Жаңа білім мен тәжірибені қолдану
Жаңаны қолдану.
№ 2 тапсырма. Қалдықпен бөлуге мәтіндік есеп шығару ұсынылады.
№3 кестені толтыру тапсырылады.
Мұғалім сұрақ қояды:
–Біртаңбалы санға қалдықпен бөлуді қалай орындау керек екенін айтып бер?
–Тексеруді орындау үшін не істеу керек?
Өткенмен жұмыс.
№4 а) Есепті әртүрлі тәсілмен шығар.
Сен өзіңді кәдесыйлар дүкенінің сатушысымын деп есепте. Саяхатшылар 4 түйеден және 5 киіз үйден сатып алды. Егер кәдесыйлар дүкеніне 30 саяхатшы келген болса, сен қанша кәдесый саттың?
Есептің мәтіні кішкене шатасқанына назар аударайық. Бірақ өмірлік жағдайды ұсынады. Өрнек үлгісін құрастыр:
30•(4+5)
Шығармашылық деңгей: ә) есептің санды деректерін өзгертіп есепті қайтадан шығарады.
№5, 6 тапсырма есептеу тәсілдерін үйрену үшін берілген. Балаларды жылдам есептеуге дағдыландыру керек. Мықты балалардың қатарынан балаларды кеңесші ретінде тағайындайды.
|