Күні: сыныбы: 7 «А» пәні: биология сабақ реті:
Сабақтың тақырыбы: «Бунақденелілер класын қорытындылау»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Бунақденелілер класына жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктерін айқындау. Бунақденелілер туралы білімдерін тереңдету және кеңейту.
Тәрбиелік: Жүйелі түрде жұмыс істеуге, өз ойын дәл, тиянақты айта білуге, өз бетімен білім алуға тәрбиелеу.
Тірі ағзаларға деген қамқорлық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың интеллектуальдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: «Бунақденелілердің ішкі құрылысы» суреті, тапсырма жазылған үлестірмелі қағаздар, плакат, суреттер.
Әдіс-тәсілдері: талдау-жинақтау, сұрақ-жауап, проблемалық әдіс, продуктивті-редуктивті, тірек сызба,
Сабақтың барысы:
І. «Білім минуты» Үй жұмысын тексеру
1. Бунақденелілер қандай типке жатады? - буынаяқтылар типіне жататын көпжасушалы, омыртқасыз жәндіктер класы. Бұлар - ғаламшардың кез келген түкпірінде таралған жануарлардың ең үлкен тобы. Оны жануарлардың әр түрлі тобындағы түрлердің салыстырмалы мөлшерінен айқын байқауға болады.
2. Олардың қанша түрі бар және қайдан кездестіруге болады?- 700000 (миллионға жуық) түрлері бар деп есептеледі.
3. Бунақденелілер класы негізгі неше класс тармағына жіктеледі?- екі класс тармағына жіктелген еді. Олар туақанатсыздар және қанаттылар класс тармағы деп аталады.
4. Қандай бунақ денелілерді білесіңдер? және суда өмір сүретіндер-суаршын, суқандала, сушалқақ, зұламат. Қоңыз, шыбын масалар, көбелектер, баларалар,құмырсқалар, инеліктер.
5. Бунақденелілер класында қанша отрядқа бөлінеді? - 35 отряд бар.
Үлестірме парақшалар беру.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. « Мағынаны тану»кезеңі
*Дене бөліктері сыртқы құрылысы: Бұлардың басқа буынаяқтылардан негізгі ерекшелігі - денесі айқын үш бөліктен құралады. Олар: бас, көкірек және құрсақбөлімдері деп аталады.
*Бунақденелілер неше аяқты бас бөлімінде нелер орналасқан. барлығы 6 аяқты : Басым бөлігінде қанаттары болады. Дене бөлімдері - алуан түрлі қызмет атқарады. Екі мұртша, күрделі және жай құрылысты көздер мен көзшелер баста орналасады. Көкірек бөлігіне қимыл-қозғалыс қызметін атқаратын аяқтар мен қанаттар орнығады.
Ішкі құрылысы. – Бунақденелілердің ішкі құрылысы ретінде нені атай аласыңдар?
- Тыныс алуы
- Зәр шығаруы
- Жүйке жүйесі
- Қанайналым жүйесі
- Көбею мүшелері
-Ас қорыту жүйесі
-Көбею мүшелері
* Тыныс алу мүшесі: Демтүтік арқылы тыныс алады
* Зәршығару жүйесі – ішекке ашылатын өте жіңішке мальпигий түтікшелері
*Жүйкежүйесі жоғары деңгейде дамыған. Жұтқыншақ үсті жүйке жасушасының түйіні - ми. Мидың үш бөлігі бар. Олар: алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден құралады. Жұтқыншақ асты түйіні мен құрсақ жүйке тізбегі екі жұп түйін - ганглий (гр.ганглион - бұдырмақ, ісік) түзеді.
* Қанайналым жүйесі: - Буданақденелілердің қанайналымы ашық тамыр жүйесі арқылы жүзеге асады. Мөлдір түтік тәрізді жүрегі арқа жағына орналасады, жүрек және одан таралатын қысқа қолқадан басқа бунақдене денесінде қанайналым тамырлары болмайды.
Асқорытужүйесі ауыздан басталады. Ауыз мүшесінің құрылысы сан алуан.
дара жынысты, буынаяқты жәндіктер.
IV. Көбею мүшелері немесе даму жолдары : Көбею мүшелері құрсағында болады
Тура даму: жұмыртқа-имаго -(қанатсыз жәндіктер)
Шала түрленіп даму: Жұмыртқа - дернәсіл - имаго (инелік, дәуіт, шегіртке, бұзаубас, бит, қандала,
Толық түрленіп даму: Жұмыртқа - дернәсіл - қуыршақ - имаго (қоңыздар, көбелектер, бүргелер, шыбындар, масалар, шаншарлар, құмырсқалар, баларалар, т. б.).
V. «Ой ашар» кезеңі Сөзжасам: хитин, гемолимфа, нимфа, наяда, имаго, энтомология.
Оқушылар таныс терминдерді атай отырып, анықтама береді.
Хитин - әктенген тұздар сіңген органикалық заттар.
Гемолимфа – бунақденелілердің түссіз қаны.
Нимфа – түлеген кезде қанат бастамасы пайда болып, жыныс мүшесі толық жетілмеген дернәсіл. Наяда - суда дамитын дернәсіл. Имаго – дернәсілдің ересекке айналу сатысы.
Энтомология – бунақденелілерді зерттейтін зоология ғылымының бір саласы
Дәптермен жұмыс. Оқушылар жаңа сөздердің анықтамасын дәптерге жазады.
VІ. «Тапқыр болсаң тауып көр» Пайдалы және зиянды бунақденелілер ді суреттен анықта маңызын айт. Көптеген бунақденелілер (бүйі, қарақұрт, құршаян, кене, т. б.) улылығымен, паразиттік тіршілігімен, ауру таратқыштығымен, омыртқалы жануарға және адамға зиянды. Паразит бунақденелілер (маса, қандала, бүрге, бит, тарақан, т. б.) көптеген қауіпті ауруларды таратып, адамдарға зиянын тигізеді. Ауыл шаруашылығына өте қауіпті бунақденелілердің бірегейі - азиялық шегіртке. Жәндіктердің санына және шоғырлануына байланысты шегірткелердің үйірлі және саяқ түрлері болады. Үйірлі шегірткелер дернәсілдердің тығыз топтасуынан - жаушоғыл (кулига), ересектерінің жинақталуынан үйір түзеді. Сөйтіп бұлар бір жерден екінші жерге топтасып көшелі. Саяқ шегірткелер мекенінен ұзақ ұшпайды - көшпенді емес. Азиялық шегіртке (көкқасқа шегіртке) – өте қауіпті, зиянкес жәндік. Көкқасқа шегірткенің аналығынан бір жазда өрбіген ұрпақтары екі қойды тойындыратын азықты жояды. Ал олардың жаушоғылдары мен үйірлері 1 - 2 сағатта жүздеген, тіпті мыңдаған гектар егістікті тып-типыл етеді. Жаушоғыл түзетін қанатсыз дернәсілдер жаяу шегіртке деп аталады. Жаяу шегірткелерден құралған жаушоғыл жолында кездескен өсімдік атаулыны жайпайды. Сөйтіп бір жерден екінші жерге көшелі.
Маңызы: Араның уы (апитоксин) – оның улы безінен бөлінетін түссіз, мөлдір ерітінді. Ара өз денесінен уды тосын қауіп төнгенде немесе бірдеңеге ызаланғанда бөледі екен. Ара уынан жасалған дәрі-дәрмектер негізінде ревматизмді, радикулитті, демікпелі бронхитті, бас сақинасын, гипертонияны т.б. ауруларды емдеуге қолданылады
Көптеген бунақденелілер (қанқыз,құмырсқа, шаншар, т. б.) ауыл шаруашылығына зиян келтіретін сан алуан зиянкестерді жояды. Баларалар адамға бал және балауыз береді, өсімдіктерді тозаңдандырады. Жібек көбелектері жібек алу үшін өсіріледі. Бунақденелілер далада және орманда қалған жануарлардың өлексесі мен өсімдіктің шірінділерімен қоректенеді. Кейбір елдерде бунақденелілерді (шегірткені) тағам ретінде пайдаланды. Табиғатта тіршілік ететін зиянды бунақденелілер де баршылық.
Үй шыбыны: қантышқақ, іш сүзегі, көз ауруы т.б. аурулары таратады. Бір аналық шыбынның ұрпақтары жаз аяғында 6 триллионға дейін жетеді екен.
VІІ. Логикалық тест тапсырмалары
1. Ара қызыл түсті гүлді өсімдіктердің ішінен, тек көкнәрдің гүлін ғана тозаңдандырады. Себебі
А) иісі хош иісті
В) кездейсоқ тозаңдандырады
С) күлтесі ультракүлгін сәулені шағылыстырып, араға көруге жағдай жасалынады
2. Шыбынның дәм сезімі орналасады
А) мұртында
В) бүкіл денесінде
С) аяғында
3. Ең еңбекқор, сезімтал, қоғамшыл жәндік:
А) қанқыз
В) құмырсқа
С) дәуіт
4. Өсімдіктің «өгейшөп» деп аталу себебі:
А)жалғыз өседі
В) басқа өсімдіктің көмегімен өседі
С) жапырақ тақтасының екі түрлі болуы
5. Бала – аяғы жоқ 9,басы жоқ 6, ортан белі жоқ 8 балық ұстады. Барлығы неше балық? (ешқандай балық ұстамады)
VІІІ «Өзіндік жұмыс» дәптерге орындау.
12) Жіктелуі: Отрядтарын, өкілдерін атау. Тапсырма: Сәйкестендіру.
1. Турақанаттылар отряды. А) дәуіт
2. Тарақандар отряды. Ә) шегіртке, саяқ, шекшек, шілделік, бұзаубас.
3. Дәуіттер отряды. Б) құмырсқа, балара, шаншар.
4. Инеліктер отряды. В) қандалалар
5. Жарғаққанаттылар оряды Г) инелік
6. Шалақатқылқанаттылар отряды. Ғ) маса, құмыты, шіркей, қара шыбын, бөгелектер
7. Қатқылқанаттылар отряды. Д) көбелек
8. Қосқанаттылар отряды. Е) тарақан
9. Қабыршаққанаттылар отряды. Ж) қоңыз
Жауабы: 1Ә, 2Е, 3А, 4Г, 5Б, 6В, 7Ж, 8Ғ, 9 Д.
Буданақденелілердің сипап сезу, иіс сезу, көру, есту және тепе-теңдік мүшелері күшті дамыған.Шөлді жерде жер асты суларын іздеп табуға құмырсқаның көп көмегі тиеді. Себебі бұл жәндіктер ылғалы бар жерді ғана мекендейді. Есту мүшесі: суретті көрсете отырып, есту мүшесінің шегірткенің аяғында екенін айту.
Тепе-теңдік мүшелері: Олар үлкен биіктіктен төмен қарай құлдилай алады. Жорғалап жүре алады, жоғары қарай өрмелей алады, ауада еркін қалықтай алады.
- Олардың жер бетінде кең таралу себебі неде деп ойлайсыңдар? (дене мөлшерінің ұсақтығы, ұшу қабілеті)
- Оларға қолайсыз жағдайды анықтаңыз.
- Ылғал, су. Су тиген жәндік қорғансыз. Салмағы екі есе артады. Ал су жәндіктері судан қорықпайды. Олар денесін суға тигізбей, су бетінде еркін қимылдайды.
Тапсырмалар. Экраннан тест тапсырмалары көрсетіледі. Дәптермен жұмыс.
Үйге тапсырма.
Бағалау. Сабаққа қатысқан оқушылар жауаптарының дұрыстығына және белсенділігіне байланысты бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |