынады?
Сендер олардан не жайында сұрайсыңдар? Қыпшақтардың сөйлегенін түсінесіңдер ме? Оқушылардың жауаптары.
(ҚБ) «Ара ұясы» стратегиясы.
Мұғалім: Екіден отырып, сабақтың түсінікті болғанын, болмағанын талқылаңдар. Түсінбеген материалдар бойынша бір-бірлеріңе сұрақтар қойыңдар. Осылайша олқылықтардың алдын аласыңдар.
Слайд-презентацияны қарау және электронды қосымшадан тапсырма орындау. Мұғалім: Слайд-презентациядан қыпшақтар жайлы қандай жаңа мәліметтер алдыңдар? Оқушылар:
қыпшақтар Орыс елімен көрші болған;
орыс князьдарының ұлдары мен қыпшақ хандарының қыздары бір-бірімен үйленетін болған;
орыс тілінде түркі тілінен алынған сөздер өте көп.
Дескриптор:
әртүрлі материалдардың негізінде түркілердің өмір салтын анықтайды.
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.
|