Өздік жұмыс
2,3-тапсырмалар өз бетінше орындалады.
Қиындықты түзету
Оқытушы есептің дұрыс-бұрыстығын тексереді.
Кімде қиындықтар туындады?
– Қай жерде қате жібердіңдер?
– Жіберілген қатенің себебі неде?
– Өздік жұмыста қателік жібергендер, өз іс-әрекеттеріңнің мақсатын тұжырымдаңдар.
(Қосымша тапсырмалар орындау).
–Есептеу барысында қиындық туындағандар, ары қарайғы жұмысқа мақсаттарың қандай?
(Қатемен жұмыс).
– Қатемен жұмыс амалын қолданамыз.
– Әркім өзінің оқу мақсатын айтады.
Оқытушы балалардың таңдауы бойынша дәптерге есеп орындауды ұсынады.
Мен істей аламын:
Есептеуде жазбаша көбейту және бөлу алгоритмін қолдана аламын.
Өткенді қолдану
Мұғалім оқушының білім деңгейіне қарай өздік жұмыс береді. Оқушыларға №3ә есебі бойынша алдыңғы есептерге ұқсас шығармашылық тапсырма беруге болады
Өздік жұмыс
№6-тапсырманы оқушылар күрделі теңдеудің шешу амалын шамалап талқылай отырып өз беттерінше орындайды.
4-тапсырмада оқушылар кесте бойынша есептерді құрастырып шешеді.
5-тапсырманы топпен орындайды.
8-тапсырма графикалық моделдеу әдісімен шешіледі.
Есептің шарты бойынша билетке кезекте тұрған бес баланың ретін анықтау керек.
Сондықтан кезектен Азамат пен Диас үшін орын белгілеу керек. Бірақ Диас Нұрәлінің де, Дарханның да, Азаматтың да жанында тұрмауы керек. Бұл тек Мұраттың жанында тұрғанда ғана мүмкін болады. Ал қалған балалар Мұраттың алдында тұрулары керек.
Енді кезектен Азаматтың орнын белгілеуіміз керек.
Тапсырманың шарты бойынша Азамат Нұрәлінің қасында тұрмауы керек. Демек Азамат Дархан мен Мұраттың ортасында тұрады.
--------- × --------- × --------- × ---------- × --------- × ---------
Нұрәлі Дархан Азамат Мұрат Диас
|