Өздік жұмыс
Оқушылар оқулықтан №2 тапсырманы орындайды, өрнекті баған түрінде жазып, қалдықпен бөлуді орындайды.
Оқушылар №3 тапсырманы орындайды, есеп шығарады.
Қиындықтарды түсіндіру
Мұғалім тапсырманың дұрыс орындалуын тексереді.
– Кімде қиындық туындады?
– Қай жерден қате жібердіңіз?
– Жіберілген қатенің себебін анықтаңыз?
– Егер өздік жұмыста ешқандай қиындық туындамаған болса, өз мақсатыңызды нақтылаңыз.
(Қосымша тапсырма орындау).
– Қиындық туындаған оқушылардың ары қарайғы мақсаты?
(Қателерді түзету).
– Қателерді түзету алгоритмін қолданамыз.
– Әркім өзінің оқыту есебін айтады.
Мұғалім бағалау критерийлері бар дәптердегі тапсырманы орындауды ұсынады.
Мен:
Жазбаша түрде қалдықпен бөлу алгоритмін түсіндіруді;
Жазбаша түрде қалдықпен бөлу алгоритмін қолдануды;
Қалдықпен бөлуді тексеруді білемін.
|