Сабақ реті: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Карменова Галина Нураждаровна


Тақырыбы: «Махамбет позиясының ерекшелігі, зерттелуі» жоба



бет2/4
Дата29.03.2017
өлшемі0,66 Mb.
#12733
түріСабақ
1   2   3   4

Тақырыбы: «Махамбет позиясының ерекшелігі, зерттелуі» жоба

Мақсаты:

Махамбет поэзиясының өзіне дейінгі дәуірдегі поэзия үлгілерімен байланысы;

Махамбет поэзиясы тілінің айшықтары;

Махамбет жырларының ұлттық мұраты: «Азаттық. Тәуелсіздік. Мәңгілік ел»



Міндеті: Махамбет поэзиясының зерттелуіне ықпал еткен ғалымдар еңбегінің мәнін ұғынып талдау, ізденіс жұмыстарының нәтижесін зерделеп баяндай білу дағдыларын, шығармалық ізденістерін дамыту;

Ұлттық құндылықтың қайнар көзін таба білуге, өмірде қолдана білуге тәрбиелеу;



Күтілетін нәтиже: Махамбеттің ақындық, батырлық, күйшілік өнерімен қоғам дамуына елдіктің, тәуелсіздіктің дара жолын айқындап бергенін шығармалары арқылы біледі. Өз ойын жүйелі жеткізе алатын, ізденімпаз зерттеуші тұлға қалыптасады.

Сипаттамасы: Ақын өлеңдерінде тарихи шындықты, сол қалпында суреттейді, оған өзінің көзқарасын, қатысын, оны қалай сезінгенін көрсетеді.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Махамбет поэзиясы өткен заман шындығын, әлеуметтік сипатын, ұлттық болмысты танытатын этнолингвистика тұрғысынан

өзекті мәселелердің бірі болса; 2- ден «ұлттық идея», «намыс», «ерлік», «ақиқат», «өршіл рух», «елім, жерім» деген ұғымдарды айшықтай түсетін және солардың бәрін көркем бейне, астарлы ой, үстеме мағына негізінде таныта білген Махамбет ақынның шығармашылығын зерттеу –ұлттық дүниетанымды зерттеу деген сөз.



Зерттеу нысаны: Махамбет ақынның танымдық сипатын ерекшелейтін поэзиясы.

Зерттеу әдістері: Жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне орай түсіндіру, салыстыру, талдау;

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Махамбет поэзиясының басты нысаны үгіт-насихат, Махамбеттің негізгі ерекшелігі - оның сегіз қырлы, бір сырлы, еркін әрекетімен саяси үгітті қолдануының заңдылығы.

Түйінді ой: Махамбет...Махамбет... 
Білмеймін жел ме, сел ме, 
Жыр да онымен бір тұлға теңесер ме? 
Әділетсіз дүниенің қабырғасын, 
Махамбетше сөгер жан кездесер ме? (Ф.Оңғарсынова) 

Әдебиеттер тізімі:

Қ. Өмірәлиев «Махамбет поэзиясының өзіне дейінгі поэзия үлгісімен байланысы»

Қ. Өмірәлиев ХҮ – ХІХ ғ. Қазақ поэзиясының тілі. 1965ж.

К. МЫрзағалиева «Махамбет тілінің айшықтары»

«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы 2005 жыл №6, 40-42- бет;

«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы 2016 жыл №9, 17-22- бет

«Азаттық. Тәуелсіздік. Мәңгілік ел» ұғымын жас ұрпақ бойына сеуіп кеткен бір тамшы ақиқат шындық. Ақиқат жолы ауыр, бірақ одан бет бұрар ұрпақ өсіп жетілсе, тәуелсіздігімізді баянды болуы неғайбыл, сондықтан Махамбет шығармалары бізді жігерлендіріп, рухтандырады. Ұлттық намысымызды нығайтып, жарқын өмір сүруімізге жол сілтейді.



Этнолингвистика – этностың болмысынан туындап, санасында сараланып, тарихи жадында сақталып, тіл арқылы ғасырлар бойы қалыптасқан рухани-мәдени мұра ретінде атадан балаға, әулеттен нәсілге ауысып келе жатқан дәстүрлі мирасты жаңғыртып, танымдық мәнін ашып, болашақ ұрпаққа ұсыну мақсатына байланысты дүниеге келген тіл білімінің күрделі де құнарлы саласы.
Сабақтың эпиграфы: Махамбет...Махамбет... 
Білмеймін жел ме, сел ме, 
Жыр да онымен бір тұлға теңесер ме? 
Әділетсіз дүниенің қабырғасын, 
Махамбетше сөгер жан кездесер ме? (Ф.Оңғарсынова) 

2

Қазақ әдебиеті

Тексерген: С.С.Оспанова

Сынып 9 «Б»

Қатысқандар:

Мерзімі

25.11.2016 жыл

Сабақтың тақырыбы:

Махамбет – дауылпаз ақын. «Арқаның қызыл изені»

Жалпы мақсаты

Махамбет Өтемісұлының шығармаларының зерттелуін, тарихи тұлға, күйші екенін оқушылар өз бетімен зерттеп, зерделей отырып, ізденіс нәтижесін сабақта ашып көрсету, «Арқаның қызыл изені» өлеңінің мазмұнымен танысып, тақырыбы мен идеясын, көркемдік ерекшелігін аша отырып, өлең құрлысына талдау.

Білімділік

Махамбет поэзиясындағы ойсыл қара түлігінің ер- азамат образы арқылы берілуін өлең жолымен дәлелдеу, тіл көркемдігіне тоқталу, өлең құрлысына талдап, шығармашылығын сурет арқылы беру, сөздікпен жұмыс жасау;

Дамытушылық

Көркем тілмен сөйлеуге, өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру, әдебиет пен тарих үндестігін табуда оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік:

Елін, жерін сүйе білген Махамбеттің қасиетін оқушы бойына сіңіру. Өлеңдері арқылы туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сілтеме

Қазақ әдебиеті оқыту әдістемесі, 9 –сыныпқа арналған оқулық, С.Ч.Тұрсынғалиев, Г.Р.Бәкенова Арман ПВ 2013 ж

Күтілетін нәтиже

Махамбет өлеңдерінің мазмұнымен танысып, тақырып бойынша алған біліміне пікір айтып, өз пікірін білдіреді. Топ пікірін тыңдайды. Топта, жұпта жұмыс істеу арқылы оқушылардың коммуникативті дағдылары қалыптасады Алған білімі мен дағдыларын түрлі өмірлік жағдайда әлеуметтенуде қолдануға бағытталады. Азаттық жолында мерт болған тарихи тұлғаның өршілдік, қайсарлық, ақындық бейнесін таниды, Оқушылардың сыни ойлауы дамып, басқалардың көзқарасын сыйлауға дағдыланады.Тақырыпты талқылауға белсенділікпен қатысады.

Негізгі идясы

Табиғатында ақындық, батырлық, күйшілік өнер де қатар өрбіген Махамбеттің батыл әрекеті бүгінгі ұрпаққа үлгі.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер

Сыни тұрғыдан ойлау, диалогтік оқыту, интерактивті әдіс, ой қозғау, мағынаны тану, талдау жасау, өз пікірін қорғау, мәнерлеп өлең оқу, сұрақ - жауап

Тапсырмалар

Махамбет туралы материал жинақтау, сурет салу;

Сабақтың түрі

Шығармашылық ізденіс, зерттеу сабағы

Көрнекілігі

Махамбет туралы қосымша материалдар, формат қағаз, маркер интербелсенді тақта, суреттер, кеспелер, тірек – сызба

Ресурстар

М.Өтемісұлы өміріне байланысты деректі фильм, сабаққа байланысты слайдтар, топтық жұмыстарға арналған тапсырмалар, постер

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, тарих, бейнелеу, саз өнері;

Ақпарат көзі

Интернет материалдары, кітапханамен байланыс.

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу. ( бас изеу- отырады) Сабаққа даярлығын тексеру. Сабақта кім жоқ?

Қайырлы күн, құрметті семинар қонақтары! Біздің сабағымызға хош келдіңіздер!

Психологиялық ахуал қалыптастыру. Оқушылардан ортаға шығуларың өтінемін. Оқушылар ортағы шығып бір- біріне тілек айтады. өздері қалаған фигураларды таңдап алып, орындарына отырады. (ұшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек түстері бірдей)


Оқушылар өздері таңдаған фигуралар бойынша топқа бөлініп отырады, топ жетекшісін сайлап алады.

ІІ. Үй тапсырмасы. 10 мин

Миға шабуыл. Қызығушылықты ояту



Микрофон әдісі арқылы «Ақынның әдеби мұрасы»

І топ. Ел мен жер туралы өлеңдері



«Нарын»,«Нарында»,«Адыра қалған Нарынның», «Ұлы арман», «Абайламай айрылдым», «Мен Нарыннан кеткенмін», «Қызғыш құс», «Еділ үшін егестік», «Жайықтық бойы енді су», «Баймағамбет сұлтанға айтқаны».

ІІ топ. Ерлік жырлары



«Ереуіл атқа ер салмай» «Орай да борай қар жауса» «Толарсақтан саз кешіп», «Тар қамау» , «Ұл туса», «Еділ үшін егестік», «Соғыс», «Атадан туған аруақты ер», «Беркініп садақ асынбай», «Біз ер едік», «Күмісті мылтық қолға алып», «Туған ұлдан не пайда?», «Бағаналы терек жарылса»

ІІІ. Исатай туралы өлеңдері:

«Мінгені Исатайдың Ақтабан -ай», «Исатай деген ағам бар», «Тайманның ұлы Исатай», «Тарланым», «Әй, Махамбет, жолдасым», «Мұнар күн», « Исатай сөзі»


2. Іздендіру жұмысын қорғау, топ аттарын қою.

І. Топ. Әдебиетшілер. 3 мин «Махамбет- шығармаларының зерттелуі» слайд арқылы

ІІ топ. Ғалымдар. 3 мин «Махамбет позиясының ерекшелігі»

ІІІ топ. Сазгерлер. 3 мин «Махамбет- күйші» Махамбеттің бір қыры күйшілік өнері. Күйлерін атау, «Жұмыр қылыш» күйінің шығу тарихын қорғау. Күй орындау.

Сергіту сәтін өткізу.


Оқушылар топтастырады.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Оқулықпен жұмыс.




Дәптермен жұмыс.


«Арқаның қызыл изені» өлеңі (Тізбектей оқу 1 мин) өлеңді талдау. 3 минут Бір оқушы мәнерлеп оқып береді.

Мазмұны туралы не айтамыз?

Махамбет бұл өлеңі туралы не айтпақ болды?

(Адам бойында кездесетін қасиет адамгершілік, елді жерінен айырғандағы халықтың күйзелісін, ащы шындықты айтады. Елінен, жерінен айырылып, қуғын көрген ақын ер-ағайынның сыйластығы тіршілігінде, өлген соң сыйласпайтынын ескертеді.) ел-жер тағдыры, оның салмағы, оны жеңілдету жолындағы ақынның ойы, болмысы мен мінезін танимыз.

Изен деген не?

Қызыл изен сөзіне түсінік беру. Изен – тамыры мықты жетілген, құрғақшылыққа, сортаң жерге өте төзімді, сабағы қызғылт түсті, жапырақтары өте ұсақ, гүлі реңсіз шөл және шөлейт жерлерде өседі. Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу үшін қолданылатын дәрілік өсімдік. Жас өскіні тағамға, емге, сыпырғыш жасауға пайдаланылады Изен шөбі - қыста қойға, жылқыға таптырмайтын азық.

Өлең құрлысына талдау.

І топ 1- шумақ

ІІ топ 2- шумақ,

ІІІ топ 3- шумақ.

  1. Өлеңнің тақырыбы- елге, ерге жердің қасиеті

  2. Идеясы – адамгершілік пен ардан аттамау, атақонысты сақтау

  3. Жанры – азаматтық лирика

  4. Кейіпкері – ақынның өзі

  5. Өлең құрылысы – (жаттау)

А. Шумақ - 8

Б. Тармақ -32

В. Буын – 7-8-10-12 (аралас буын)

Г. Бунақ 2

Д. Ұйқас – аралас

Тілі –эпитет, теңеу, метофора

Постер қорғату

Кеше. Махамбет өмір сүрген қоғам.

