Алдаберген Бисенов атындағы № 38 орта мектеп
Ашық сабақ
Пәні: Тіл дамыту
Тақырыбы: Көктем
Сыныбы:Мектепалды даярлық тобы
Сынып жетекшісі: Асарова Бақыт
Бекітемін:
Бастауыш сыныптар жөніндегі
орынбасары: З.Рысбаева
Білім беру саласы: Қатынас
Бағдарлама тараулары: Тіл дамыту
Тақырыбы: Көктем
Мақсаты: Балалардың көктем мезгілітуралы білімдерін кеңейту. Сөздік жұмыстары арқылы сөздік қорларын молайтумен бірге есте сақтау қабілеттерін дамыту, берілген сұраққа нақты жауап беруге үйрету. Құстарға, ағаштарға қамқор еңбекқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Көктем мезгілінің суреті, суреттер, слайд.
Оқу іс – әрекетінің барысы:
І. Кіріспе бөлімі:
ІІ. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІІ. Шаттық шеңбер
Мына сұлу әлемде
Адам өмір сүреді
Үлкен менен кішіге
Күн сәулесін төгеді
Күнге қол бұлғайық! Әр бір адам күннің көзіне қарап қуанады. Ол бізді өзінің жылуымен жылытып, біздің тезірек өсуімізге көмектеседі.
Психологиялық сәт: «Ауа райы» ойыны.
Күн ұйықтады
Күн оянды
Жел тұрды
Бұлт шатырлады
Жаңбыр жауды
Күн ашылды.
Балаларға сұрақтар қою.
Жыл мезгілі нешеге бөлінеді? (жыл мезгілі 4 ке бөлінеді)
Жыл мезгілін атаңдар. (Күз, қыс, көктем, жаз)
Суреттен қандай жыл мезгілін көріп тұрсыңдар?
Жұмбақ
Бұлтты айдай желдеткен
Нөсерлеткен селдеткен
Шалшық кешіп ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Көктем)
Бұл көктем мезгілі. Көктем екенін қайдан білдіңдер? Өйткені жердегі мұз, қарлар еріп жатыр. Ағаштар бүршік ата бастаған. Балалар құстарға ұя салып жатыр.
Біз бүгінгі тіл дамыту сабағында «Көктем» тақырыбында әңгіме жүргіземіз.
ІІ. Негізгі бөлім.
Көктем мезгілін жақсы көресіңдер ме?
Иә бізге көктем мезгілі ұнайды.
Көктем нұры қуатты
Қарлар еріп, су ақты
Күн күлімдеп төбеде
Төгіп тұр ғой шуақты
Құстар келіп ән салып
Дала толды гүлдерге
Осы шақты аңсадық
Ғажап қой бұл білгенге – деген жырға қосыламын.
Көктем жылдың төрт мезгілінің бірі. Көктем наурыз, сәуір, мамыр айларын қамтиды. Қыс мезгілінен кейін келетін жазға дейінгі кезең. Көктемде күн ұзарып, ауа райының жылынуынан мұздар, қарлар еріп, су болып, сай – салаға ағады. Жануарлар да қысқы ұйқыларынан оянып, тіршілігін бастайды. Жыл құстары туған өлкеге қайта оралады. (Суреттерін көрсету)
Ағаштар бүршік жарып, гүлдене бастайды. Көктемнің алғашқы гүлі – бәйшешек, қызғалдақ, сарғалдақ шыға бастайды. (гүлдердің суретін слайдтан көрсету)
Менім қолымда бірнеше гүлдер бар. Сабаққа жақсы қатысқан балаларға, сабақ сөңында сыйға беремін.
Оқулықпен жұмыс.
«Көктем» Б.Жақып
Көктем келді бүгін
Күнім төкті нұрын
Сайрап барлық құстар
Ән салуға құштар
Сергіту сәті.
Шомылып нұрға атырап
Ағаштар жайды жапырақ
Далаға бірден таралды
Гүлдерден жұпар шашырап.
Ал, балалар көктем мезгілінде тойланатын мерекелерді айтыңдаршы.
8 наурыз – Аналар мерекесі және 22 наурыз Ұлыстың ұлы күні. (Слайд)
Көктемде сонымен қатар көктемгі еңбек басталады. Жер жырту, ағаш отырғызу, егін егу, ауыл шаруашылығы жұмыстары және т.б.
ІІІ. Қорытынды бөлімі.
Жұмбақ
Өзі сондай нәзік
Су құйсаң кетеді
Алақанын жазып (Гүл)
Кім көктем туралы қандай тақпақ біледі?
Көңілді көктем далаға
Келді сұлу шағала
Аспандағы ақ құстар
Ауылымды аралар
Ойын «Күн мен түн»
«Күн» дегенде бастарын көтереді
«Түн» дегенде көздерін жұмады.
Бекіту сұрақтары.
Қандай жыл мезгілі туралы айттық?
Көктем айларын атаңдар.
Сабаққа түгел жақсы қатыстыңдар.
Мен сендерге гүл таратып беремін. Сау болыңдар!
Достарыңызбен бөлісу: |