Сабақ реті 21 Пәні физика Сынып 7 Күні: 20. 11. 15ж



Дата10.03.2017
өлшемі22,46 Kb.
#11195
түріСабақ
Сабақ жоспары

Сабақ реті_21 _ Пәні физика _ Сынып 7 Күні: 20.11.15ж
Сабақ тақырыбы: §§17. 18. Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.

Сабақ мақсаты:

1. Бір қалыпты және бір қалыпты емес қозғалыстар, жылдамдық, жылдамдық бірліктері туралы түсінік алуға жетелеу.

2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.

3. Оқушының зейінін, ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту.



Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: слайд, оқулық, сызбалар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу; 
2. Оқушыларды түгендеу; 
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру; 
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері); 
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. 

ІІ. Өткен тақырып бойынша қойылатын сұрақтар:

  • Материялық нүкте деген не?

  • Қозғалыс траекториясы дегеніміз не?

  • Траекторияның пішіні санақ жүйесін таңдап алуға туелді бола ма? Мысал келтіріңдер.

  • Сағат тілінің қозғалыс траекториясы қандай?

  • Орын ауыстыру деп нені айтады?

  • Жүрілген жол дегеніміз не?

.

ІІІ. Жаңа тақырып.

Дененің уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе, ондай қозғалыс бір қалыпты қозғалыс деп аталады.

Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды.

Бірқалыпты қозғалатын дененің жылдамдығын анықтау үшін оның берілген уақыт ішіндегі орын ауыстыруын сол уақыт аралыған бөлу керек.



υ=ℓ/t

Бірліктердің халықаралық жүйесінде жылдамдықтың бірлігіне секундына метр м/с алынады. Бұл жылдамдық бір қалыпты түзусызықты қозғалатын нүктенің 1с ішінде 1 метрге орын ауыстыратынын білдіреді.



S=υt

t= s/υ

ІІІ. Пысықтау.

    1. Бір қалыпты қозғалыс дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.

    2. Бір қалыпсыз қозғалыс дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.

    3. Қозғалыс жылдамдығы дегеніміз не? Формуласын жазыңдар.

    4. Жүрілген жолды қалай өрнектеуге болады?

    5. Қозғалыс уақытын қалай анықтауға болады?

    6. Жылдамдық өлшем бірлігі қандай?

IV. Есептер шығару.

5-жаттығу. №1, №2.



V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: §§17. 18. Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері. Сұрақтарға жауап беру, есеп шығару.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет