Сабақ реті: күні Тақырыбы



бет82/84
Дата05.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#17090
түріСабақ
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84
2.Мұғалімнің түсіндіруі:
1.Химиялық реакциялардың жылдамдықтары туралы ақпаратты алу дың химиктер үшін қажет бірнеше маңызды себептері бар.Солардың бірі, реакциялардың әртүрлі жылдамдықтармен жүруі болып табыла ды.Бірақ мұндай бақылаулар ештеңе көрсетпейді,тек жүретін процес тер туралы біздің білімімізді арттырады.Егер химиялық реакция жыл дамдығына әсер ететін факторларды табу мүмкін болса,онда реак цияны басқаруда біздің мүмкіндігіміз өлшеусіз өскен болар еді.Тоты ғу реакциясын қарастырайық.Химик қазіргі реактивті қозғалтқыша тиімді жанатын отынды дайындайын деп жатыр дейік.Отынның ауа дағы оттекпен әрекеттесу жылдамдығының өте жоғары болуы түсі -нікті,бірақ қопарылыс болмауын бақылау қажет.Екінші жағынан, егер ауада қандай да бір затты тотығудан (мысалы,малдың майы) сақ тау қажет болса,оның табиғи тотығу қабілетін тежеу қажет.Екі жағ дайда да химиялық өзгерістібақылау керек.Едәуір тиімді жолдармен химиялық өнімдерді алу үшін өнеркәсіпте химиялық реакцияның жылдамдығын бақылау қажеттігіне көптеген мысалдар келтіруге бо лады.Мәселен,экономикалық тиімсіз,өте баяу жүретін процестердің жылдамдығын көтеру үшін көбінесе өршіткілер қолданылады, кері сінше жылдам жүретін процестерге химиялық реакцияны баяулата -тын тежегіштер пайдаланылады.Өсімдіктер мен жануарлардың орга низмдерінде жүретін күрделі химиялық және биологиялық процес- терге температура елеулі әсер етеді.Мысал ретінде,медицина да ма- ңызы ерекше- тыныс алу жылдамдығына температураның әсерін кел тіруге болады.Кейбір хирургиялық операциялар кезінде қанның цир куляциясы мен тыныс алу жиілігін төмендетіп, метаболизмдік про -цестердің жүруін баяулату үшін пациенттің денесін салқындатады. Тамақты сақтағанда оны дайындау барысында жүретін биохимиялық процестерге де температураның әсері бар.Тамақ өнімдерінің бұзылу жылдамдығын әртүрлі жолдармен мысалы,тоңазытқышта салқында- тунемесе нитридтер сияқты консерванттарды қосу арқылы тежейді.
Химиялық тепе-теңдіктің ығысуын лабороторияда және зауыттарда химиялық реакцияларды жүргізу үшін кеңінен қолданылады.Шығым ды көтергенде өндірістің құны кемиді. Ол үшін тепе-теңдікті өнімнің түзілу жағына қарай ығыстыру керек. Көптеген технологиялық, хи -миялық процесстердің оңтайлы тиімділігі ле температураға тәуелді. Мысал ретінде күкірт қышқылын алудың екінші жанасу сатысын көрсетуге болады: 2SО О→ 2SO3 Н°= – 191,6 кДж/моль.
Бұл реакция экзотермиялық болғандықтан температураны төмендетіп, күкірт триоксидінің шығымын жоғарылатуға болады. Бірақ температураның төмендеуі процестің баяулауына әкеледі. Сондықтан реакция шығымы мен жылдамдығының арасындағы оңтайлы байланысты табу керек. Бұған 450°С-тан 500°С – қа дейінгі температурада және өошіткі – ванадий (V) оксидін қолданып жетуге болады.
Сонымен реакция жылдамдыөтарын не үшін оқып үйренеді:

  1. Материя туралы білімімізді тереңдетуге, сонымен бірге оның негізінде теориялық толықтырулар жасауға мүмкіндік беретін фактілерді жинау;

  2. Неге реакциялар белгілі жылдамдықпен жүретінің түсіндіру;

  3. Химиялиқ процестерді басқаруға мүмкіндік беретін материяның өзгерісін бақылай білу;

  4. Химиялық өзгерістер қалай жүретінін білу.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет