Сабақ Пән: Дүниетану Орта мерзімді жоспар бөлімі



бет53/80
Дата20.05.2020
өлшемі1,16 Mb.
#69905
түріСабақ
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   80
Байланысты:
2 5240030576961914074

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау

Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.


Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

«Еркін талқылау» сұрақтары.



Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы.

«Жеміс себеті»

Топ шеңбер құрып орындықта отырады. Оқушылар берілген ресурс бойынша түсінгендерін айтып шығады.

Тақырыпты ашу үшін сюжетті әңгіме құрастыруға болады. Әңгімеде басталуы, шарықтау шегі және шешімі болады.

Басталуында Әбілқайыр хан қол астындағы халқынан салық төлеуді талап етуі туралы айтылады (электронды қосымшадан слайд-презентацияны қарау (8-слайдқа дейін) және оқулықтағы 1-азат жолды оқу).

Шарықтау шегінде Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілқайыр ханнан іргесін аударып, бөлек Жетісу өңіріне қарай бет алуы баяндалады.

Оқушыларға тапсырма: Өзіңді Керей немесе Жәнібек сұлтанның рөлінде елестетіп көр және көшпенді халықты өзіңмен ілесуге шақыратын үндеуді құрастыр.

Оқушылар Керей немесе Жәнібек сұлтандардың атынан былай деп үндеу құрастыра алады:

– Әбілқайыр ханнан кетейік! Ол – қатал, дүниеқор, сараң хан. Билеуші ретінде ол өз халқын жаудан қорғай алмады. Ойратпен болған шайқаста жеңіліс тауып, қалада бас көтермей

жасырынып қалды. Ал жау болса, біздің үйімізді тонады, бүкіл малымызды айдап кетті. Енді келіп хан бізге салық төле деп отыр. Біз қалай төлейміз? Немен төлейміз?

– Әбілқайыр – рақымсыз хан! Ешкім оның қол астында жайбарақат, тыныш өмір сүре алмайды. Ол барлығымызды жылатты. Халықтың ешқайсысы өзін қауіпсіз сезінбейді. Биліктің жолында қаншама адамды қырғынға ұшыратты. Бізге ондай ханның керегі қанша?

– Бізге басқа жерге қоныс аудару керек. Өз мемлекетімізді құрамыз, тату-тәтті, бақытты өмір сүреміз. Бізге жани ашитын, біздің жағдайымызды ойлайтын әділетті ханды таңдап аламыз. Көшпенділер Керей мен Жәнібектің шақыртуына үн қатып, Жетісу жаққа қарай бағыт алады. Бірақ алда не күтіп тұрғаны белгісіз еді.

Оқулықтағы иллюстрациямен жұмыс.

Мына суреттен жат жерге көшіп бара жатқан Керей мен Жәнібек сұлтандарды көріп отырсың.

Олар бір-бірімен не жайында әңгімелесіп бара жатыр, қалай ойлайсың? Екі-екіден жұмыс істей отырып, екеуінің арасында болған сұхбатты құрастырып көріңдерші.

Оқушылардың жауаптары.

Болашақты болжау. Жағдай ары қарай қалай дамиды, оларды жат жерде қандай кездесу күтіп тұр. Болжамдарыңды айтыңдар.

Оқушылардың жауаптары:

– жаңа жерде оларды дұшпандықпен қарсы алуы мүмкін;

– оларды достық кездесу күтіп тұруы мүмкін.

Мұғалім: Сендердің болжамдарыңды тексеру үшін оқулықтағы мәтінді оқимыз. Шешімі:

көшпелілердің Есенбұға ханмен болған достық кездесуі, ханның оларға Жетісудың батысынан

жер бөліп беруі, Қазақ хандығының құрылуы.

Мұғалім: Осылайша Қазақ хандығы құрылды. Бұл оқиғаның халық үшін қандай маңызы

болды?


Оқушылар:

– бұрын қазақтар басқа мемлекеттердің құрамында өмір сүрді, ал енді олар өз алдына бір

мемлекеттің астына бірікті.

– халық өз билеушісін өзі таңдады. Хандар елдің шегарасын жаудың шабуылынан қорғады.

– Қазақ хандығы басқа елдермен байланыс орнатты.

– Қазақ хандығы құрылған соң, халықтың мәдениеті, дәстүрі мен салты гүлдене түсті.

(ҚБ) «Шағын тест» стратегиясы. Оқушылардың Қазақ хандығының құрылғандығы жайлы білімдерін тексермек үшін мұғалім бір бет парақта шағын тестті орындауды ұсынады (орындалу уақыты – 5 минут):

1. Қазақ хандығы қашан құрылды?

А) 1435 жылы; В) 1455 жылы; С) 1465 жылы.

2. Қазақ хандығы қай жерде құрылды?

А) Шу мен Талас өзендерінің арасында; В) Еділ мен Жайықтың арасында; С) Сырдария өзенінің алқабында.

3. Қазақ хандығын қандай сұлтандар құрды:

А) Қасым мен Бұрындық; В) Керей мен Жәнібек; С) Тәуекел мен Есім.

4. Жәнібек пен Керей қай ханнан бөлек шығып, ірге аударды:

А) Жәңгір; В) Тақыр; С) Әбілқайыр.

5. Қазақ хандығы Қазақстанның қай бөлігінде құрылды: А) Батыс; В) Солтүстік; С) Оңтүстік шығыс (Жетісу).

Тапсырманы орындау (таңдау бойынша):

А. Тарих жұлдызы. Сұрақтарға жауап бер.

Практикум – оқулықтағы, электронды қосымшадағы датамен және картамен (В) жұмыс.

Дескриптор:

қазақ хандығының құрылу себептерін түсіндіре алады



ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет