Сабақ құрлымы Сабақ түрлері Жаңа білім беру сабағының құрылымы Білім, білік, дағдыны дамыту және бекіту сабағының құрылымы



бет1/2
Дата18.02.2017
өлшемі300,72 Kb.
#10090
түріСабақ
  1   2
М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі

Жас маманға көмек

(Жеке іс-тәжірибесінен)



«Қазіргі замандағы сабақ - білім беру сапасының

негізгі факторы»

Сабақ құрлымы

Сабақ түрлері

Жаңа білім беру сабағының құрылымы

Білім, білік, дағдыны дамыту және бекіту сабағының құрылымы:

Қайталау сабағының құрылымы

Білімді тексеру сабағының құрылымы

Жинақтау – қорыту сабағының құрылымы

Аралас сабақтың құрылымы

Жас маманға берілетін кеңестер

Сабақтың өзіндік талдауы

Озық тәжірибелі педагогтар


Сәрсенова Айым Аманбекқызы

Бастауыш класс мұғалімі



Сабақ құрылымы:

Қазіргі таңда ғылыми ақпарат ағымы өте үлкен, оқыту уақыты шектеулі. Ең маңызды талаптардың бірі оқытудың әдістері мен тиімді мазмұнын табу болып саналады.

Сабақтың құрылымы дидактикалық мақсат негізінде құрылады, оқу материалының мазмұны, оқу іс-әрекетінің барысында жүзеге асырылатын ақыл-ойлық және практикалық операция құрамына, психологиялық заңдылықтары мен жағдайына (класс құрамына, дайындық деңгейіне, кесел келтіретін және күшті оқушылардың әсері т.б.) сәйкес құрылады. Қандай да бір оқу материалының меңгерілу деңгейінің заңдылыға сәйкес мұғалім үйренудің логикасын, реттілігін құрады, ол оқытудың нақты әдістері мен амалдардың көптеген түрлерінің сан алуандылығымен байқалады.

Сабақтың ұтымды құрылымын қамтамасыз ететін:


  • оқытудың, тәрбие мен дамудың мақсатын кешенді жоспарлау;

  • сабақ мазмұнының ішіндегі негізгісін және тақырыптың маңыздысын, нақтылығын бөлу;

  • материалдың мөлшерлігі және қайталау уақыты, жаңа материалды оқу, үй тапсырмасын бекітудің мақсатқа лайықты реттілігін анықтау;

  • оқытудың ұтымды әдіс – тәсілдері, амалдарын таңдау;

  • оқушыларға жеке дара және дифференциалды көзқарас;

  • оқытудың қажетті оқу – материалдық жағдайын амтамасыз ету.

Оқушылардың танымдылық іс-әрекетін белсенділігін арттыру:

  • оқушының оқу – танымдылық міндеттердің қабылдауы мен түсінуі;

  • шешу жолдарының жоспарын құру;

  • індеттің іс-жүзінде шешуі;

  • міндетті шешу үрдісін бақылау;

  • үлгіге сәйкес нәтижесін бағалау;

  • жинаған білімін одан әрі жетілдірудің міндеттерін айқындау

Мұғалімге оқушыларға сабақ үстінде өзіндік шығармашылықпен оқу іс-әрекетін ұйымдастыра білу қажет және оқытудың «белсенді» әдісін қолдана отырып меңгерілу үрдісіне бақылау жасау, ерекше қарым – қатынасты ұйымдастыра отырып көптеген әдістемелік амалдарды қолдана отырып жүзеге асыру қажет.



Сабақ түрлері

Қазіргі сабақтың негізгі кезеңдері



  • Ұйымдастыру кезең, оқушылардың сабаққа деген сыртқы және ішкі (психологиялық) дайындығы.

  • Үй тапсырмасын тексеру.

  • Оқушыны жаңа тақырыпқа дайындау үшін білім, білік, дағдыларын тексеру.

  • Оқушылардың алдына тапсырманың мақсатын қою.

  • Жаңа ақпаратты қабылдауына және меңгеруіне жағдай туғызу, ұйымдастыру.

  • Тақырыпты алғашқы қабылдауын тексеру.

  • Ақпаратты айқындау, қайта айту арқылы, үлгі бойынша жаттығуларды (соның ішінде нұсқауларды ауыстыру) қолдану арқылы меңгерту іс – әрекеттерінің тәсілдерін ұйымдастыру.




  • Ертеде меңгерілген білім, білік, дағдыларының негізінде проблемалық мәселелерді шешу арқылы іс – әрекеттер тәсілдерін меңгеру және білімді шығармашылық жолымен іздеу және қолдану.

  • Сабақта өткенді қорытындылау және оны ертеде меңгерілген білім жүйесіне енгізу.

  • Мұғалім және оқушы орындаған оқу іс – әрекеттерін бақылау, білімді бағалау.

  • Келесі сабаққа үйге тапсырма беру.

  • Сабақты қорыту.


Жаңа білім беру сабағының құрылымы:


  • оқушылардың ойлау белсе,нділігі жоғары жағдайда таным заңдылықтарын ескере отырып алғашқы мәліметтер енгізу;

  • оқушыларға нені есте сақтау керектігіне нұсқау беру;

  • есте сақтауға және жадыда ұзақ сақтауға жағдай туғызу;

  • хабарлау немесе есте сақтау техникасының өзектілігін айқындау (жадыға керек мәліметтермен жұмыс, мағыналық топтастыру т.б.);

  • мұғалім жетекшілігімен тікелей қайталау, жартылай қорыту арқылы алғашқы бекіту;

  • алғашқы есте сақтау нәтижелерін бақылау;

  • қысқа, содан кейін ұзақ мерзім аралығында әртүрлі талаптарға негіздей отырып, соның ішінде саралау тапсырмаларын орындау арқылы, үнемі жүйелі қайталау;

  • жаңа білім алу үшін ішкі қайталау және бұрын қалыптасқан білім, білік, дағдыларын үнемі қолдану;

  • есте сақтау үшін тірек мәліметтерді білім бақылауына жиі қосу, білімді есте сақтау және қолданудың нәтижесін үнемі бағалау.

Білім, білік, дағдыны дамыту және бекіту сабағының құрылымы:


  • оқушыларға істейтін жұмыстың мақсатын хабарлау;

  • ұсынылған тапсырманы орындау үшін оқушыларға білім, білік, дағдыларын ескетүсіру;

  • оқушылардың әртүрлі тапсырмалар, есептер, жаттығулар орындауы;

  • орындалған жұмыстарды тексеру;

  • жіберген қателерді талқылау және оны түзету;

  • үйге тапсырма (егер қажет болса).

  • Білік және дағдыны қалыптастыру сабағының құрылымы:

  • сабақ мақсатын қою;

  • тірек болатын қалыптасқан білік және дағдыларды қайталау;

  • тексеру жаттығуларын өткізу;

  • жаңа біліктермен танысу, оларды қалыптастыру үлгілерін көрсету;

  • меңгеруге берілген жаттығулар;

  • бекітуге берілген жаттығулар;

  • үлгі, алгоритм, нұсқау бойынша жаттықтыру жаттығулары;

  • ұқсас жағдайларға ауыстыру жаттығулары;

  • шығармашылық өзгешелігі бар жаттығулар;

  • сабақты қорыту;

  • үйге тапсырма.



Қайталау сабағының құрылымы

  • сабақтың басын ұйымдастыру;

  • білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарын қою;

  • негізгі ұғым, ақыл – ой қорытындысын, негізгі білім, дағдыларын, іс – әрекет тәсілдерін (ойлау және практикалық) қайталауға бағытталған үй тапсырмасын тексеру. Алдыңғы сабақта, келер қайталауғак сәйкес үй тапсырмасын іріктеу;

  • қайталау жұмысының қорытындысын шығару, сабақта оқу әрекеттерінің нәтижесін тексеру;

  • үйге тапсырма.

Білімді тексеру сабағының құрылымы:

  • Сабақты ұйымдастыру. Бұл жерде тыныш, іскер жағдай туғызу керек. Мұғалім тексеру және бақылау жұмысымен баланың келесі тапсырманы түсіну дайындығын тексереді;

  • сабақ мақсатын қою. Мұғалім оқушыларға қандай мәліметтерді тексереді немесе бақылайтынын хабарлайды. Балалардан сәйкес ережелерді еске түсірулерін және жұмыста пайдануларын сұрайды. Оқушылар міндетті түрде өз жұмыстарын тексе,ріп отыруын ескертеді;

  • бақылау немесе тексеру жұмыстарының (мысал есеп, амалдарды орындау, диктант, шығарма немесе сұрақтарға жауап т.б.) мағынасын айту. Тапсырманың мөлшері немесе қиындық дәрежесі әр оқушының шамасына қарай және бағдарламаға сәйкес болуы керек;

  • сабақты қорытындылау. Мұғалім оқушылардың жақсы жұмыстарын таңдап алып, басқа жұмыстарында жіберген қателерді талдайды және қатемен жұмыс ұйымдастырады (оған келесі сабақ арналады);

  • білім және біліктерінде жиі кездесетін қателерін және кемшіліктерін анықтау, сонымен қатар білім, дағдыларын дамыту жолдарын іздестіру.


Білім, білік және дағдыны қолдану сабағының құрылымы:

  • сабақты ұйымдастыру (жақсы психологиялық ахуал туғызу);

  • сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау;

  • біліктерін қалыптастыру үшін керекті жаңа білімді зерттеу;

  • алғашқы білімдерін қалыптастыру, бекіту және оларды стандартты (күнделікті) жағдайда қолдана білу;

  • өзгертілген жағдайда білім және біліктерін қолдануға жаттығу;

  • білім және біліктерін шығармашылықпен қолдану;

  • дағдыларын шыңдау жаттығулары;

  • үйге тапсырма;

  • оқушылар істеген жұмысты бағалаумен сабақты қорыту.



Жинақтау – қорыту сабағының құрылымы:

  • ұйымдастыру кезең;

  • мұғалім кіріспе сөзінде сабақтың мақсатын және жоспарын хабарлайды, өтілген тақырып немесе тақырыптардың мағынасын анық көрсетеді;

  • оқушылардың біліктерін дағдыландыруға, құбылыс, дәлелдерді қорыту негізінде бар білімдерін қалыптастыруға бағытталған; жеке және ұжыммен әртүрлі жазбаша және ауызша тапсырмаларды қорыту және жүйелеу түрін орындау;




  • жұмыстардың орындалуын тексеру, түзету (керек болса);

  • өткен тақырып бойынша қорытындыларын тұжырымдау;

  • сабақ нәтижесін бағалау;

  • қорытынды жинақтау;

  • үйге тапсырма.


Аралас сабақтың құрылымы:

  • ұйымдастыру кезең;

  • үй тапсырмасын тексеру, сабақ мақсатын қою;

  • оқушыларды жаңа ақпаратты қабылдауға дайындау;

  • жаңа тақырыпты зерттеу және түсіндіру;

  • осы және өткен сабақта өтілген тақырыпты бекіту;

  • білім және біліктерін қорыту және жүйелеу, алғашқы алынған және қалыптасқанды жаңамен байланыстыру;

  • сабақ нәтижесі және қорытынды;

  • үйге тапсырма;

  • оқушыларға жаңа тақырыпты игеру үшін қажет дайындық (алдын ала) жұмысы.



Жас маманға берілетін кеңестер

  • Сабақта өтетін бағдарламаның тарауын мұқият оқыңыз.

  • Осы бөлімді жадыңызға берік ұстаңыз.

  • Оқу матералын талдаңыз.

  • Сабақтың мақсатын белгілеп алыңыз. Сабақ нәтижесінде неге жетпек ойыңыз бар еді деген сауалға жауап беріңіз.

  • Сынып ұжымын, жеке оқушыларды елестетіңіз, олармен сабақ мақсатына жету жолдарын қарастырыңыз.

  • Берілген сынып оқушыларына ең нәтижелі әдіс тәсілдерді таңдап алыңыз.

  • Таңдаған тәсілдеріңіз бен өз мүмкіндіктеріңізді келістіре отырып, сабақтағы өзіңіздің іс-әрекетіңізді анықтаңыз.

  • Сабақтың құрылысы мен барысын ойластырыңыз.

  • Барлық дайындықтарыңызды жоспарға немесе конспектіге жазып алыңыз.

  • Іштей немесе дыбыстап жоспардың түйінді жерлерін қайталаңыз.

  • Өзіңізді тексеріңіз.

    • а/ сабақта қандай деректер, жалпы түсініктер,себеп-салдарлық байланыстар болу керек;

    • ә/берілген сабақта қандай білім қалыптасады;

    • б/ қандай әлемдік көзқарастағы түсініктер, саяси, адамгершілік және эстетикалық бағалауларды қалыптастыру керек;

    • в/ берілген материалды оқу барысында оқушылардың бойында қандай сезім-күй тудыру керек.

  • Кабинетке қоңыраудан сәл бұрын келіңіз. Кабинеттің сабаққа дайындығын /жиһаздың дұрыс тұрғанын, тақтаның таза екенін,

  • ТОҚ, көрнекіліктердің дайындығына көз жеткізіңіз.

  • Сыныпқа соңғы болып кіріңіз. Барлық оқушының ұйымдаса қарсы алғанын талап етіңіз. Сыныпқа көз жүгіртіп, әсіресе тәртібі нашар оқушыларға міндетті түрде көз






  • салыңыз.Оқушыларға ұйымдасқан сабақтың көркемдігін көрсетуге тырысыңыз, тек бұған уақытты бірте – бірте аздатыңыз

  • Сынып жорналынан өз пәніңізді іздеуге уақыт жұмсамаңыз. Оны қоңырауда дайындап қоюға болады. Кезекшілерді мұғалімнің үстеліне сабаққа келмегендердің аты-жөні жазылған парақты қалдыруға үйретіңіз.

  • Сабақты батыл бастаңыз.Оқушыларға: кім үй тапсырмасын жасамай келді ? деген сұрақты қоймаңыз.Бұл сауал үй тапсырмасын орындамауды күнделікті іс сияқы қылып көрсетуі мүмкін. Сабақ балалардың сабақ басынан аяғына дейін жұмыспен шұғылданып отыратындай құрылуы тиіс. Үзілістер, баяулық, әрекетсіздік- тәртіп бұзушылар екенін ескеріңіз.

  • Оқушыларды мазмұны қызық материалдармен, ой салумен баулып, сабақты бақылап, үлгірімі төмен балалардың өз күшіне сенуіне көмек беріңіз.Сынып түгелдей көзден таса қалмасын. Әсіресе назары тұрақсыз, әлденемен айналысып кететіндерді назардан тыс қалдырмаңыз.Жұмыс тәртібін бұзушылардың алдын алыңыз.

  • Сабақ үстінде өзге жұмыспен айналысатын оқушыларға көбірек сұрақтар қойып, зейінін өзіңізге аударыңыз.

  • Оқушы білімін бағалауда өз сөзіңізді іскерлік және қызығушылық қабілетпен ұштастырыңыз. Оқушының немен жұмыс істеу керектігіне нұсқау беріп, аталған тапсырманың орындалуын қадағалаңыз. Бұл еңбекке деген жауапкершілікке үйретеді. Оқушы мұғалімнің тапсырмасын міндетті түрде орындау керектігіне үйренеді.

  • Баға қою үшін оқушының ынтасы мен тәртібін ескеріп, оқушының білімін объективті түрде бағалаңыз.

  • Сабақты сыныптың жалпы бағалаумен және жекелеген оқушылардың біліміне баға қоюмен аяқтаңыз. Оқушылар сабаққа деген өз еңбектерінің нәтижесін сезініп, шаттыққа бөленсін. Тәртібі нашар оқушылардың жұмыстағы оң нәтижесін ескеріңіз, дегенменде бұндай іс-әрекетпен болмашы жетістікті бағалауды жиі қайталамауға тырысыңыз.

  • Сабақты қоңыраумен аяқтаңыз.Кезекшіге өз міндетін ескертіңіз.

  • .Орынсыз ескерту жасаудан аулақ болыңыз.

  • Басқалардың көмегіне сүйенбеңіз. Педагогикалық практикада

  • тәртіпке шақыру - мұғалімнің пайдасына шешілмейтінін ескеріңіз. Көмекке оқушыларды шақырыңыз. Сынып оқушылары тәртібі нашар оқушыларды қолдамаған жағдайда мәселені шешу оңай.

  • 12.Сыныптың бөлігімен немесе тұтас сыныппен келіспеушілікке жол бермеңіз, егерде осындай жағдайға тап болсаңыз мәселені оңды шешу жолын қарастырыңыз.

  • Мұғалімнің қылығының дұрыстығына күмән туып, тіпті оның кінәсі сөзсіз дәлелді болса, келіспеушілік оқушылардың пайдасына шешілу керек екенін ескеріңіз.

  • Н.А.Добралюбованың «Оқушылардың көз алдында іс-әрекеті толық ақталған мұғалім – бұл әділ мұғалім» деген сөзін есте сақтаңыз.



Сабақтың өзіндік талдауы
Мұғалімнің сабақты талдауға қойылатын негізгі талаптар:

• талданатын тақырыптың мақсаты мен міндеті;

• дидактика, психология, әдістеме, бағдарлама, нормативтік талаптар мен әдістемелік ұсыныстардың негізін білу;

• өз сабағына талдау жасайтын позиция мен көрсеткіштерді айдындай білу;

• оқушылардың ерекшеліктерінің мінездемесі және сабақтағы жұмыста оның ескерілуі;

• сабақтың жоспарын, түрін, құрылымын, мазмұнын, әдіс – тәсілдерін дәлелдеу;


• сабақ барысында оқушылардың орындайтын жаттығулар мен тапсырмалардың оқу міндеттерінің жүйесінде психологиялық және педагогикалық бағалау;

• сабақтың әртүрлі кезеңдерінде оқушылардың ойлау қабілетінің өз бетінділігінің дамуын бағалау;

• сабақтың жоспарланған міндеттерін жүзеге асыру;

• сабақта фактілер мен әрекеттердің педагогикалық мақсатқа лайықтылығын бағалау;

• сабақтың кезеңдерінің өзара байланысын көрсету мен бағалай білу;

• жүргізілген сабаққа(немесе кейбір кезеңдеріне) қанағаттануы (қанағаттанбауы);

• сәтсіздіктерді немесе кемшіліктерді жоюды іске асыру жолдары;
Сабақты өзіндік талдау
1. Сабақтың жалпы құрылымын бағалау:

Бұл өткізілген сабақ сабақтың қандай түріне жатады?

Бұл сабақтың бөлім, тарау, тақырып ішіндегі орны қандай?

Осы үлгідегі сабақтардың ішінде элементтері нақты белгіленген бе?

Сабақтың әр бөлігіне жұмсалатын уақыт мөлшері дұрыс белгіленген бе?
2. Сабақтың дидактикалық мақсатын жүзеге асыру:

Осы тақырыптағы (сұрақтағы) бағдарламаның талаптарының барлығы байқалды ма?

Жаңа материалды түсіндірген кеде оқушылар қаншалықты белсенді болды(қабылдауы, түсінуі, танымдылық қызығушылықтың оянуы)?

Жаңа материалдың жеке «бөліктерінің» шешілу жолдары дұрыс таңдалды ма?

Жаңа материалды оқыту кезінде нені өзгертуді қажет етті және қалай?

Алғашқы, жалғасқан бекіту өз орнын таба алды ма? (сабақтың арнайы таңдалған кезеңінде жаңа материалмен түсіндіру барысында бекіту орын аблы ма)

Оқушылардың білім, білік, дағды деңгейінің сапасы қалай бағаланды (оқушылардың қамтылуы қаншалықты, тақтаға шығару принципі т.б.)?
3. Оқыту үрдісінде оқушылардың дамуын жүзеге асыру:

оқушылардың ойлау операцияларының негізіне (талдау, синтез, жалпылау, топтастыру, жүйелеу) қамтылуы орын алды ма?

Пәннің ішінде және пән аралық байланыс құру жүзеге асырылды ма?

Шығармашылық ойлауды дамыту әдістері қолданылды ма?

Жалпы дамуына қатысты қандай – бір ақпарат орын алды ма?

Оқушылардың эстетикалық дамуы орын алды ма?


4. Сабақ барысында тәрбиелеу.

Оқу материалының мазмұнындағы барлық тәрбие мүмкіндіктері қолданылды ма?

Дүние танымын қалыптастыруда қандай жұмыс жүргізілді?

Сабақта оқытудың өмірмен байланысы қалай жүзеге асырылды?

Мұғалім тұлғасының тәрбиелік әсері қандай болды?
5. Дидактиканың негізгі принциптерін сақтау.

Оқытудың принциптерін жүзеге асыруда мұғалімнің іс әрекеті мен оқушы іс - әрекеті дұрыс ұйымдастырылды ма?


6. Оқыту әдістерін таңдау.

Оқытудың әдістерін таңдауда жалпы талаптар ескерілді ме (дидактикалық мақсаты, оқу материалының спецификасы, пәннің, оқушының жас ерекшелігі мен жеке қабілеттерінің жалпы мақсаттық бағытылыққа байланысы т.б.)?


7. Сабақтағы мұғалімнің жұмысы.

Сабақта мұғалімнің қандай іс-әрекеті орын алды қандай көлемде (сөйлеу іс-әрекеті, тыңдау, жазу, оқушыларға көмек т.б.)?

Класпен қарым-қатынасқа орнатылды ма?
8. Оқушылардың сабақтағы жұмысы.

Сабақтың әртүрлі кезеңдеріндегі оқушылардың белсенділігі қандай болды?

Сабақта оқушылардың қандай іс-әрекеті орын алды?

Сабақта қандай тәртіп болды және неге?


9. Сабақтың гигиеналық жағдайы.

Класс бөлмелері жеткілікті жарық болды ма?

Оқушылар денсаулығы, бойы, үлгерімене байланысты отырғызылған ба?

Сабақ кестесіне дұрыс қойылған ба?


10. Кейбір әлеуметтік міндеттер.

Педагогикалық кеңес, әдістемелік бірлестік немесе мектептің зерттеуімен қабылданған шешімімен байланысты міндеттер.



Жағдайға байланысты талдау барлық параметр негінде аталғандардың ішіннен талдаудың бір-екі түрін ғана алуға болады.
Өзіндік талдау – мұғалімнің келесі сабаққа дайындалудың бастамасы.

Озық тәжірибелі педагогтар

Шаталов Виктор Феодорович – педагог –ғалым . Негізгі идеясы

–жоғары қиындықта оқыту, оқытуда тірек сигналдар мен схемаларды пайдалану.



Аманашвили Шалва Александрович. Негізгі идеясы

-ынтымақтастық педагогика, алты жасар балаларға тәрбие мент білім берудің мазмұнын, ұстанымдарын, тиімді әдістерін негіздеп берген ғалым.



Қанипа Бітібаеваның негізгі идеясы- әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдарын анықтау. Оқушының дербес ерекшелігі мен рухани дүниесін жетілдіру жолдарын зерттеуші ұстаз.
Занков Л.В.- дамыта оқыту технологиясының негізін салушы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет