Сабақ Сабақ тақырыбы: § 53 «Қосмекенділер класы-алғаш құрлыққа бейімделе бастаған жануарлар»



бет1/3
Дата18.02.2017
өлшемі0,63 Mb.
#10152
түріСабақ
  1   2   3
Сынып: 7 «А»

Пән: Биология Күні: 22.04.2016 жыл

Пән мұғалімі: Егимбаева Жулдыз Кенесовна
Ашық сабақ
Сабақ тақырыбы: § 53 «Қосмекенділер класы-алғаш құрлыққа бейімделе бастаған жануарлар»
Сабақтың мақсаты: жануарлар систематикасына сәйкес желілілер типіндегі екінші класс – қосмекенділер класына түсініктеме беру.

Сабақтың міндетері:

Білімділік: Қосмекенділер класына жалпы сипаттама бере отырып, бақаның сыртқы және ішкі құрылысын, қоректенуін, ми бөлімдерін, көбеюі және отрядтарын анықтау. Балықтар класымен ұқсастықтарын және айырмашылықтарын ажырату.

Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін дамыту, қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін жетілдіру, сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, шыдамдылыққа, тәртіптілікке, қоршаған ортаны қорғауға баули отырып тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.

Сабақтың әдістері: Сұрақ- жауап, өзіндік жұмыс, топтық жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс, зертханалық жұмыс, оқулықпен жұмыс, ассоциациялық карта құру, дайын суреттермен жұмыс, фронтальді әңгімелесу, маркировка кестесі стратегиясы, менталь карта әдісі, денотант граф әдісі, биологиялық пошта ойыны, терминдермен жұмыс.

Оқыту технологиясы: блум жүйесі, жаңа форматтағы 7 модуль, мозаика

Мотивация: Жаңа тақырыпты ашу.

Сабақтың көрнекілігі: Биология 7 сынып, суреттер, плакаттар, презентация, зертханалық жұмыс дәптерлері.

Болжамдалып отырған нәтиже: оқушылардың қосмекенділер класы бойынша толық, жетік білім меңгерулері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу. Қажетті құрал-жабдықтарын түгендеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Психологиялық ахуал орнату
«Мен» ұстаным

Жігер деген – МЕН!
Сенім деген – МЕН!

Күш деген- МЕН!
Сезім деген- МЕН!
Жастық шақ деген- МЕН!
Махаббат деген- МЕН!
Денсаулық деген- МЕН!
Ақыл деген- МЕН!
Дарын деген- МЕН!
Бар ғажайып деген- МЕН!
Бар байлық деген- МЕН!
Бәрі маған байланысты,
Бәрі менің қолымда!



ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Мақсаты: балықтар жоғары класы тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін тексеру


  1. «Білім минуты» тапсырмалары (сұрақ-жауап әдісі бойынша)

1. Жануарлар дүниесін зерттейтін ғылым?

2. Жануарлар систематикасын құрастырған ғалым?

3. Жануарлар жасуша санына байланысты қалай жіктеледі?

4. Жануарлар құрылысына байланысты қалай жіктеледі?

5. Біржасушалылар неше типке бөлінеді?

6. Көпжасушалылар неше типке бөлінеді?



7. Желілілер типі неше класқа жіктеледі?

  1. 4 топқа 4 түрлі тапсырма түрлері

1 топқа тапсырма: Балықтар класына сипаттама беру (ассоциациялық карта құру)



2 топқа тапсырма: Шеміршекті балықтар класы тақырыбына 5 сұрақ дайындау

3 топқа тапсырма: Сүйекті балықтар класы тақырыбына 5 сұрақ дайындау.

(Бұл құрастырылған сұрақтар топтар арасында (2 және 3) өзара, кезектесе арқылы қойылады)

4 топқа тапсырма: Балықтың ас қорыту, қанайналым, тірек-қимыл, жүйке жүйесі қалай жүзеге асатындығы жайлы дайын суреттер арқылы түсіндіріп беру

Ас қорыту жүйесі Қанайналым жүйесі




Тірек-қимыл жүйесі Жүйке жүйесі




  1. Үй жұмысын пысықтау

  • фронтальді әңгімелесу арқылы, шеміршекті және сүйекті балықтардың айырмашылықтарын ажырату;

  • оқушылардың түсүнбеген жерлері болса, қайта түсіндіру;

  • сұрақтар туындасы, сұрақтарға жауап беру;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет