Сабақтың тақырыбы: Құстар біздің досымыз. Мақсаты



Дата19.12.2016
өлшемі237,74 Kb.
#4230
түріСабақ
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы,

Милы орта мектебінің бастауыш класс

мұғалімі Сқақова Гүлмайрам

Сабақтың тақырыбы: Құстар біздің досымыз.

Мақсаты:

а) білімділік: Барлық тыныс-тіршіліктің бастауы көктем ерекшелігімен таныстыру, құстар туралы білімдерін кеңейту, құстардың атын, маңызын, ерекшеліктерін білу.

ә) дамытушылық: Оқушылардың таным белсенділігін арттырып, ойлауын, тілін дамыту.

б) тәрбиелік: Құстарды қарсы алып, қамқорлық жасауға, оларды қорғауға тәрбиелеу. Халық қазынасы мақал, ырым-тыйым, жұмбақ, болжамдарды тиімді пайдалана білу.

Әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын, сахналау, топтастыру.

Көрнекілігі: «Көктем» атты плакат, құстардың суреті, бүктемелер: «Қанатты достар», «Жыл құстары», «Қыстайтын құстар», «Құстар туралы оқығың келсе...». Құстар әлемі, «Мұны білесің бе?», «Халық болжамдары».

Сабақтың барысы:

І. Алғашқы ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Ой шақыру (кіріспе)

Қары кетіп даланың,

Ауылдарда су ақты.

Ақ жүзіндей ананың

Күндер келді шуақты

Бұл қай кезде болады? (көктемде)



  • Ендеше, көктем айларын кім атайды? (наурыз, сәуір, мамыр). Плакат ілініп көктем туралы білетіндерін сұраймын, топтастырамыз.




Хор: «Көктем вальсі»

Көктем: Сәлем, достар, аман ба?

Мынау бейбіт заманда.

Шат-шадыман көктемнің

Шаттық болсын қашанда.


Ән құрадым үніммен,

Сән құрадым гүліммен.

Қуантамын бәріңді

Құт мереке күнімен.



Оқушы: Сәлем, елдің көктемі,

Әлем енді көктеді.

Құрметпенен бас идік,

Құстарына көктегі.



Көктем: Рахмет балалар,

Сендерде ой сана бар.

Бау-бақшаның дұшпанын,

Бастырмайды құстарым.

Кербез құстар әнімен

Келді, міне сәнімен!



Хормен: Құстар, құстар келеді!

Жерді шуға бөледі.

«Көктем келді» - деп бізге,

Жақсы хабар береді.


ІІІ. Мұғалім: - Құстар келді, ендеше бүгінгі сабағымыз құстар туралы болмақ.

«Құстар біздің досымыз!»

Оларды қарсы алайық.


  • Балалар, жылы жаққа кетуінің себебін білесіңдер (жемнің азаны, күн салқындап, құрт-құмырсқалар, жәндіктер тығылып қалды, су қатты). Ал көктемде қайта оралу себебі не? (ол жақ ыстық болғандықтан, жұмыртқалары шіріп кетеді де, ұрпақ өрбіте алмайды.) Сондықтан туған жерге қайта оралады.

Оқушы: Халық «көкек келді – көктем келді» - дейді. Қадірі мен қасиеті онша емес, осы бір құстың аты неліктен ең тамаша ай атына теңеу болады екен?

Көкек: Жаршысымын көктемнің

«Көкек» дейді мені жұрт.

Өз атын айтар құс менмін

Көктемді күтсең мені күт.

Өз ұрпағыма ұқыпсыз болсам да мен де пайдалы құспын. Күніне 39 шегіртке, 43 құрт, 53 шытырлақ қоңыз т.б. зиянды құрттарды жеймін.

Қараторғай:

Пайдалы құстың бірі – қараторғай, көктем жаршысымын. Әрбір күн сайын әртүрлі 3000 жәндікті жоямын.

Шегірткедей жұтыңды,

Қырғи болып қырамын.

Егістікке, жайылымға

Қорғаушы боп тұрамын.


Насекомды зиянды

Құртатұғын батырмын.

Дайындайтын ұямды

Достарға келе жатырмын.



Қарлығаш:

Қарлығашпын мен,

Адамның тұрағын

Мекен етіп тұрамын.

Тазалаймын үй ішін,

Шыбын деген кеселден.

Бір қарлығаш бүкіл жаз бойы 1 млн құрт жейді деп ғалымдар зерттеген.

Аққу: Құс сұлуы аққумын,

Табиғат көрік сыйлаған.

Мылтығын кезеп еш мерген

Атуға көзі қимаған.

Сұлулықты паш етіп,

Жырлаған талай ақындар.

Нәзік үнді, көл көркі,

Құс патшасы мен болам.



Мұғалім: Су айдындарының көркі – ару аққулар. Аққу – құс төресі, бақыт бастамасы, жақсылық пен татулықтың символы. Оған мылтық кезеп, оқ атпаған (бүктеме көрсету)

  • Балалар, құстарды қалай қарсы аламыз? (ұя жасап)

  • Ол үшін біз жыл құстары әкелген тапсырмаларды орындайық:

  • Одан бұрын сендерге құстар туралы мәліметтер берейін.

Қазақстанда 474 құстың түрі тіршілік етеді. Бұлар сәуір айында біздің өңірге ұшып келеді. Зиянды жәндіктерді құртып, кемірушіні құртып, егін мен орманды, бақты қорғайды. Өсімдік тұқымын басқа жерге таратады.

ІҮ. Бүктеме бойынша әңгіме

Ү. «Мұны білесің бе?» /таныстыру/

ҮІ. «Халық болжамдары» - табиғат қорғау дәстүрінің бірі. Оны бекерге айтпаған, тыйым сөздерді де түсіндіріп отырған. /плакаттан оқу/

ҮІІ. Жыл құстарының тапсырмасын орындай отырып ұя жасау.

1-тапсырма: Ән айту. «Көктем» -Сағдат

2-тапсырма: Жұмбақ шешу (бәрі)

3-тапсырма: Көрініс «Кім кінәлі?»

4-тапсырма: «Қарға қалай алданды?» (әңгіме құрау, топтық тапсырма)

5-тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу.

«Бәйшешек» - Амангүл

«Келіңдер, құстар!» - Фарида

«Құстар келді» - Сағдат. (ұя дайын, талға ілінеді)



Ойын: «Ұшты, ұшты»

ҮІІІ. Қорыту.

  • Сонымен, балалар бүгінгі сабақта құстар туралы не білдік? Жинақтайық.




  • Жарайсыңдар, балалар!

Ей, қазақтың ұланы

Болғайсың дала қыраны.

Жер-суын қорғау бабаңның

Емес пе еді ұраны!


Хор: «Ақ көгершін»

(қолдарына көгершін суретін ұстап)


ІХ. Үйге: Құс, көктем тақырыбына сурет салу, құс туралы 1 әңгіме оқу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет