Семей қ. «ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ КОЛЛЕДЖІ» КМҚК
Ашық сабақ
Пән:«Биология негіздеріндегі химия»
Тақырыбы: Генетикалық есептер шығару.
Оқытушы: Касымжанова Ш.А.
Сабақтың тақырыбы: Генетикалық есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың генетика ғылымының негізгі ұғымдары туралы білімдерін тереңдету .
Генетикалық есептер шығару арқылы теориядан алған білімдерінің негізгі түйінін түсінуге, оның мәнін терең ұғынуға көмектесу. Оқушылардың генетика заңдылықтарының жолын меңгеруі үшін, әр түрлі типтегі есептерді сауатты шығаруға бағыт беру.
Дамытушылық: Оқушы бойында ұжымдасып жұмыс істеу,басқаларды тыңдау,өз көзқарасын дәлелдеп қорғай білу біліктілігін дамыту және генетикалық терминология мен символика ұғымдарын жетілдіру.Өмірмен байланыстыра отырып, оқушылардың танымдық ой-өрісін, іс-әрекетін, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, тереңдету,іздендіру, өзін-өзі дамытуға тәрбиелеу.
Тәрбиелік:Өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың методикалық және дидактикалық жабдықталуы:
1.Оқулық «Биология» -10сынып, СартаевА.,ГильмановМ.
2.Презентация « Генетикалық есептер шығару»
3.Әдістемелік нұсқаулықтар, дидактикалық таратпалар.
4.Видеокөрініс «Балық қабыршақты бала », « Қартқа айналған Нұржан ».
Құрал-жабдықтар:
1.Химиялық ыдыстар: Петри табақшасы,күріш дәндері,үрмебұршақ тұқымдары.
2.Құралдар: микроскоп,дайын микропрепарат «Дрозофила шыбыны».
Сабақ типі: Білімді іс-тәжрибеде қолдану сабағы Сабақ түрі :Тәжрибелік жұмыс
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, зерттеу, бақылау, салыстыру.
Пәнаралық байланыс:математика,физика,тарих.
Cабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі -2мин
Топты түгендеу
Сабаққа әзірліктерін тексеру
Қауіпсіздік ережесі
ІІ.Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру-18мин
А. «Лездік сұрақтар»– 3мин
Ә. «Тізбектей жалған » ойыны (ауызша,жазбаша-тақтада)- 9мин
Б. « Біліміңді тексер »- сынақ сұрақтары ( 2 нұсқа ) 6 мин
ІҮ . Студенттердің білімін өзектілеу.Видеокөрініс «Балық қабыршақты бала»,«Қартқа айналған Нұржан »5м . Ү.Жаңа білім негіздерін игерту- 48мин
1.Теориялық бөлім -10мин
2.Тәжрибелік жұмыс Генетикалық есептер шығару – 33мин
VІ. Бекіту (Ауызша ,жалпы сұрау)-7мин
VІІ.Бағалау. Қорытындылау.-3мин
VІІІ.Үйге тапсырма-2мин
Cабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу. Оқушыларды бүгінгі сабақ жағдайына бейімдеп, дайындау.
ІІ.Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау
А) Ауызша сұрау «Лездік сұрақтар»
1.Глюкозаның молекулалық формуласы қандай?(С6 Н12 О 6 ) 2.Карбон қышқылдарына анықтама бер?
3.Этикеткасы жазылмаған ыдыстағы заттың альдегид екенін қалай анықтаймыз?
4.Формальдегид,құмырсқа альдегиді,метанальдың формуласын ата?(НСОН)
5.Қандай көп атомды спирттерді білесің?(глицерин мен этиленгликоль)
6.С 6 Н5 ОН- қай органикалық заттың формуласы?(фенол)
7.Гүлдер мен жемістер құрамында болатын парфюмериялық заттарға хош иіс беретін органикалық қосылыстар ? ( эфирлер)
8.Сірке қышқылының физикалық қасиетін сипатта?(өткір иісті,түссіз,сұйық)
9.Крахмалға сапалық реакцияны ата? (иод тамызғанда көгереді.)
10. Майларды күрделі эфирлер деп те атайды? Неліктен?(себебі карбон қышқылдары мен глицериннен тұрады.)
Ә) Топпен жұмыс «Тізбектей жалған » ойыны (ауызша,жазбаша-тақтада)-10мин
Мына өзгерістерді жүзеге асыр және түзілген өнімді ата?
1топ С2 Н6 --- С2 Н4 --- С 2Н5 СІ—С2 Н5 ОН--- С Н3 СОН--- СН3 СООН -- СН3 СООNa
С2 Н5 ОNa
2 топ С2 Н4 --- С2 Н6 --- С 2Н5 СІ—С2 Н5 ОН--- С2 Н4
С2 Н5 –О- С2 Н5
3 топ
CH3Cl→CH3OH→CH3 –О – CH3
O O
CH4 // //
H – C → H – C → ( НСОО)2 Мg
\ \
H OH
Б) « Біліміңді тексер »- сынақ сұрақтары ( 2 нұсқада )
Тест 1нұсқа
1. Спирттер класының функционалдық тобы:
A. Гидроксил;
Ә. Карбоксил;
Б. Карбонил;
B. Формил;
Г. Ацетил.
2.Күміс-айна реакциясына қандай өндіріс саласы негізделген?
A. Пластмасса өндірісі;
Ә. Каучук өндірісі;
Б. Талшық өндірісі;
B. Шыны өндірісі;
Г. Айна мен шырша ойыншықтарының өндірісі.
3. Мына заттардың қай жұбы альдегидтерге жатады?
A. CH3COOH, СН3СОСН3;
Ә. СН3СОН, СН3СОС1;
Б. СН3СОН,С2Н5СОН;
B. СН3СОС1, СН3СН2ОН;
Г. СН3СОСН3, СН3 - О - СН2С1.
4.Жай эфирлердің формуласы:
A. RCOOR;
Ә. ROR;
Б. R - CH2OH;
В. R - CH2CN;
Г. RCONH2.
5. Сұйық сабынның қатты сабыннан қандай айырмашылығы бар?
A. Айырмашылығы жоқ;
Ә. Сұйық сабын жақсы көпіреді;
Б. Қатты сабын суда жақсы ериді;
B. Сұйық сабын - калий стеараты (С17Н3,СООК), қатты сабын - натрий стеараты (C17H35COONa);
Г. Қатты сабын кальций стеараты.
6.Глюкозаның формуласы:
А. С6Н12О6;
Ә. С6Н12О 6;
Б. С 12Н22О 11;
В. С5Н10О5;
Г. С6Н702(ОН)3.
7.Спирттердің жай эфир түзу реакциясын анықта:
A. С2Н5 ОН + CH3OH →
Достарыңызбен бөлісу: |