Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.
Оқушылар оқулықтан №4 тапсырманың алдыңғы екі бағанын орындайды, өрнектерді баған түрінде жазады және екі таңбалы санды бір таңбалы санға разряд арқылы өтумен жазбаша көбейту мен бөлу алгоритміне сәйкес жазып есептейді. Көбейтуді бөлумен, бөлуді көбейтумен тексереді.
Өздік жұмыс
Оқушылар оқулықтағы №4 тапсырманың қалған екі бағанын орындайды, өрнектерді баған түрінде жазады және екі таңбалы санды бір таңбалы санға разряд арқылы өтумен жазбаша көбейту мен бөлу алгоритміне сәйкес жазып есептейді.
Жаңаны қолдану.
Оқушылар оқулықтан №6 тапсырманы орындайды, есепті жұптасып орындайды.
Әр жұп өзіне жұмыс түрін таңдайды.Жұппен жұмыс түрін қолдану кезінде «материал элементтерін бөлу», бір оқушы барлық жауапкершілікті өз мойнына алады, ал екінші оқушы– бақылайды. «Амал бойынша» деген жұппен жұмыс түрін қолдану барысында бірінші оқушы түсіндіреді, екінші оқушы жазады, бірінші оқушы келісетінін не келіспейтінін айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |