Сабақ Сабақ тақырыбы: § 53 «Қосмекенділер класы-алғаш құрлыққа бейімделе бастаған жануарлар»



бет3/3
Дата18.02.2017
өлшемі0,63 Mb.
#10152
түріСабақ
1   2   3

4 топ: Қосмекенділердің көбеюі және отрядтары (денотант граф әдісі бойынша)


5 минут дайындыққа беру

Тұсау кесер (оқушылардың түсіндіруі) критерийлер арқылы
Қосмекенділер класына жалпы сипаттама. Қосмекенділер – алғаш құрлыққа шыққан омыртқалы, салқынқанды, көпжасушалы жануарлар. Жер шарында 4 мыңнан астам түрі бар, Қазақстанда 12 түрі мекен етеді. Оның үшеуі Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген. Денесі бас, тұлға және 5 саусақты 4 аяқтан тұрады. Мекен ортасы суда да құрлықта да болғандықтан класс қосмекенділер деп аталады. Қаңқасы 4 бөлімнен тұрады. Омыртқа жотасы 4 бөлімнен тұрады. 3 отрядқа бөлінеді: құйрықсыздар, құйрықтылар және аяқсыздар. Кластың латынша атауы «амфибийлер».

Бақаның сыртқы және ішкі құрылысы

Сыртқы құрылысы Ішкі құрылысы


Қосмекенділердің қоректенуі және ми бөлімдері. Қосмекенділердің ас қорыту мүшелері балықтардыкімен салыстырғанда ұқсас. Бақалар көбінесе бунақденелілермен қоректенеді. Бақаның аузы өте үлкен. Тілі ұзын. Тілінің ұшы бұратылып, түбі ауыз таңдайында орналасады. Жемін ұстар кезде тілін алға қарай лақтырады. Ас ауыз қуысынан кейін жұтқыншаққа, одан қысқа өңешке, одан асқазанға түседі. Асқазан қарын сөлін бөледі. Қарыннан ас аш ішекке, одан тоқ ішекке, одан тік ішекке түсіп, қорытылмаған ас қалдықтары клоака арқылы сыртқа шығады.

Қосмекенділердің миының көлемі балықтардыкіне қарағанда үлкендеу. Милары 5 бөлімнен тұрады: алдыңғы ми, аралық ми, ортаңғы ми және мишық, сопақша ми.





Алдыңғы ми – жүйке жүйесіндегі зат алмасуды реттейді және жүйке жасушаларын қорғайды.

Аралық ми - өткізгіш қызметін және ми қыртыс бөлімдерінің қызметін реттейді.

Ортаңғы ми – көру және есту дыбыс толқындарының қызметін реттейді.

Мишық – тепе-теңдікті реттейді.

Сопақша ми – ас қорыту, тыныс алу және зәр шығару жүйелерінің қызметін реттейді.
Қосмекенділердің көбеюі және отрядтары

Қосмекенділер көбейер кезде суға барады. Жұмыртқаларын суда салады. Ересек бақаның сперматозоидтері мен аналық бақаның жұмыртқа жасушасы қосылып, ұрықтанған уылдырық түзеді. Дамудың екінші сатысында ұрықтанған уылдырық дернәсілге айналады. Үшінші сатысында дернәсіл құйрықты итшабаққа айналады. Құйрықты итшабақ құйрықты бақаға айналады. Оның құйрығы дегенерацияға ұшырап, нәтижесінде құйрықсыз ересек бақа пайда болады.







V. Бекіту
Қолдану жүйесі
Зертханалық жұмыс № 7

Тақырыбы: Сурет бойынша бақаны қарастыру. Бақаның сыртқы құрылысын зерттеу. Бақаның қаңқасын зерттеу.

Мақсаты: бақаның сыртқы құрылысын зерттеу,

бақаның қаңқасын балықтың қаңқасымен салыстыра отырып, анықтап жазу.




Құрал-жабдықтар: “Биология 7 с” оқулық, зерханалық жұмыс дәптері, “Бақа қаңқасы”.


Балық қаңқасы Бақа қаңқасы
Қорытынды жаса: Бақаның сыртқы құрылысы мен қаңқасының құрлықта тіршілік етуіне сәйкес ерекшеліктерін анықта, оларды көрсет.

  1. ...........................................................................................................................

  2. ...........................................................................................................................

  3. ...........................................................................................................................

  4. ...........................................................................................................................

  5. ...........................................................................................................................

  6. ...........................................................................................................................



Талдау жүйесі
Мақсаты: оқушылардың өтілген материалды қабылдау ,есте сақтауын қамтамасыз ету; нақты қорытындылауға ,жүйелеуге әкелетін әдістермен тәсілдерді меңгеруіне жағдай туғызу; оқушыларды өтілген материалды қайта жаңғыртып, еске түсіру әдістерімен қамтамасыз ету;



Балықтарға тән белгілер Қосмекенділерге тән белгілер





Жинақтау жүйесі
Терминдер кабинеті

Амфибия – екі мекен ортасы бар деген мағынаны білдіреді. Қосмекенділер класының латынша атауы.

Итшабақ – қосмекенділердің дернәсілі.

Дабыл жарғақ – қосмекенділерде алғаш пайда болған, сыртқы құлақ бөлімі.

Стегоцефаль – Жер бетінде пайда болған ең алғашқы қосмекенділер.

Тритон және саламандра – құйрықтылар отрядының өкілі.

VІ.Бағалау жүйесі. Оқушы білімін бағалау
Маркировка кестесін аяқтау

VІІ. Үйге тапсырма беру
§ 53 оқу. Сөзжұмбақ, ребус құрастыру

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет