Өткенді қайталау
Мұғалім баланың даму деңгейіне қарай жеке-жеке тапсырма береді.
Оқулықтағы №4 тапсырманы орындау барысында оқушылар есепті шығарады, шешуін өрнек түрінде жазады.
№5тапсырмада сызба бойынша есеп құрастыру талап етіледі, тапсырма топпен орындалады.
№6а), ә) тапсырмаларында оқушылар есепті өрнек түрінде шығарады.
№7а)тапсырмада оқулықтан тіктөртбұрышты пішіндегі жер телімінің периметрін есептеу керек.
№7ә) тапсырмада периметрдің дәл сол мәні бойынша тіктөртбұрыш туралы есеп құрастыру керек.
Оқушылар оқулықтан №8 тапсырманы орындайды, теңдеуді шешеді.
Мұғалім бұл теңдеулер деңгейінің қандай екенін сұрайды (қиындатылған). Оқушылар мынадай теңдеулерді шешу алгоритмін түсіндіреді:
1. Теңдеуді оқы.
2. Қай бөлігін жеңілдетуге болатынын ойлан.
3. Шығара алатын есептерді орында.
4. Шыққан қарапайым теңдеуді жаз.
5. Амалдың белгісіз компонентін табу ережесі негізінде теңдеуді шеш.
Оқушылар алгоритмге сәйкес теңдеуді шешеді.
Өздік жұмыс.
Оқулықтағы №9 тапсырмада оқушылар шамалар бойынша амал орындайды. Оқушылар аталған шамалармен өрнектің мәнін табу ережесін түсіндіреді. Атаулы шамаларды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу кезінде, жай сандармен орындалатын амал сияқты орындалады, жауап жазу кезінде сандық мәнге сол өлшем бірлік жазылады.
|