Өткенді қайталау.
Оқушылар оқулықтағы №6 тапсырманы орындайды, берілген өлшем бірліктердің шамаларын анықтайды. Тапсырманы орындау үшін оқушылар шамалардың өлшем бірліктеріне қатысты біліктіліктерін қолданады (1дм = 10см = 100мм, 1м = 100см = 1000мм, 1км = 1000м).
Оқулықтағы №7 тапсырма ғылыми-зерттеушілік қабілетті талап етеді, оқушылар топпен орындайды. Қарбыздың салмағы 6 алманың салмағымен тең екеніне мән берсек, сәйкестендіргеннен кейін оқушылар 1 алманың салмағын анықтайды. 1 кг-да 5 алма болғандықтан, 1 алманың салмағын – 1000 г : 5. Кестеге сәйкес амалды қолданып, оқушылар бұл өрнектің мәнін ауызша есептейді.
|