Сабақ реті: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Карменова Галина Нураждаровна



бет3/4
Дата29.03.2017
өлшемі0,66 Mb.
#12733
түріСабақ
1   2   3   4

Тапсырма:

І Зерттеу

Оқушылар Махамбет Өтемісұлының тәуелсіздік пен еркіндік тақырыбын жырлаған шығармалары мен ақынның өзі өмір сүрген тарихи кезеңге сипаттама береді, зерттейді.



І Зерттеу

Тарихи сипаты

Әдеби мұра

Қоғам. Оқиға. Тұлға.

ХІХ ғасырдың І жартысындағы қазақ қоғамында іргелі өзгерістер өріс алды:

  • Қоқан хандығы 1814-1815 жж. Түркістан,Жетісуды күшпен бағындырды;

  • ХІХ ғасырдың І жартысында Ресей отарлау саясатының зардаптары күшейе түсті.

  • ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінен бастап, Ресей патшалығының отарлауы мен феодалдық қысымдарға қарсы күрестер, қозғалыста етек алды;

  • Көтеріліс жеңілгеннен кейін Махамбет ел ішінде жүре алмайды. Бір күні Баймағамбет пен Махамбет оңашада кездесіп қалады. Батыр үйге қару –жарағын тастамай кіреді. Баймағамбет батырдан «Исатаймен бірге не мақсатпен күреске шықтыңдар?»-деп сұрайды. Батыр «Менің сөзім сізге жақпас»,- деп айта қоймайды. Сұлтан қайта – қайта өтініш қылады. Сонда Махамбет Исатайды жоқтап, «Баймағамбет сұлтанға айтқаны » атты өлеңі дүниеге келген екен. Баймағамбеттің алдындағы жас төрелер ашуланып қызған кезде, сұлтан «Бұлай айтпаса Махамбет батыр болар ма, батырдың сөзін көтермесем мен хан болам ба»,- деген екен.




Мазмұн. Тақырып. Идея.

«Бағаналы терек» өлеңі

Өлеңнің мазмұны:

Өлеңнің тақырыбы:

Өлеңнің идеясы:


« Мен едім» өлеңі

Өлеңнің мазмұны:

Өлеңнің тақырыбы:

Өлеңнің идеясы:

«Баймағамбет сұлтанға айтқаны» өлеңі

Өлеңнің мазмұны:

Өлеңнің тақырыбы:

Өлеңнің идеясы:


Тапсырма:

Оқушылар Махамбет шығармаларындағы тәуелсіздік пен еркіндік айтылған пікірлер, деректер мен дәйектерді топтастырып, саралап, тарихи, әдеби маңызын анықтайды.



ІІ Зерделеу

Тарихи деректер

Әдеби дәйектер

Тарихи деректер 1836-1838 жж. Бөкей ордасында болған көтерілістің қозғаушы күші шаруалар болды. 1837 жылы хан сарайын 2 мың көтерілісші қоршап алды. Орынбор генерал-губернаторының көрсетуі бойынша Исатай Тайманов сотқа тартылды. 1837 жылы 15 қазанда Исатай мен Махамбет бастаған қол Теректіқұмда Балқы бидің ауылын шапты. Исатай көтерілісін тездетіп басуға Кенесары қозғалысының кіші жүзді шарпуы әсер етті. Подполковник1836-1838 жж. көтеріліс бойынша сот ісін басқарды. 1837 ж. қарашада Исатайдың под-полковник Геке мен Жәңгірдің біріккен әскерімен шайқасы болды.

ХІХ ғасырдың І жартысында қазақ қоғамында, бір жағынан, Қоқан хандығының, екінші жағынан, Ресей патшалығының отарлау саясатының өріс алды.
ХІХ ғасырдың басында патша үкіметі қазақ елін басқарудың жаңа жүйесін қалыптастырып, қазақ елі өзін-өзі басқару құқығынан айрылып, аға сұлтандық әкімшілік-басқару тәртібін орнату жобасын жүзеге асыра бастады.
Қазақ даласында капиталистік элементтер бой көрсете бастады. Жаңа қоғамдық қатынастар халыққа жайлы болмады, тұрмысы күннен-күнге нашарлай бастады, әсіресе, халықты есепсіз салық титықтатты.

Шашақты найза шалқар күй

Әбіш Кекілбаев, халық жазушысы

Қай халықтың да қадір тұтары - өзінің сөзін сөйлеп, кегін қуар ақыны мен батыры. Екеуі де тек халықтың ғана бойынан табылар сарқылмас жігер мен шабыттың, сана мен сабырдың, тәуекел мен арманның түлегі. Екеуі де жұртын елдікке бастаса, қайсыбір жұмыр басты пенденің болсын өресі жетпес ерен ерлікке, кемел кісілікке бастары хақ. Екеуі де тасқындаған қайраттың ғана емес, ең алдымен, кең толғап, кемсіз пішер кемеңгер ақылдың көрінісі. Ал, осы екі қас қасиет бір адамның басына сыйып, бағына бітсе ше… Онда таңданатын не тұр! Тек батыр бас тігер көзсіз ерлікке алдымен ақынның дәті барып, қа-рымдас халқына жар салса, тек ақынның асқақ шабытына лайық нар тәуекелге тек батыр ғана бел буар болса, одан жарасым-ды, одан ғанибет не болушы еді

Дәуiр толғағының тұлғасы

Ақселеу Сейдiмбек, филология ғылымының докторы.

Көшпелiлер болмысындағы кезеңдiк мәнi бар iрi құбылыстар әсте өз төңiрегiмен ғана шектелмейдi, әсте өз уақытының ая-сында тани қоюға көнбейдi. Ондай құбы-лыстардың тамыры ғасырларды көктей өтiп, тұтас дәуiрлiк үрдiстермен астасып жатады. Мұның жарқын айғағы- Өтемiсұлы Махамбеттiң (1803-1846) өмiрi, оның тал бойы мен тағдырында тұтас дәуiр бол-мысының көрiнiс табуы.

Махамбет- азаттықты көксеген курескер, қол бастаған батыр, құдiрет ақын, дәулес-кер күйшi. Мұның бәрi рас. Алайда, дәл осылай жiлiктеп, бiртұтас құбылысты бөл-шектеп танимыз десек, онда Махамбет бойындағы осынау қасиеттердiң сыр-себебi, мән-мағынасы толық ашылмас едi. Махам-бет әлемiн оның жеке басына таңырқау ар-қылы тану, жеке басын марапаттау арқы-лы түсiну мүмкiн емес. Керек десеңiз, Ма-хамбет болмысын танып-түсiну үшiн тек қана өзi өмiр сүрген заман мен қоғамды са-ралаумен шектелуге де болмайды. Өйткенi, ол - тұтас бiр дәуiр толғағы дүниеге әкелген ұлы тұлға.

Тапсырма:

Оқушылар Махамбет Өтемісұлының шығармаларындағы тәуелсіздік пен еркіндік туралы айтылған пікірлерді, деректер мен дәйектерді жүйелеп, ой тұжырымдайды, қорытындылайды.



Ой үндестігі


«Баймағамбет сұлтанға айтқаны» өлеңі



«Бағаналы терек» өлеңі

«Мен едім» өлеңі






Өлеңдегі ақын көзқарасы : Өлеңдегі ақын көзқарасы

Өлеңдегі ақын көзқарасы:

Тарихи кезең

Түйін

Тапсырма:

Оқушылар Махамбет ақынның үш өлеңдегі заманға көзқарасын нақтылап, ортақ тақырыпты анықтайды. Өлеңдерді өзара салыстыра отырып, ой үндестігін табады, түйін сөз жазады.



ІІІ Түйіндеу

Тұжырымдау

МАХАМБЕТТІҢ ЖЫР – ЖЕБЕСІ

И. Тасмағамбетов, қоғам қайраткері

Кез – келген тарихи, яки болмаса шығармашылық тұлға тек өз халқының інжу – маржаны ғана емес, жалпы адамзаттық бастау ретінде «әлем азаматы» санатында болып әр кезеңдегі, әр алуан халықтың мәдениетін тоғыстыратын буын болатыны қақ. Міне, осы пікірге әлемдік қауымдастық ЮНЕСКО шеңберінде 200 жылдығы тойланып отырған дара тұлға, қазақтың ұлы ақыны, бостандық пен еркіндік үшін күрескер Махамбет Өтемісұлы да тұтастай жатады.

Поэзиялық мәдениет, өлең – жыр құрастыру өнері, ұшқыр суырып салмалық, сөз сайыс – түркі көшпенділерінің ұрпақтан – ұрпаққа беріліп келе жатқан көне дәстүрі, ол ғасырлар бойы классикалық жанрлар мен олардың нұсқаларын, өмірдің идеялық жан тебіренісінің бағамын, көркем түрлерін, этникалық біргейлігін т.б. канондарын айқындап, бойына сіңірді.

Махамбет сөз жоқ, көтерілісші елдің ақыны болды. Ол ақсүйек феодалдарға қарсы күрескен қазақ еңбекшілерінің арманын, ойын мұңын жырлады. Оның үгіттік лирикасына тақырып болған да-осы халықтық мәселелер. Оның үгіттік күшінің де қандай дәрежеде екенін айқындайтын ерекшелік те ақынның өлеңдеріндегі жұртшылық, тілегімен қабысып жатқан идеясымен қабысуында. Жауынгер батыр тек қана қылыш, найзамен ғана жауға шапқан жоқ, ол өзінің жалынды өлеңдерімен де дұшпанын найзалай түйреп, езілуші халықтың ой-сезімін оятты. Бұл жолда оның өлеңдері таптырмас күшті құралдың бірі болды. Өзі үгітшілік өлеңдері үгіт ролін атқарды. Бірақ, Махамбет өлеңдері жай ғана үгіт емес, ойға, сана-сезімге эстетикалық азық боларлық дәрежеге көтерілді.

Махамбет халық көңілінің тұнығындағы ең асылын – еркіндікті, теңдікті, жақсы тұрмысты аңсаған арманын, ата жауына деген қаны қатқан өші мен кегін, азаматтың антқа берік адалдығы мен арыстандай ерлігін көкке көтере мадақтады. Ақынның қызыл оттай қызулы, қылыштай өткір, селдей серпінді сөздері қараңғыда алдан жарық күнді қармаған қалың қазақтың ақ жүрегіне толқу салды, ер көңіліне жел берді


Қорытындылау

Ерлік пен елдіктің өшпес рухы

З. Қабдолов, халық жазушысы, академик

Ақын болу – бір бар; ал оның үстіне батыр болу ше? Және де ақын – ақын, батыр – батыр қалпында бөлек – бөлек тұрып қалмай, ақындық пен батырлық бір тұлғаның табиғатында ару әйелдің бұрымындай өріліп, баяғы бабалар дәуірінен бермен қарай тек қана азаттық аңсаған асыл ерлердің азап пен қорлыққа қарсы ашулы дойырына айналса … - о, бұл – енді әр ғасырда бір кездесетін аса сирек құбылыс. Осыдан келіп өмірдің өнерге яки өнердің өмірге айналуы секілді ғажайып «жұмбақ» процесс туады да, оны туғызған уақыт пен кеңістікке амалсыз жүгінеміз. Махамбет өмір сүрген Уақыт пен өнерін өрбіткен Кеңістік туралы ойласақ, біздің жадымызда патшалы Ресейдің тепкісінде төңбекшіген басыбайлы отары – ұлан – ғайыр Ұлы даламыз, сол даланың бір шалғайындағы Бөкей ордасы, Орданы билеген қазақтың соңғы ханы Жәңгір Бөкеев оралады.

Бұл - Махамбеттің тағдырын тануға керек тарихи дерек.

Дәуiр толғағының тұлғасы Ақселеу Сейдiмбек, филология ғылымының докторы

Махамбет әлемiн оның жеке басына таңырқау арқылы тану, жеке басын марапаттау арқылы түсiну мүмкiн емес. Керек десеңiз, Махамбет болмысын танып-түсiну үшiн тек қана өзi өмiр сүрген заман мен қоғамды саралаумен шектелуге де болмайды. Өйткенi, ол тұтас бiр дәуiр толғағы дүниеге әкелген ұлы тұлға.

Дәстүрлi талғамымызда хас өнердiң бойына сұлулық пен шындық тең бiтiп, қоржынын аудармауы керек. Махамбетте мұның екеуi де кәмiл. Ол сонысымен көшпелiлер мәдениетiнiң аса тегеурiндi соңғы тұяғы ретiнде мойын бұрғызады. Махамбет өзiнiң рухы асқақ жырларын жыршылығы тасып шығармаған. Оның бойындағы буырқанған аста-төк өнер күрес жолындағы ең оңтай қаруы болған.


Үндестік

Махамбет жырларының құдiреттiлiгi арман-аңсарының заманалық кесектiгiнде. Махамбет халық басындағы бақ пен сордың жалқылық мысалына жұбанбайды, заман дүмпуi тудырған iрi ағымдардың аққарасын саралап толғанады. Бұл ретте, оның санасы сергек, танымы терең, мақсаты айқын. Ұлттың азаттығы мен халықтың әлеуметтiк теңдiгiн Махамбеттен терең жырлаған, Махамбеттей жеткiзе жырлаған ақын қазақ топырағында некен-саяқ.

Дәуiр толғағының тұлғасы Ақселеу Сейдiмбек, филология ғылымының докторы



Үндестік

Алаш әдебиеті

Алаштың ұлттық және саяси тәуелсіздікке жету идеясы
Әдебиет пен тарихтың өзара үндестігі


Тарих

Әдебиет








Тәуелсіздік пен еркіндік аңсау идеясы





Тарихи деректер мен әдеби дәйектердің алаш қозғалысының мақсатын өзара үндестікте айқындауы

Зерттеу


ХІХ ғасырдағы Ресей патшалығы отаршылдық саясатының қазақ халқына әкелген зардаптары мен Махамбет шығармаларындағы отаршылдыққа қарсы идея өзара үндесіп, ұлттық және саяси тәуелсіздікке жету мұратын айқындайды.

Білімділік: Ш.Қанайұлының шығармаларының тақырыптық - идеялық өзектілігін тану ,білу. Жырларын оқу, түсіну. Ақын поэзииясының құндылығын ұғыну.

Тәрбиелік: Жас ұрпақты ақын шығармаларындағы адамгершілік, өрлік, адалдық, патриоттық, әділеттілік сияқты адамзат бойында болуы тиіс асыл қасиеттерге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Шәкірт санасында өзіндік көзқарас, пікір қалыптастыру.

Оқушыларды ізденуге, зерттеуге жетелеу. Тіл байлығын ,поэзиға деген сүйіспеншілігін дамыту.
түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: өз бетінші білімді меңгерту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену,

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, кестелер, сызбалар


Сабақтың барысы:

1/ Ұйымдастыру кезеңі.

І. Қызығушылықты ояту

Үй тапсырмасы:

1.Д.Бабатайұлы өмірі, шығармашылығы .

2. «О,Ақтан жас» өлеңі бойынша құрған жоспарларын тексеру, талдау, өлеңді жатқа сұрау.

1/Жетімдік

2/Тоқшылық

3/Бозбала шақ, ғашықтық

4/Жастық шақ, батырлық

5/Ел қорғаны

6/Орындалған арман

7/Үміт
Жаңа сабақ:

Іздену кезеңі: Оқулықтан, электрондық оқулықтан, интернеттен төмендегі сұрақтарға жауаптар іздейміз. (Интерактивті тақта арқылы төмендегі сұрақтар көрсетіледі.)



  1. Шортанбай өмір сүрген заман қандай еді?

  2. Ел билеу жүйесінде қандай өзгерістер болды?

  3. Шортанбай өз заманын неге «зар заман» деп атады?

  4. Бұл өз дәуіріне риза болмай, түңілуден, үмітсіздіктен, сары уайымнан туған ба?

  5. Шортанбайдың осы бір «зар заман» деген сөзі не себепті кейінгі бір тұтас дәуірдің атына айналды?

Оқушылардың әр сұрақ бойынша дәлелді жауаптары тыңдалады.


Ой қозғау.



Осы өлеңдер нені дәлелдеу үшін жазылған?



Шортанбай ақынның ойынша заманды аздырушылар кімдер?

Шортанбай не себепті дінге сүйеніп, құдайдың құдіретіне бас июге шақырады?


Ақын заман өзгерісіне сай адам бойында қандай құндылықтардың жоғалып, қандай жаман қылықтардың шығып жатқанына қынжылады?
Дәптермен жұмыс.

1.«Зар замандағы» қайталанған эпифора сөз. «Заман» сөзі

Талдау кезеңі: Өлең құрылысына талдау жасау. Қысқаша түсінік беру, еске түсіру .

Б а й л а р ұ р л ы қ қ ы л а д ы

К ө з і н е м а л к ө р і н б е й,
Б и л е р ж е й д і п а р а н ы
С а қ т а п қ о й ғ а н с ү р і н д е й.

/Кезекті ұйқас /7 буынды, 2бунақты

2.Шортанбай өлеңіндегі мұсылман дініне байланысты енген араб сөздерін тізіп жаз.
Жаңа сабақты бекіту.
Шортанбай Қанайұлын сендер қаншалықты таныдыңдар, қай жағынан бағаладыңдар. Мына кестені толтыру арқылы өздеріңді тексеріңдер.





Шортанбай Қанайұлы

Иә

Жоқ



Ақын









Медресе бітірген









Күрескер ақын









Жырау









Заман жыршысы









Сыншы









Діндар









Айтыскер ақын









Батыр









Шыншыл реалист







Қорытындылау.

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру. Ш.Қанайұлы «Зар заман» өлеңінен үзінді жаттау.



Айтыскер ақындығы туралы мәліметтер жинастырып келу

Сабақ атауы Тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы «Зар заман»
Сілтеме Қ. Әбдезұлы, Г. Д. Рыскелиева, С. Ч. Тұрсынғалиева;
8 - сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы; 100 - 106 - бет; Слайдтар;
Сабақ жоспары
Жалпы мақсаты
- ХІХ ғасыр өкілі Шортанбай Қанайұлының өмірінен мәлімет алады. «Зар заман» өлеңінің мазмұнымен танысу, шығарманың негізгі тақырыбы мен идеясын ашу, ақынның өзіндік ішкі әлемін таныту.
- Оқушылардың өлеңге бүгінгі заман тұрғысынан қарап сөйлеуге, өзіндік көзқарасын білдіре алуға төселдіру.
- Оқушылардың бойында елжандылық қасиетін ұялатуға, батыл қадам жасай білуге, өз елін, жерін бағалай білуге үйрету.

Міндеттері:
1. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту.
2. Сабаққа оқушылардың өз білетін білімдері арқылы кіру.
3. Сабақ бойынша ой қорытынды жасауға, өзіндік тұжырым айтуға үйрету.

Мұғалім үшін оқу нәтижелері:
1. Оқушылардың сыни ойлауын дамыту, басқалардың көзқарасын сыйлауға дағдыландыру.
2. Әр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтау, олқылықтарды сынамау.
3. Тақырыпты талқылауда белсенділікпен қатысуға үйрету.
Күтілетін нәтиже 1. Оқушылардың еркін ойлауын, дүниетанымының кеңіп, рухани өсуін іске
асыру.
2. Оқушының шығармашылық дамуына мүмкіндік туғызу.
3. Шығармадағы тарихи шындықты мойындау барысында оқушының өзіндік ой түйіндеуіне, қазіргі Қазақстан мен Ресей мемлекетінің қарым - қатынасы жайлы ой қозғау, бүгінгі заман көзімен қарау.
Тапсырмалар Қазақстан мен Ресей халқының достығы туралы интернет беттерінен материал жинақтау.
Сабақтың түрі Жаңа білімді меңгеру, білік - дағды қалыптастыру сабағы
Сабақтың әдісі Сыни ойлату, диалогтік оқыту, интерактивті әдіс
Көрнекілігі Интерактивті тақта; Шортанбай Қанайұлы туралы қосымша материалдар; формат қағаз, фломастер, маркер.

Мұғалім немен айналысады?
1 - слайд.
Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру.
Оқушыларды шаттық шеңберіне шақырып, топқа бөлу.
- Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Алдымен, сіздердің көңіл күйлеріңіз қалай, соны білгім келеді. Ал, ендеше, көңіл күйімізді бәріміз бірге:
- Өте жақсы!
- Керемет!
- Тамаша!- деген сөздерді айту арқылы білдірейік.

Балалар, халықтың, мемлекеттің жұмылған жұдырықтай, өзге елдермен жақсы қарым - қатынаста болуы үшін ең басты не нәрсе керек, елді біріктіретін қандай қасиеттер?
- Олай болса, «береке, бірлік, ынтымақ» сөзін кезектесіп айтайық. Сол бойынша сыныпты топқа бөлу. /1, 5 мин/

Оқушы немен шұғылданады?
Оқушылар бүгінгі сабақтағы көңіл күйлерін білдіреді.
Елді біріктіретін ең басты не нәрсе екендігі жөнінде ойларын айтады.
«Береке, бірлік, ынтымақ» сөздерін айту арқылы топқа бөлінеді

2 - слайд. Үй тапсырмасын сұрау.
І тоқсанда өтілген тақырыптарға байланысты сұрақтар ұсыну./2мин./
Әр топ өздерінің неше сұраққа жауап бергендерін белгілеп отырады.

3 - слайд. Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту.
Жаңа тәртіп, жаңа заң енді елге
Бұқара бетбұрысқа көндігер ме?
Бейжай қарап қалмады бұлқынды ел
Қазағым, бұндай жайды енді көрме,- деген өлең жолдары арқылы қазақ даласында болып өткен қандай тарихи кезең жайында сөз қозғадым?
- Бүгінгі жаңа сабағымызда ХІХ ғасырдағы Ресейдің отарлау саясаты кезеңінде өмір сүрген Шортанбай Қанайұлының өмірі мен сол кезең тақырыбына арналып шығарған «Зар заман» өлеңімен танысамыз./0, 5 мин./
Оқушылардың жауабы тыңдалады.

4 - слайд. Мағынаны тану. Жаңа тақырыпты өз бетінше оқып меңгеру.
Топқа сұрақ:
І топ: «Әдебиетшілер» (сызба құру)
Шортанбай Қанайұлы кім? Өмірі туралы тоқталу.
ІІ топ: «Тарихшылар»(сызба құру)
Шортанбай өмір сүрген заман
Заман тақырыбына орай қандай шығармалар жазған?
ІІІ топ: «Зерттеушілер»(сызба құру)
Шортанбай шығармаларын зерттеушілер кімдер?
Сол кездегі ақындарды не себепті «Зар заман ақындар»деп атады?
«Зар заман»өлеңінің алғашқы жолдарын өзім жатқа мәнерлеп айтып беремін. Оқушылардың алдына сұрақ тастаймын:
- Ақын бізге өткен заманның келбетін қалай жеткізген?
- Заманның тарлығының белгісі өлеңнің қай жолдарында берілген? Өз сөздеріңмен түсіндіріп көріңдер.
- Заманның тарлығының белгісі қалай жеткізді? Одан халықтың қандай күй кешіп отырғанын аңғардыңдар?/9 мин./
Оқушылар әдебиет оқулығынан осы сұрақтардың жауабын іздеу барысында Шортанбай туралы қысқаша мәлімет алады?
Оқушылардан толық жауап алынғаннан кейін өлеңнің қалған бөлігін үш топқа талқылауға ұсыну

5 - слайд. Топтық жұмыс. Әрі қарай өлеңді сіздердің оқуларыңызда тыңдап, талқылайық.
Өлеңді үш топқа бөліп беру, топ болып талдау:
а) Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
ә) Өлеңнің тақырыбы
б) Ақынның айтпақ ойы не?
в) Өлең жолдарында айтылған негізгі түйінге тоқталып, өз пікірлерін білдіру. Өлең
желісіне орай тақтадағы дайын тақырыпты таңдау.
г) Көркемдегіш құралдар: эпитет, теңеу
ғ) Түсініксіз сөздердің мағынасын ашу. /9 мин./

Оқушылар берілген тапсырмаларды үлкен ақ бет қағазға орындайды, өз жұмыстарын қорғайды. Топтың барлық мүшелері белсене қатысып, өз үлестерін қосулары тиіс.

6, 7, 8 - слайд. Бейнебаян. Бейнетаспадан Қазақстан мен Ресей мемлекетінің қарым - қатынасына 20 жыл толғандығы жайлы көріністен үзінді көрсету.
- Балалар, бұл көріністен не көрдіңдер?
- Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым - қатынас қандай?
Қазақстан мен Ресей қарым - қатынасы туралы слайдтан кішкене мәлімет беру /5 мин./

Оқушылардың ойын білу. Пікір қалыптастыру.

9 - слайд. Сергіту сәті. Әр топ халықтар арасындағы достықтың үзілмеуіне қажетті құндылықтарды қимыл - әрекетпен айтып көрсету арқылы жеткізеді./2 мин./
Оқушылар достастық символын жасайды.

10 - слайд. Шығармашылық жұмыс. Оқушылардың өзіндік ой - пікірлерін қалыптастырып, белгілі бір тұжырымға келу мақсатында тапсырма ұсыну.
Тәуелсіз ел жастары ретінде мемлекетіміздің әлем деңгейінде көрінуіне өз жобамызды ұсынамыз. (Әр топ өз жобаларын ортаға шығып қорғайды)/7 мин./

Бұл тапсырма оқушылардың ізденістерін, өз бетімен шешім қабылдай алу мүмкіндіктерін арттырып, сенімділікке жол ашады.

11 - слайд. Ой толғаныс.
«Біз - қандай қиындық көрсек те іргесі сөгілмеген елміз»,«Қазақстан мен Ресей достастығы - берік те мықты», «Қазақстан - болашағы жарқын мемлекет»
/7 мин./
Оқушылар өздеріне берілген тақырыптар негізінде өздерінің ішкі түйіндерін қысқаша жазады.

12 - слайд. Бекіту сұрақтары:
- Бүгін біз қандай шығармамен таныстық?
- Бұл өлеңнің бұрынғы өлеңдерден ерекшелігі қандай?
- Ақынның ішкі жан дүниесі қандай?
- Сол замандағы ақындардың «Зар заман ақындары»деп аталу себебі неде?
Оқушылардың бүгінгі сабақтан түйген ойлары арқылы сабақты бекіту./1 мин./

13 - слайд. Бағалау. Оқушылардың алдарына бағалау парағы үлестірілді, сол бойынша топ басшысы өз тобының сабаққа қатысын талдап, оқушыларды бағалап шығады.

Оқушылардың алдарына бағалау парағы үлестірілді, сол бойынша топ басшысы өз тобының сабаққа қатысын талдап, оқушыларды бағалап шығады.
/3 мин./

Бағалау парағы

14 - слайд. Үйге тапсырма. «Зар заман»өлеңін мәнерлеп оқу. «Ресей халқының қазақ даласына қоныстануының пайдасы болды ма?» деген тақырыпта көзқарасын жазу. Майлықожа Сұлтанқожаұлы туралы қосымша іздену. /0, 5 мин/

Оқушылар тапсырманы дәптерлеріне жазып алады.

15 - слайд. Қорытынды.
Міне, балалар, біз өз тәуелсіздігіміздің арқасында әділдікті жырлаудан тайсалмаған, батыл да қайсар ұлдарын терең тануға мүмкіндік алдық.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің халыққа жолдауында: «Мен сіздер, бүгінгі жастар, ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер», - деп пайымдаған. Сондықтан, Қазақстанның жаңа даму кезеңі – тікелей жастардың қолында. Сарабдал саясатшы, көреген кемеңгер елбасы арқасында жасалған жарқын болашаққа жасаған жарқын қадам жолында еңбек етіп, өз үлесімізді қоса білейік. /1мин./
Каталог: uploads -> doc -> 0720
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0720 -> Практикум 4сынып (оқу-әдістемелік құрал) Құрастырған: Талапова Д. М
0720 -> Сабақтыңмақсаты: а білімділік: Оқушыларға үндестік заңын, тоғыспалы ықпал түсіндіру
0720 -> Сабақтың тақырыбы: Интернет. Интернет маған не үшін керек? Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет