Ә) Тіл дамыту үшін. Және сергіту мақсатында ерлік, батырлық туған жер туралы мақал-мәтелдер айтқызу. Ол үшін арнайы дайындалған семан-тикалық карталарды әр-топқа бір-бірден үлестіріп беремін де, берілген мақал-мәтелдердің жалғасын тапқызамын.Балалар мәнерлеп оқып, мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріп шығады
Мақалдар
|
Көлінен безген қаз оңбас.
|
Ер үйірін сағынса, айыл-тұрман тағынар.
|
Өз жеріңдей қайда бар.
|
Сайының тасы болайын.
|
Пәлен жерде пайда бар,
|
|
|
|
|
Өз елімнің басы болмасам да,
|
|
|
|
|
Елінен безген ер оңбас,
|
|
|
|
|
Ат үйірін сағынса, Артқы аяғын қағынар.
|
|
|
|
| Семантикалық карта №1
Семантикалық карта №2
Мақалдар__Би_басына_дау_келсе,_билігі_кетер_басынан.__Құс_жаңылып_торға_түсер.'>Мақалдар
|
Би басына дау келсе, билігі кетер басынан.
|
Құс жаңылып торға түсер.
|
Ер жарасыз болмас.
|
Шешен тар жерде сөз бастайды.
|
Ел шарасыз болмас,
|
|
|
|
|
Батыр мың қол бастайды,
|
|
|
|
|
Ер басына дау келсе, ерлігі кетер басынан.
|
|
|
|
|
Ер жаңылып қолға түсер,
|
|
|
|
| Семантикалық карта № 3
Мақалдар
|
Бақ-бақ еткен текені қар жауғанда көрерміз.
|
Арыстан болсаң жау үшін.
|
Тәуекел ет те тас жұт,
|
Арғымақ аттың құйрығы, әрі жібек, әрі қыл,
|
Түлкідей болсын әдісің.
|
|
|
|
|
Ер жігіттің белгісі, әрі мырза, әрі құл.
|
|
|
|
|
Батырсынған жігітті, жау келгенде көрерміз.
|
|
|
|
|
Ажал жетпей өлмек жоқ.
|
|
|
|
|
М.Әуезов Махамбеттің ақындық құдіретін жоғары бағалап, «Махамбет жырлары өз заманындағы ең қанды, ең әсерлі, сөз көпшіліктің өз үні, өз тілі, өз арманы» деп әділ бағасын берген.
М. Өтемісұлы "Баймағанбет сұлтанға айтқаны" өлеңі (9 сынып)
1. сатысы.
Ойласам ер шығады ер сайыннан
Сен шықтың жағаласып көп ойыннан
Қарсыласың қарсы келсе қақ жарасың
Қара нан төгілгенде ат мойыннан
Найзамен қарсы келсе қақ жарған ер
Қайратын көріп дұшпан таңданған ер
Дұшпанменқарсы келіп жанасқанда
Шаншылып айдаһардай қамданған ер
Міне балалар байқадыңдар ма? Жақсы ұл-еліне бас , жаман ұл-еліне қас дегендей, елі үшін еңіреген , халқы үшін қалың жауға қарсы шыққан небір ерлеріміз , батырларымыз өткен тарихынан да аңғарылып тұрған жоқ па? Сондықтан да біз батырларымыздың ерлігін мақтаныш сезіммен айта аламыз.
Ендеше біз қазір өздерімен оқыған өлеңіміз туралы ортақ пікірлесеміз. Оқушыларды тақтаға шығарып,үш топқа бөлемін.
1.Ізденімпаздар тобы.
2.Сұрақ қоюшылар тобы
3.Зерттеушілер тобы
-Сендер қай батырды өлеңін оқып білдіңдер?
-Жалынды,батыр ақын Махамбеттің өлеңі “Махамбеттің Баймағанбет сұлтанға айтқаны”өлеңін оқып білдік.
-Ол жалынды,дауылпаз ақын,әрі батыр.
Олай болса батыр қандай болады. Ол кім? Сол жөнінде идеямызды топ тастырайық.
Әр топтан оқушы лидер болып өз пікірлерін қорғайды
1топ. Ізденімпаз тобының оқушылары жыр үлгісіндегі сюжеттік оқиғалардың өрбитін тұстарын жазып оқиды.
Махамбеттің өзі Жәңгір ханның ордасында болып ханның баласы Зұлқарнайға қамқоршы болған.Бір жарыс әңгімеде, теріс бағытқа түсіп Жәңгір Махамбетке “Құл саған да билік керек пе?”-деген. Содан олардың жолдары айырылысқан.
Қане, жырдан оқып қарайық!
Хан баласы ақ сүйек
Ежелден табан аңдысқан
Ата дұшпан сен едің
Ата жауың мен едім. Жыр оқиғасында,Махамбеттің хас батырлығы, ер журектілігі жайлы тұсына тоқталады.
Кәр қылар деп ‘’тақсыр-ау’’
Аяғыңа бас ұрман.
Байеке ‘’сұлтан’’ аксуйек,
Қыларың болса,кылып қал.
Кундердің куні болғанда
Бас кесермін жасырман.
Әділдік пен шындыкты,нақ та айкын айта алатын қара қазан,сары бала,еркін жаткан елдің ғана үшін қылыш сермеген Махамбеттің қарапайым кісі еместігі,ерен ерлігі мен адамгершілігі мына тұстарынан байқалады.
Еділдің бойы ен тоғай.
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге.
Мал толтырсам деп едім
Өлеңде Махамбет озінің батырлығы мен қоса елінің тағдырын қоса ойлайтынын корсетеді.Бұдан батырдың кандай тұлғада екенін аңғарады.
3-топ.Зертеушілер тобы.Өлеңнен Махамбеттің Баймағанбет сұлтанға айтқан зілді создерін,ақынның бітіспес өшпенділігін білдіретін батыл пікірлерін тауып оқиды.
Байеке,сұлтан ақсертек,
Қыларың болса қылып қал.
Кундердің күні болғанда.
Бас кесермін жасырман-деп батыл айта отырып,келешектегі жарық күнді дәл корсете алды.
Еңсесі биік ақ орда.
Еріксіз кірсем деп едім.
Керегесін қиратып
Отын етсем деп едім...-деп Махамбет,бармағын тістеп нали отырып айтса да,әр созінен оқ,аузынан жалын шашқанын батыл пікірлерінен аңғарамыз.
2.Махамбеттің өзімен Баймағанбет сұлтанды салыстырған теңеу сөздерін,тағып олардың айырмашылығын аңғарамыз.
Бекініп садақ асынған,
Біртіндеп жауды қашырған
Құйқылжыған құла жирен ат мінген;
Құйрық, жолын шарт туйген.
Мен кескекті ердің сойымын
Кескілеспей бір басылман.
Алдыңа келіп тұрмын деп,
Ар,намысымды қашырман.
Сүйегім тұтам қалғанша,
Тартылмай сөйлер асылмын.
Ай,тақсыр-ау,ай,тақсыр,
Бойың жетпес биікпін
Бұлтқа жетпей шарт сынбан...
Айта келген сөзім бар,
Не қылсаңда жасырман
Шамдансам жығар асаумын,
Шамырқансам сынар болатпын.
Махамбет өзінің бейнесін таныту үшін әсерлей суреттеді.Бұдан батырдың қандай тұлғада екені аңғарады.
Соңынан ‘’ сұрақ қоюшылар тобы сұрақтар қояды?
Исатай-Махамбет котерілісі туралы не білесіңдер?
Ол қай кезде,қай жерде болды?
--Асқақ әуелімен Исатай басшының соңынан ерген ереуіл ақыны Махамбет болды.Намысшыл батыр,әрі өр ақын Махамбет өктелдікке,озбырға өрттен жаны шиыршақ ата,ереуілдене Алтай беріп,майданда Исатаймен бірге шығуға бел байлады.1836 жылы 14 сәуір куні Қиялмала деген жерде болды.
- Махамбеттің ата тегі туралы не білесің?
- Махамбеттің арт атасы Қызылбас (парся ) жұртынан.Парсының нәдірше деген патшаның баласы екен, дарияда серуен салып жүргенде кемесі жарылып,Каспий теңізінің бергі бетіне ығып шығады.Баланың аты Құланияз екен.
- Махамбеттің әкесі әкесінің әкесі кім?
Беріш руынан шыққан.Жайық атадан-Дәулет,-Тұмаш,-Жаубасар-Күлмәлі.Ол Құлниязды-Күлмегі деп кеткен.Күлмәлінің қазақ әйелінен-Шыбынтай,Өтемістен-Махамбет дүниеге келген.
-Махамбет қандай дүниеден шыққан?
Махамбетің әкесі Өтемісұлы Жайықтың бергі бетінде Айшуақ хандық құрған тұста беделді бидің бірі болған.
-Махамбет Өтемісұлы қашан,қай жерде дүниеге келді?
1803жылы Орал облысының Орда ауданында,Нарындағы Бекетай құмында дүниеге келген.
-Махамбеттің қандай шығармаларын білесіңдер?
‘’ Ұлы арман’’,”Еңселігім екі ел”,”Атадан туған аруақты ер”,”Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай!”,”Исатайдың сөзі”,т.б.
-Махамбеттің жанұясы тураллы не білесің?
Махамбеттің Ұлтуған,Типан дейтін екі әйелі Махмұт, Нұрсұлтан деген екі баласы болған.
-Махамбет қашан,қай жерде дүние салды?
Өзінің алыс тумасы,әрі дос сымағы Төлейдің Ықыласы 20 жігітті ертіп апарып,солардың қолынан Атырау облысы Махамбет ауданындағы Қарай деген жерде дүние салады.Махамбет зираты сол Қараойда.
-Махамбеттің бейнесі қалай суреттеледі?
“Бойы -165см,шашы,қасы,мұрты,сақалы қара,бетінде дағы жоқ,қараторы,қой козді,”-деп сипаттайды.
-Махамбеттің қандай қасиетін ерекше атап айтар едіңдер?
Аламанға жел бердік,
Аса жұртты меңгердік.
Қара қазақ баласын,Хан орнына теңгердік.
Өздеріңдей хандарды
Қабырғасын сөгілтіп
Қабырғадан аққан қан
Ат баурына төгілтіп
“Әділ” жаннан төгілтіп ,
Ат артына өзгердік
Сабақтың кезеңдері Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Бағалау Нәтиже Ресурс Сабақ кезеңіндегі әдіс-тәсілдер
Ұйымдастыру кезеңі 2 мин. Оқушыларды Махамбет өлеңдеріне байланысты төрт топқа 6-7 оқушыдан бөледі.
1.Арқаның қызыл изені-ай
2.Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны
3.Бағаналы терек
4.Мен едім
3мин Презентация слайдын қосады.
Қазақ даласында 19ғ.патшалы Ресей отарлаушылары жүргізген
3мин Махамбеттің «Мен,мен едім, мен едім» өлеңін талдамас бұрын «Мен»-нің мағынасын ашқызады.Ол үшін оқушыларға сауал жолдайды. -Балалар, сендер «Мен» сөзінің мағынасын өздеріңе қаратып, өздерің жайлы не айтар алар едіңдер? Мысалы, Мен-оқушымын, мен-Қазақстан азаматымын, Мен-ата-анамның сүйікті перзентімін, мен-ұлағатты ұстаздардың шәкіртімін, мен-адал доспын, мен-имандылықты бойына сіңірген халқымның адал перзентімін, мен-өмірге құштар жанмын,т.б. Оқушылар өздеріне түрлі дәрежеде баға береді, «Мен» сөзінің мағынасын ашады. Сөйлеу, ойлау дағдылары жетіледі, өздеріне сыни тұрғыда баға береді. Махамбет
Махамбет бейнесін ашу 3мин (Презентация слайдын қосады)
Ендігі кезекте Махамбет өлеңдеріндегі «Мен» сөзінің мағынасын ашып көрейік. Балалар, байқасаңдар,Махамбет өлеңдерінде «Мен» сөзі жиі қолданылады. Осы сөз қандай мағынада айтылады? Осы өлеңдері арқылы Махамбетті қай қырынан танимыз? Ондағы «Мен»-нің мәні ерекше, астарында мол сыр бар. Мұндағы «Мен»-Махамбеттің бүкіл болмысы, Махамбеттің күрескерлік әлемі, Махамбеттің батыр жүрегі. Осы «Мен» арқылы оның ісі, күрескерлігі, ерлігі, елге деген махаббаты, елдің тәуелсіздігіне деген жауапкершілігі, дұшпанына деген ыза-кегі көрінеді.
Махамбет менінің астарына үңіледі, құнды ой түйеді.
Интерак
тивті тақта
2-тапсырма 10мин. «Мен едім» өлеңін Қ.Тасболатов талдауына салып, талдауға бағыттайды. Өлең мәтінін таратып береді.
«Арқаның қызыл изені-ай» өлеңінде берілген өлең жолдарынан қалаған жолды алып, мағынасын ашуды, ой өрбітуді тапсырады, шығармашылық жұмысқа бағыттайды.
1-оқушы: Мен үшін Махамбет Өтемісұлы – бір ғасырда бір-ақ рет туылатын дара тұлға.
2-оқушы: Мен Махамбеттің тұлғасын отты, жігерлі, қайратты, ұлттық рухы биік, хас батыр, дауылпаз ақын ретінде таныдым.
3-оқушы: Мен үшін Махамбет тұлғасы – елі үшін етігімен су, толарсақтан саз кешкен хас батырдың өзі, Исатайдың сенімді серігі.
Жағылған шырақ Ұжымдық жұмыс
«Б.Б.Б» стратегиясы
Бағалау 2 мин Оқушылардың бағалауын тыңдайды «Көршің қандай» ойыны арқылы жұп жұмысын бағалайды. Жұптық,
топтық бағалау Жұпта бағалауды үйренеді. Бағалау парағы Бағалау
Үй тапсырмасы 1 мин «Мен едім» өлеңін жаттап келуді тапсырады
Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлының өлеңдері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Махамбет өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктерін ұғын-дыру тақырыбы, жанры және маңызы жайында айту.
Дамытушылық: Патриоттық тақырыптағы өлеңдерді нақышына келтіріп мәнерлеп оқу, өлеңдеріндегі айтпақ ойды табу. Әдеби кітаптар оқуға үйрету.
Тәрбиелік: Ерлікке, елдікке, батырлыққа баулу, елін, жерін сүйуге, патриорт болуға шақыру.
Сабақтың көрнекілігі: Махамбеттің суреті, тірек кесте буклет, тест па-рақтары, плакат, көркем әдебиеттер, газет-журнал материалдары, семантика-лық карта, т.б.
І. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, оқу құрал-дарын даярлау,
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Сұрақ-жауап әдісі бойынша Махамбет туралы не білетіндіктерін сұрай-мын.
Өткен тақырыптарды пысықтау мақсатында Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылық қызметі жайлы тест сұрақтарын таратып беремін.
Тест жұмысы. Жауап кілті тақтаға ілініп, тексеріледі. Бағалау крите-рилері бойынша оқушылар бірін-бірі бағалайды. Бағаларын бағалау кестесіне қояды.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Сабақ жоспары:
Тест жұмысы.
Жаңа сабақ.
Өзіндік жұмыс
Бес жоды өлең
Шығармашылық жұмыс
Қорытынды.
Үйге тапсырма
Бағалау.
Жаңа саақтың тақырыбы мен мақсатын айтып, тақтадағы плакатқа түсірілген тірек кесте бойынша Махамбеттің ерлікке, елдікке шақыратын және Исатайға арналған өлеңдеріне тоқталамын.
Махамбет Өтемісұлының өлеңдері.
Талдау:
Махамбет өлеңдерінің тақырыбы, мазмұны
идеясы, көркемдік ерекшеліктері.
|
Ерлікке, елдікке Исатайға шақыратын арналған
«Мұнар күн» «И. деген ағам бар»
«Ұлы арман» «Арғымаққа оқ тиді»
«Біртіндеп садақ «Тарланым», «Соғыс»
асынбай» «Мінген ер», «Мінгені
«Ереуіл атқа ер И-дың Ақтабан-ай»
салмай» «Исатай сөзі»
«Жалғыз дүние» «Арыстан одан кім
«О, Нарын!» өткен?»
|
Күрделі мәселе:
Елдегі әділетсіздік.
Батырдың аңғалдығы.
Исатай қазасы.
|
А) Жаңа сабақты пысықтау үшін: Шаруалар көтерілісінің шығу себептері, көтерілістің мақсат-мұраты ақынның қандай шығармаларында көрінгендігін, сол шығармаларына сүйене отырып талдау жасаймыз.
Ақын шығармаларында Исатай бейнесі қалай сомдалғандығы жөнінде айту. Өлеңдеріне талдау жасай отырып, Махамбет романтизімнің ерекшелік-терін айтып беру.
Жырларда Махамбеттің өз тұлғасы қалай көрінгендігін айту.
М. Өтемісұлы шығармаларының тақырыбы, жанры және маңызы жай-ында айтып беру.
.
Бүгін Махамбет Өтемісұлының өмірі және шығармашылығы туралы танысамыз. Махамбет ақын туралы біз төменгі сыныптардан білеміз. Қазір сендер сызған кестені толтырыңдар. Білемін деген бағанға батыр туралы өздерің білетін мәліметтерді толтырып жазыңдар. Білгім келеді деген бағанға нені білгілерің келетінін жазып шығыңдар. Үйрендім деген үшінші бағанды сабақтың соңында толтырасыңдар.
Туған жылы, жері. батыр, ақын
«Қызғыш құс» «Бағаналы терек
Ерлігі, күйшілігі туралы
ІІІ. Жаңа сабақ
Ақын өмірінен деректер“Өмір - дерек” слайд
• 1803 жылы д. к
• 1824 - 1828 ж. Жәңгір хан ордасы
• 1829 ж.”Қалмыков” қамалында тұтқында отырады
• 1930 ж. Түрмеден қашып шығады.
• 1833 - 1836 ж көтеріліске дайындық
• 1836ж “Қиялымола”көтерілісі
• 1838 ж Исатайдың қазасы
• 1846 ж дүниеден өтеді.
• «Махамбет - қазақ ақындарының ішіндегі ең бір күштісі... Махамбет жырлары - өз заманындағы ең қанды, ең әсерлі сөз, көпшіліктің өз үні.”
• Мұхтар Әуезов
Махамбет Өтемісұлының шежіресі
Жаубасар
Құлмәлі Өтеміс Тоқтамыс Бекмағамбет Қожахмет Махамбет
Ысмайыл Досмайыл Сүлеймен Ыбырайым Әйіп Хасен
Өтемістен туған он едік,
Онымыз атқа мінгенде -
Жер қайысқан қол едік, -
Махамбет – халқын сүйген, халық мұңын жырлаған, елім деп еңіреген ақын. Махамбет поэзиясы өз дәуірінің, сол кездегі қанауға қарсы көтерілген шаруалар көтерілісінің айқын үні. Отанын сүйген патриот - өлеңдерін көпшілік мүддесі үшін жұмсаған, еңбекші шаруалардың жыршысы.
Махамбеттің күйлері
“Жайық асу” “Жауға шапқан” “Жұмыр қылыш” “Қайран нарын” “Өкініш”
Махамбеттің күйлерін орындап, халыққа жеткізіп жүрген күйші
Айгүл Үлкенбаева«Жұмыр қылыш» күйін тыңдату
ІҮ. Мағынаны тану
(Мәтінмен жұмыс жасау)
Класс ІІІ топта жұмыс жасайды
І. “Ереуіл атқа ер салмай...”
ІІ.”Көтерілістің шығу себептері”
ІІІ. Махамбет - күйші
ҮІ. Үйге тапсырма
ҮІІ. Бағалау
Махамбет Өтемісұлы "Мен,мен едім,мен едім"
[ Скачать с сервера (36.7Kb) ]
|
2015-02-03, 9:22 PM
|
жазады.
|
Белсенділігі: «5» - 5 ұпай, «4» - 4 ұпай,« 3» - 3 ұпай
1.Жаңа тақырыпқа шығу -1 ұпай
2.Мәтінмен жұмыс жасау -1ұпай
3.Сәйкестендіру -1ұпай
4.Шашылған тіркесті жинау-1 ұпай
5. «Карусель» ойынына қатысу-1 ұпай
Қосымша №1
|
«Сегіз аяқ» өлеңі
|
«Адамдық борышың»
өлеңі
|
5 жасында араб, парсы тілін үйренген
|
1845-1904
өмір сүрген
|
1846-1945
Жж.
|
Шын есімі Ибраһим
|
«Жалғызбын деп жүрмесін»
|
1858-1931 жж.
|
Гомер атанған атамыз
|
Абай Құнанбаев
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Шәкәрім Құдайбердиев
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жамбыл Жабаев
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жауап кілті
|
«Сегіз аяқ» өлеңі
|
«Адамдық борышың»
өлеңі
|
5 жасында араб, парсы тілін үйренген
|
1845-1904
өмір сүрген
|
1846-1945
жж.
|
Шын есімі Ибраһим
|
«Жалғызбын деп жүрмесін»
|
1858-1931 жж.
|
Гомер атанған атамыз
|
Абай Құнанбаев
|
+
|
|
|
+
|
|
+
|
|
|
|
Шәкәрім Құдайбердиев
|
|
+
|
+
|
|
|
|
|
+
|
|
Жамбыл Жабаев
|
|
|
|
|
+
|
|
+
|
|
+
|
Қосымша № 2.
1 –шумақтың талдауы: 1 шумақты, 4 тармақты, 3 бунақты, 11 буынды, қара өлең ұйқасы.
2- шумақтың талдауы: 1 шумақты, 4 тармақты, 3 бунақты, 11 буынды, қара өлең ұйқасы.
3- шумақтың талдауы: 1 шумақты, 4 тармақты, 3 бунақты, 11 буынды, қара өлең ұйқасы.
Эпитеттер: мас, тоқ, қысқа түн, жарық күн, сансыз торғай, көк майса, асыл шөп.
Теңеулер: түскендей, батқандай, жауһардай, айнадай.
Достарыңызбен бөлісу: |