ІІІ.Жаңа тақырып:«Көшбасшылық жасау»
«Мозайка» әдісі арқылы топқа бөлдім. Оқушылар қима суреттерді құрастыру арқылы
Уақыт, Кеме, Теңіз топтарына бөлініп отырды. Сындарлы оқыту бойынша «өмір» құндылығы туралы ойларын білу және сабақтың тақырыбын тереңірек ашу мақсатында АКТ-ның көмегі арқылы «Көр,талқыла» әдісі негізінде «Бәрі өз қолыңда» бейнебаянын көрсетім.Сабақта АКТ –ның мүмкіндіктерін қолдану оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, сыни ойлатып, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар сабағымда талдау барысында сұрақ -жауап әдісін қолдандым. «Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда ғана сабақ берудің тиімді құралына айналады («Мұғалімге арналған нұсқаулық» 41 бет). Сұрақтарды қоя отырып, адам өміріндегі рухани байлықтың маңыздылығы туралы әңгіме жүргізілді.
- Шәкірттің ойы қандай болды?
-Шәкірт не себепті мұндай қадамға барды деп ойлайсыңдар?
-Егер бала көбелекті өлтіргенде не болар еді және өмірде қандай адамға айналар еді?
-Адам баласы не үшін өмір сүреді?
-Сендердің өмірдегі мақсаттарың қандай?
Оқушылар тақырып бойынша өз көзқарастарын білдірді.Өмірлік ұстанымы және мақсаттары туралы, жеке ойларынмен бөлісті.
ІV.Дәйексөзбен жұмыс:«Құндылық спекторы» арқылы Шәкәрім Құдайбердіұлының «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады,олар барлығынан басым болатын-адал еңбек,мінсіз ақыл,таза жүрек»деген нақыл сөзімен танысып оның мағынасын қалай түсінетіндерін айтты.Нақыл сөзде айтылған адамның жақсы өмір сүруіне негіз бола алатын адами қасиеттердің мәнін ұғыну оқушылардың өз бойларында адамгершілік қасиеттерді дамытуға ықпал етеді.
V.Сергіту жаттығу:Сонымен қатар сабақта тақырыпқа сай интерактивті тақтаны пайдалана отырып,музыка әуенімен «Шөжелер»биі сергіту сәтін ұйымдастырдым.Оқушылар көрсетілген анимациялық сурет бойынша қимыл-қозыс жаттығуларын жасап көңілдерін сергітті.
VІ.Мәтінмен жұмыс: «Шегенің ізі» Оқушылар әңгіме мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере отырып,өмірдің мәні туралы пікірлерін ортаға салды.
Әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар:
- Қалай ойлайсыздар, қарт баласын ұстамдылыққа қалай үйретті
-Ашуыңды ақылға жеңе біл дегенді қалай түсінесіңдер?
-Осы әңгімеден қандай ой түйуге болады?
(Оқушылардың жауаптары тыңдалды)
VІІ.Шығармашылық жұмыс : «Менің түсінігімдегі өмір» тақырыбында шығарма жазуға тапсырма бердім.Тапсырманы орындау барысында , сыни тұрғыдан ойлау қабілетін: тыңдау мен зерттеу арқылы білім алу, шешім қабылдауға пайдалы кеңес бердім.Оқушылыар өздері өмірлік ұстанымдарын айқындай түскендей болды. Шығармашылық жұмысты алған білімдерін жинақтап,ой елегінен өткізе отырып орындады.Жазған шығармаларын әр топтан бірнеше оқушы
оқып шықты.
Достарыңызбен бөлісу: |