Омбы – қазіргі Ресейдің қаласы Есіл-дерті – барлық ойы, көңілі 2.Оқушылар «Мәтіннің басты кейіпкері кім?» деген сұраққа
жауап береді.
(ЖЖ) «Есіңе түсір» айдары бойынша әдеби шығармадағы,
ертегілердегі кейіпкерлерді еске түсіреді.
Дескрипторы: Әдеби шығарма кейіпкерлері мен ертегі, мысалдардың
кейіпкерлерінің ерекшеліктерін айтады.
(Т) «Жоба жаса» айдары бойынша сағыныш сезіміне толы мысал әңгіменің жобасын құрастырады. Оқулықтағы суреттердің қайсысы сәйкес келетіндігін анықтайды.
Дескрипторы: 1. Суреттерден таңдау жасайды.
2. Өз таңдауын түсіндіреді.
3. Әңгіме жобасын құрастырады.
Дәптермен жұмыс. Дәптермен жұмыс мұғалімнің өз қалауы бойынша уақыттың қалуына байланысты орындалады.
Ой толғаныс
«Тыңда» айдары. Қ. Аманжоловтың «Туған жер» өлеңін аудиодискіден тыңдайды.
Өлеңнің сөзінен не түсінгендерін айтады. Ақынның қай сөзінен
сағыныш сезімін байқағанын айтады. Мұндай жұмыс түрлері
оқушыларды тыңдалымды мұқият түсініп тыңдауға
дағдыландырады.
(Т) «Алыс кетсем, мен сені аңсап жүрем,
Сағыныштың сазымен ән сап жүрем, туған жер»...
Өлеңді жалғастырып жаз.
Дескрипторы: Өлең жолдарын жалғастырып жазады.
ҚБ: «Оң көрші» әдісі бойынша бірін-бірі дескриптор негізінде
бағалайды.