Махамбет өмір сүрген кезде хан, сұлтандар халықты қанады, жерін, малын тартып алып, алым - салықты көбейтті. Халық қарсы шықты. «Қараша қозғалса, хан тағында тұра алмады» Елін сүйген ер, ерлік істерге барады. Ел басына күн туғанда, ереуіл атқа ер салды, елін соңынан ерте білді.



Бүгін. Мен өмір сүрген қоғам. Дамыған, гүлденіп келе жатқан қоғам. Ел қамын ойлайтын елбасшысы бар. Жері, үйі, қызметі бар қоғам. Атамекеніне оралған қандастар.

Ертең. Менің елімнің болашағы. Ел экономикасын одан әрі жетілдіру, дамыту,

Білімді, саналы ұрпақ өсіру, ата- бабамыз айтып кеткен «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» заман болса; бейбіт, тату- тәтті өмір сүру,

Қажетті деректерді түртіп алып отырады.

Оқулықтан өлеңді оқиды.

Берліген тапсырмалар бойынша топпен жұмыс істейді.

Ақынның айтпақ ойын түсіндіреді пікірлерін білдіреді.



Мағынаны тану







Сөздікпен жұмыс

Махамбет өлеңінде кездесетін мағынасы түсініксіз сөздерге түсінік беру.


Сөздік дәптерлеріне сөздерді жазып алады.

Білімді жинақтау

Мен үшін Махамбет қандай? Түйінді ой. «Қысқа нұсқа»

1-оқушы: Мен үшін Махамбет Өтемісұлы – бір ғасырда бір-ақ рет туылатын дара тұлға. 


2-оқушы: Мен Махамбеттің тұлғасын отты, жігерлі, қайратты, ұлттық рухы биік, нағыз батыр, дауылпаз ақын ретінде таныдым. 
3-оқушы: Мен үшін Махамбет тұлғасы – елі үшін етігімен су, толарсақтан саз кешкен батыр.

Берілген сұрақтар бойынша өз пікірлерін жинақтап айтады.




Махамбеттің соңғы сөзі. М. Шақанов «Нарынқұм зауалы»




Рефлексия

Үйрендім

Қызық болған

Қиын болғаныы

Маңызды болғаны

Ең ұнаған тапсырма

Менің түсінгенім



Кесте бойынша пікірлерін жазады

Бағалау

  1. Махамбеттің тұлғасы таумен пара- пар. Тау суреті бейнеленген өздеріңе ұнаған 2 сәтті кезеңмен бір ұсыныс, тілекті жазып тау суретіне жапсыру.

  2. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс” әдісі арқылы

оқушылар бағалау парағы арқылы бағалайды.

Қорытынды бағаны айтады

Үйге тапсырма

  1. Эссе «Халық намысын оятқан Исатайдың батырлығы ма, әлде Махамбеттің ақындығы ма?»

  2. Хронологиялық кесте толтыру. Махамбеттің өмірі мен шығармашылығы







211 жыл

Ақынның өз бейнесі жасалған өлеңдері

«Менің атым Махамбет»,

«Мен тауда ойнаған қарт марал», «Мен ақсұңқардан туған құмаймын», «Сөйлесем даңқым аңқыған», «Қарағай шаптым шандоздап», «Еңселігі екі елі», «Жалғыздық»)

Күйлері

«Өкініш», «Қайран Нарын», «Жұмыр қылыш», «Жорық», «Ақтабан», «Шілтерлі терезе», «Тарлан» «Жайық асу» - барлығы 11 күйі 1982 жылы «Шашақты найза , шалқар күй» деген атпен күйтабаққа жазылған. «Исатайдың Ақтабаны –ай, Жайық асуы, Терезе, “Жайық асу” “Жауға шапқан”»

Ф. Оңғарсынованың «Махамбетке» өлеңі бар.

Семантикалық карта № 1

Өлең тармақтары

Көркем сөз

Көркемдегіш құрал

Арқаның қызыл изені

Қызыл изен

Эпитет

Басы - күрдек, түбі - арал.

күрдек, түбі арал.

Метафора

Ер қабыланын жөнелтіп,

Ер қабыланын

Эпитет

Елсізде аңырап қалған шақ,

аңырап қалған шақ,

Эпитет

Балдағы алтын ақ болат

алтын ақ болат

Эпитет

«Ереуіл атқа ер салмай» толғаулары көтерілістің алғашқы өрлеу тұстарын бейнелейді.1837 жылы жеді(қараша) жұлдызының 12-сінен 13-іне қараған күні Исатай мен Махамбет Жайықты жарып өткен соң,далаға қонады.Күн суық боран екенДалаға қонып тұрған жұрттың көбі жылы үй,жұмсақ төсек,қызыл шайды аңсаған кезде Махамбет жолдастарын жұбату үшін осы өлеңін шығарған екен.Махамбет елінің ертеңін ойлады. «Ереуіл атқа ер салмай»деген өлеңінің құрылымы күрделі.Бұл өлең ақынды- эпик ақын ретінде таныта түседі Бірақ өлең құрылымы өте қысқа жазылған.Өлең мұңды да қайғылы,елін-жерін ойлаған ақынның ащы зары естіледі.Ақын шұбыртпалы ұйқаспен, мағыналы ойлар бере отырып,сөз тіркестері арқылы,ереуіл атқа ер салмай,ерлердің ісі бітпейтінін ашық айтады.Мұндай адуынды өлең тек Махамбетке ғана тән. Өлең жолдарында ереуіл ат,егеулі найза,тебінгі жер,терлі май,алты малта ас, ат үстінде,өзегі талып,түн қатып,темір қазық,қу толағай сияқты сөз тіркестері бар. Бұл өлең халықты ерлік күреске шақырып тұр. Бұл өлең бір ғана бағыныңқылы сабақтас сөйлемнен тұратын,шұбыртпалы өлең ұйқасымен, 19 тармақ,1 шумақ,17 дыбыстық қайталау үлгісінде жазылған өлең.

Дауысты дыбыс-ассонанс, дауыссыз дыбыс-аллттерация

. Мысалы,


О, туған жер, кеңпейіл, құшағың кең, - 3 бунақ, 11 буын.
Саған көңіл бұлқынар күш - ағынмен. – 3 бунақ, 11 буын.
Сағ(ы) нышымды қанат қып саған қарай, - 3 бунақ, 11 буын.
Балапандай талпынып ұшамын мен. – 3 бунақ, 11 буын.
(«Туған жер». Ф. Оңғарсынова)
Бұл өлең бір шумақтан, шумақ төрт тармақтан, әр тармақ үш бунақтан, он бір буыннан тұрады. Қара өлең ұйқасымен құрылған.

“Мен, мен едім, мен едім”  өлеңін талдату.

Мен, мен едім, мен едім,

Мен Нарында жүргенде

Еңіреп жүрген ер едім.

Исатайдың барында

Екі тарлан бөрі едім.

Ерегіскен дұшпанға

Қызыл сырлы жебе едім.

Жақсыларға еп едім,

Жамандарға көп едім.

Ерегіскен дұшпанның

Екіталай болғанда

Азыққа етін жеп едім.

Хан баласы ақсүйек

Ежелден табан аңдысқан.

Ата дұшпан сен едің,

Ата жауың мен едім.

Ежелгі дұшпан ел болмас,

Етектен кесіп жең болмас!

Хан баласы ақсүйек,

Байеке сұлтан сен болып,

Сендей нарқоспақтың баласы,

Маған оңаша жерде жолықсаң,

Қайраңнан алған шабақтай

Қия бір соғып ас етсем,

Тамағыма қылқаның кетер демес ем.

Махамбет Өтемісұлы

(1803-1846)

Тарихи кезең

Ақын өмірі мен шығармашылығы

Әдеби мұрасы

ХІХ ғ. І жартысында қазақ жерінде Ресей патшалығы мен Қоқан хандығының отарлау саясаты кең өріс алды.
Елде хандық құрылым жойылып, аға сұлтандық әкімшілік – басқару жүйесі жүзеге аса бастады.
Қазақ даласында капиталистік элементтер бой көрсете бастады. Жаңа қоғамдық қатынастар халыққа жайлы болмады, тұрмысы күннен-күнге нашарлай бастады, әсіресе, халықты есепсіз салық түрлері шаршатты.
1836-1838 жж. Бөкей ордасында болған көтерілістің қозғаушы күші шаруалар болды.

Алғашында бұл көтеріліс шаруалар көтерілісі деп сипатталды.

«Бұл ұлт – азаттық көтеріліс еді.. Оның қозғаушы күші , сипаты, барысы, мақсат – мүддесі жөнінде мол деректер келтіріілді. Исатай Тайманов жайында бұрын айтылмай келген шындық-тардың бетін ашады»,- дейді Байтұрсын Ілияс Зұлқарнай

Махамбет Өтемісұлы (1803-1846)

Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы Ішкі Бөкей Ордасы , қазіргі батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының Нарын құмында туған.

Махамбет арабша , орысша хат таныған, араб – парсы, түрік,татар, орыс тілдерін меңгерген. Ол – ақын, шешен, батыр, күйші, жырау, қол бастаған қолбасшы, азаттық үшін күрескен , елін сүйген азамат.

Махамбет Өтемісұлы -

1836—1838 ж. И. Тайманұлы бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы, қозғалысты ұйымдастырушы-лардың бірі. Махамбет өзі Жәңгір ханның қудалауымен екі жыл түрмеде отырып, 1831 ж. қашып шыққан. Саналы өмірін патша өкіметінің отарлық саясатын жүзеге асырушы хан-сұлтан-дарға қарсы кекті жырлар тол-ғайды, халықты күреске шақы-рады.Көтеріліс жеңіліспен аяқ-талғаннан кейін Жем, Жайық, Маңғыстау, Хиуа елдерін саға-лайды, жасақ жинап, көтерілісті жаңадан жандандыруға күш са-лады. Бұл ниеті нәтижесіз бол-ды, Бөкей ордасында қолға тү-сіп, Орынбор түрмесіне қамала-ды. Тұтқыннан босағаннан ке-йінгі өмірін Кіші жүздің батыс бөлігіндегі ел ішінде өткізеді. Бірақ, Жәңгір хан өлген соң аға сұлтан болған Баймағамбет Айшуақұлының жалдамалы-ларының қолынан 1846 жылы 20 қазанда қаза тапты. Денесі Қараой өңірінде жерленген.


Ақын шығармалары

Ел мен жер туралы өлеңдері

«Нарын»,«Нарында»,

«Адыра қалған Нарынның», «Ұлы арман», «Абайламай айрылдым», «Мен Нарыннан кеткенмін», «Қызғыш құс», «Еділ үшін егестік», «Жайықтық бойы енді су», «Баймағамбет сұлтанға айтқаны».


Ерлік жырлары

«Ереуіл атқа ер салмай» «Орай да борай қар жауса»

«Тар қамау» , «Ұл туса», «Еділ үшін егестік», «Жайықтың бойы енді су», «Соғыс», «Атадан туған аруақты ер», «Беркініп садақ асынбай», «Біз ер едік», «Күмісті мылтық қолға алып», «Туған ұлдан не пайда», «Бағаналы терек жарылса»



Исатай туралы өлеңдері

«Мінгені Исатайдың Ақтабан -ай», «Исатай деген ағам бар», «Тайманның ұлы Исатай», «Тарланым», «Әй, Махамбет жолдасым», «Мұнар күн».


Ақынның өз бейнесі

жасалған өлеңдері

«Менің атым Махамбет»,

«Мен тауда ойнаған қарт марал», «Мен ақсұңқардан туған құмаймын», «Сөйлесем даңқым аңқыған», «Қарағай шаптым шандоздап», «Еңселігі екі елі», «Жалғыздық»

Күйлері

«Өкініш», «Қайран Нарын», «Жұмыр қылыш», «Жорық», «Ақтабан», «Шілтерлі терезе», «Тарлан» - барлығы 11 күйі 1982 жылы «Шашақты найза , шалқар күй» деген атпен күйтабаққа жазылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет