« Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы
№10 Агротехникалық колледжі» КММ
«Өдірістік оқыту» пәнібойынша ашық сабақ
Сабақ тақырыбы: «салқындату жүйесі және гидровликалық жетек»
Дайындаған: Өндірістік оқыту шебері
Елеусиз Наурыз
Ақкөл қ – 2015
«Өндірістік оқыту» пәні бойынша ашық сабақ, 2- курс
Сабақ тақырыбы: «Салқындату жүйесі және гидровликалық жетек»
Сабақ түрі: аралас
Сабақ мақсаттары:
Тәрбиелік: команда істей білуді, жауапкершілікке тәрбиелеу, мамандыққа қызығушылық тудыру;
Білімділік: өткен сабақты қайталау, оқу өндірістік жұмыстарында істелетін тапсырмаларды орындау металдардын қасиетін түсіну;
Дамытушылық: логикалық ойлануды, шығармашылық белсенділікті, өз ойын сауатты жеткізе білуді, өздігінен жұмыс істей білуді дамыту;
І. Ұйымдастыру кезеңі
- сәлемдесу
- оқушылар санын тексеру;
- сабақтың тақырыбын, мақсатын айтып шығу.
ІІ. Сабаққа зейін қойдыру
Біз бұған дейін салқындату туралы өндірістік оқыту кезінде оқып өткен болатынбыз. Бүгін біз сабақты сайыс түрінде өткіземіз, сондықтан сендерге тапқырлық, тез ойлау қабілеті керек болады.
Сабақтың жоспары:
Салқындату жүйесін жіктеу
Сұйықтықпен салқындату жүйесінің құрлысы
Салқындату жүйесінің жұмыстарын реттеу
Салқындату жүйесіне техникалық қызымет көрсету және ақаулары.
ІІІ. Өткен тақырып бойынша білімін тексеру.
Енді өткен сабақты еске тусіре отырып, өткен тақырыптар бойынша әр команда мүшесі бір сұрақ таңдап алып жауап береді (дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады) Жауап беруші айта алмаса ол үшін команданың басқа мүшелері одан болмаса келесі команда мүшелері жауап бере алады.
Салқындату жүйесінде қандай аспап су температурасын автоматты түрде реттеп, қозғалтқыш іске қосылғанан кейін қызуын қамтамасыз етеді?
А) радиатор
Ә) термостат
Б) су сорғы
В) желдеткіш
Г) желбезек
2. Салқындату жүйесінің қандай аспабы радиатордың пластиналарын сақтайды?
А) су сорғы
Ә) ағызу шүмегі
Б) ауа және бу клапыны
В) термостат
3. Салқындату жүйесінде салқындатқыш сұйықтықтығын еріксіз айналдырып тұрған не?
А) ағызу шүмегі
Ә) термостат
Б) желдеткіш
В) ортадан тепкіш сұйықтық сорабы
4. Радиатор арқылы өтетін ауаның жылдамдығын арттыру үшін не қолданады?
А) тістегершік
Ә) желдеткіш
Б) желбезек
В) су сорғы
5. Жылу алмастырғыш болып салқындатқыш сұйықтығының жылуына қарсы берілген ауа өткізгіш не?
А) желдеткіш
Ә) термостат
Б) желбезек
В) радиатор
6. Двигательді немен салқындату көп тараған әдіс?
А) тасолмен
Ә)сумен
Б) сұйықтықпен
В) ауамен
7. Қыс мезгілінде салқындату жүйесінде қандай сұйықтық қолдану керек?
А) су
Ә) сұйықтық
Б) антифриз
8. Бөлшектерді салқындату ауа ағынымен жүргізілетін не?
А) Сұықтық
Ә) Буландырғыш
Б) ауалық
9. салқындату қызған бөлшектердіжуатын сұйықтықтардң булануы нәтижесінде не жүреді?
А) Буландырғыш
Ә) сұйықтық
Б) ауалық
10. Сұйықтықпен салқындату жүйеде қозғалтқыштың жылу режимі нешеге бөлінеді?
А) Төртке
Ә) екіге
Б) үшке
Дұрыс жауаптары: 1)Ә; 2) б; 3) В; 4)Ә; 5) Г;6) Б; 7) Б; 8) В; 9) а; 10) Ә;
VІ. Жаңа тақырып түсіндіру: «Салқындату жүйесі »
Салқындату жүйесі қызған бөлшектерді салқындату үшін қажет. Іштен жанатын қозғалтқыштарда артық жылуын шығаруды сұйықпен немесе сыртқы ауаның көмегімен жасанды түрде салқындату арқылы жүзеге асырады.Сұйықтықпен салқындату жүйесіне блок пен цилиндрлер қалпақшасын салқындататын су қамтамасы: радиатор өзектері, су сорғы мен желдеткіш сондай ақ қоаслқы құрылғылар: су тарататын канал, термостат, жалғастырғыш шланг, ағызу шүмегі және сұйықтық температурасының корсеткіші жатады.
Қозғалтқыштарда көбіне жабық салқындату жүйесі қолданылады. Ауамен салқындатылатын қозғалтқыштарда бөлшектердің қызуын бәсеңдету үшін цилиндрлерге және оның қалпақшаларына роторлы желдеткіш ауау үрлейді.
Желдеткіш роторының айналу жиілігін өзгерту арқылы жылу режимін автоматты түрде реттейді. Осы мақсатта гидродинамикалық муфта қолданылады.
Радиатор: қозғалытқыштың салқындату жүйесіндегі радиатор жоғарғы және төменгі бактардан өзектен және бекіткіш бөлшектерден турады. Сұйықпен салқындатвлған жүйеде қозғалытқыштың жылу режимі екі жақты ретке келтіріледі: перделіжәне термостатты. Перде кәдімгі полотно яғни жұқа лента оның бір жақшеті барабанға қондырылған орауыш механизимге бекітілген.
Желдеткіш және су сорғы. Желдеткіштің алты немесе төрт қалақшасы болады, олар крестовинаға бекітілген, ал крестовина шкивке бұрып кіргізген. Шкив ременьді беріліс арқылы иінді білікпен айналады.
Су сорғысының қалақшасы айналғанда сырттан тебу күшінің әсерінен сұйықты блок корпусынан термостатқа қарай айналадырады.
Су сорғысы блокқа бекітіледі. Оның екі тұтігі бар, жоғарғғысы термостатпен, ал екіншісі яғни төменгісі радиатор түтігімен жалғасқан.
Термостат су температурасын автоматты түрде реттеп, қозғалытқыш іске қосылғаннан кейін оның тез қызуын қамтамасыз етеді.
Сұйықпен салқындатушы жүйелерде термостат, желдеткіш және радиатор болады. Желдеткіш иінді біліктен тұрақты беріліс алады немесе электрқозғалтқышқа жалғанады.
Желдеткіш тұрақты айналып тұратын суыту жүйесі кіші және үлкен айналымда жұмыс істейді. Сұйықтықтың температурасына байланысты термостат, кіші немесе үлкен айналыммен қозғалытқышты суытады. Үлкен айналымда сұйық радиатор арқылы өтіп суыйды.
Желдеткіш электрқозғалтқыш арқылы немесе муфта арқылы айналатын қозғалытқыштарда үш түрлі әдіспен суытылады.
Кіші айналым – сұйық суық кезінде термостат сұйықты радиаторға жіберетін түтікті жауаып қалады.
Екіншісі үлкен айналым – термостат сұйықты радиатор арқылы өткізеді, желдеткіш айналмайды.
Үшінші жағдайда сұйық үлкен айналым арқылы суиды, термостат желдеткішті қосады.
V. Тақырыпты бекіту
1. Термостат не үшін қолданылады?
Термостат- сұйықтың температурасына байланысты қозғалу бағытын автоматты түрде өзгертетін клапан. Егер сұйық салқын болса, термасостат клапаны сұйықтың радиаторға баратын жолын жауып, сұйықты сорғыға бағыттайды сұйық киши айналымда болады.
2. Радиатордағы судың қызып кету себептері қандай?
Салқындату жүйесінде судың жетімсіздігі, желбезектің немесе радиатор пердесінің жабық тұруы, су тысынақақтың жиналуы немесе ластануы, желдеткіш ременінің босауы немесе майлануы, двигательге күштің көп түсуі, термостаттың ақаулығы, су насосы, қанатша штифтісінің қиылуы.
3. Кермек суды жұмсарту әдісін түсіндіріп беру?
Кермек суды жұмсарту үшін 30 минуттай қайнатады,сондай-ақ оған стерильді сода немесе уү натрий фосфат қосады. Судың кермектігіне қарай10-20г үш натрий фосфатты немесе стерильді соданы 10л ыстық суға ертеді.
4.Сұйықтықпен салқындатылатын жүйеде судың қызып кету себептерін атау?
Термостат желдеткіш, радиатор істен шыққан кезде судын қызып кету себептері болады.
Желдеткіш белдігінің керілуін қалай тексереміз және оның қалай ретке келтіреміз?
Желдеткіш иінді біліктен тұрақты беріліс алады немесе жеке электрқозғалтқышқа жалғанады.
6. Суыту жүйесінің жұмыс істеу принципі?
Суыту жүйесінің негізгі қызметі ол двигательдің қызған юөлшегіндегі артық жылуды сыртқа шығарып, қоршаған ортаға жіберу болвп табылады, яғни двигательдің қызған бөлшектерінен сыртқы жылу тасымалдайтын қондырғы болуы қажет
7. Ауамен салқындату жүйесінің қалай жұмыс істейтінін айт?
Ауамен салқындатылатын қозғалтқыштарда бөлшектердің қызуын бәсеңдету үшін цилиндрлерге және оның қалпақшаларына роторлы желдеткіш ауа үрлейді.
Радиатор дегеніміз не?
Қозғалтқыштың салқындату жүйесіндегі радиатор жоғарғы және төменгі бактардан өзектен және бекіткіш бөлшектерден тұрады.
VII. Жаңа тақырыпты жалғастыру
Жұмыс істеп тұрған двигательдің цилиндрлеріндегі газдың орташа температурасы 1000°С жуық. Жұмыс барысында газ цилиндрлер кенересін, поршень мен блок қалпақшасын қыздырады. Егер двигательді салқындатпаса, онда үйкелетін детальдардың арасындағы май жанады, соның әсерінен детальдар тез тоза бастайды, поршеньдер қызу әсерінен ұлғайып майысуы және басқа да ақаулар пайда болуы мүмкін.
Двигательденжылуедәуіркөпбөлінгенде (қаттысалқындағанда), қоспаараласуынашарлап, соныңәсерінен, оныңқуатыкеміп, тиімділігітөмендейді. Мұндайда май қасиетінашарлайтындықтанүйкелісшығыныартады. Двигательдіңтөменгіжылурежиміотын мен майдыңауырфракцияларынынтолыкжанбауынаәсеретіп, соныңсалдарынанжанукамерасыныңкенересінде, поршеньде, клапандартабакшасындакөптепкүйежиналады. Поршень сақиналары поршень ойығынакептеліпқалады, клапандар да, майысуымүмкін. Сонымен, двигательдіңтымсалқындауы да, тымысыпкетуі де зиянды. Двигатель бірқалыптыжұмысістеуіүшін су температурасы 80—95°С болуытиіс. Салқындатужүйесіқызғандетальдардағыжылудыбәсеңдетужәнежұмысістептұрғандвигательдібірқалыптыжылурежиміндесақтауүшінқажет. Іштенжанатындвигательдіңартықжылуыншығарудысұйықтықтың (сұйықтықпенсалқындату) немесесыртқыауаның (ауаменсалқындату) көмегіменжасандытүрдесалқындатуарқылыжүзегеасырады.
Двигательдісұйықтықп е н с а л к ы н д а т у (33, а-сурет) еңкөптарағанәдіс. Салқындатқышсұйықретінде суды немесетөментемпературадақататынсұйықтықты — антифриздіпайдаланады. Сұйықтықпенсалқындатужүйесіне блок пен цилиндрлерқалпақшасынсалқындататын су тысы (6), радиатор (2), су насосы (9) мен желдеткіш (3), сондай-аққосалқықұрылғылар: су тарататын канал (8), термостат (4), жалғастырғыш шланг, ағызушүмегіжәнесұйықтықтемпературасынкөрсеткіш (5) (термометр) жатады.
Салқындату жүйесіне таза, мүмкіндігінше жұмсақ су кұяды. Жұмсақ судың сыртқы белгісі — жақсы сабынданатындығы. Салқындату жүйесінен құйып алынған суды қайтадан пайдалану ұсынылады, өйткені онда әк тұзы аздау болады. Кермек суды жұмсарту үшін 30 минуттай қайнатады, сондай-ақ оған стерильді сода немесе үшнатрий фосфат қосады. Судың кермектілігіне қарай 10—20 г үш натрий фосфатты немесе стерильді соданы 10 л ыстық суға ерітеді.
Суды радиатордың жоғарғы багындағы қылта аузына дейін кұяды, ал жұмыс кезінде су деңгейі жоғарғы қылта ауыздан 8 см-ден төмен түсіп кетпеуін қадағалайды.
Двигатель қатты ысып кеткен жағдайда салқындату жүйесіне суды азаздан құяды, әрі осы кезде двигатель жұмыс істеп тұруы тиic. Кыс кезінде салқын двигательге тым ыстық су құюға болмайды. Өйткені температура күрт өзгерген жағдайда цилиндрлер қалпақшасы мен блок сызаттанып жарылуы мүмкін.
Салқындату жүйесінің акауы көбінесе двигательдің қызып кетуінен болады. Радиатордағы судың қызып кету себептері мынадай: салқындату жүйесінде судың жетімсіздігі, желбезектің немесе радиатор пердесінің жабық тұруы, су тысынақақтың жиналуы немесе ластануы, желдеткіш ременінін босауы немесе майлануы, двигательге күштің көп түсуі, термостаттың ақаулығы, су насосы, қанатша штифтісінін қиылуы (кейбір двигательдерде).
Салқындату жүйесіне техникалық қызмет көрсету
VIII. конспекті жазу
САЛҚЫНДАТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ТӘСІЛДЕРІ.
Қазіргі автомобильдердің қозғалтқыштарында пайдалы жұмыстарға қозғалтқыш цилиндрінен бөлінетін жылудың 23 – 40 % қолданылады, қалған жылулары пайдаланылған газдармен, салқындату сұйықтығымен немесе үйкеліске қолданылған ауамен, қоршаған ортаға бөлінген қозғалтқыштың сыртқы бөлшектерімен бөлініп кетеді.
Пайдалы жұмысқа қолданылған жылу және олардың белгіленген жылу бөліну түрлерінің шығыны қозғалтқыштың жылу балансысын құрайды. Өйткені қозғалтқышта жану жұмыстары 2100 – 2300о С жететін жоғары температурасында жүргізіледі, сондықтан еріксіз салқындату жүйесінсіз поршень, цилиндр, клапанның бағыттаушы төлкесі сияқты бөлшектер майдың жану температурасынан да жоғары температурада балқып кетеді. Механизмдер мен бөлшектердің қалыпты температуралық режимде жұмыс істеуі кезінде бір – бірімен қатынастағы бөлшектердің қызып кетпеуі үшін үздіксіз жылуды бөліп тұруға салқындату жүйесі қолданылады. Салқындату жүйесінің суытатын жылудың мөлшері қозғалтқыштың қуаттылығы мен жұмыс істеу режиміне байланысты болады. Қозғалтқыш қызып кеткенде үйкеліс күші артады және бөлшектер қажалады, жылу саңылаулары азаяды, майдың коксталып күйе орнауы көбейеді, карбюратолы қозғалтқыштардацилиндрді жанғыш қоспамен, ал дизельді – ауамен толтыру қиындайды. Алайда қозғалтқыштың температурасының төмендеуі де майдың тұтқырлығына әсер етеді, бөлшектердің жылдам қажалады және үйкеліске механикалық шығын көп болады, қозғалтқыштың қуаттылығы мен үнемділігі азаяды. Сондықтан қозғалтқыштың жылу режимі оған түсірілген салмаққа және қоршаған ортаның температурасына қарамастан 85 – 95о С аралығында болуы тиіс. Қазіргі қозғалтқыштарда сұйықтықпен немесе ауамен салқындату қолданылады. Ауамен салқындату кезінде қырлап жасалынған цилиндр мен оның қалпақшаларынан артық жылуды, жеделдетіп салқындату реттегіші бар көп қалақшалы желдеткіш арқылы жылдамдатылған ауамен салқындатылады. Ауамен салқындату жүйесінде салқындату радиаторы, сұйықтық насосы, салқындату сұйықтығына арналған каналдар мен құбырлар болмайды, сонықтан мұндай жүйенің құрылымы қарапайым, массасы азайтылған, қызмет көрсету жеңілдеу, сонымен бірге қыстың күні қозғалтқыш қатып қалау қаупі болмайды. Қозғалтқыштарды сумен салқындату жүйесінде судың қатып қалуы цилиндр блогының жарылып кетуіне әкеледі. Дегенмен ауамен салқындату қатты қызған бөлшектерден жылуды жылдам бөлгенімен, оның желдеткішін іске қосып тұруға көп қуаттылықты талап етеді, төмен температурада ыстық сумен жылытуға мүмкіндік болмағандықтан қозғалтқышты оталдыру қиындайды.
Автомобиль қозғалтқыштарында салақындатқыш сұйықтығын еріксіз айналдырып салқындататын сұйықтықпен салқындату жүйесі көп қолданылады. Мұндай жүйелер жұмыс істегенде әсері көп болады және қоршаған ауаның төмен болуына қарамастан оталдыру құрылғысымен қозғалтқышты тұтандырғаны жеңіл, жұмыс істегенде шуылы аз болады.
Салқындатқыш сұйықтығы ретінде суды немесе оның этиленгликолды қоспасы – антифриздер қолданылады. Төменгі температурада қататын қоспалардың көп қолданылатын түрлері:
ТАСОЛ А–40 және ТАСОЛ А–65. Екі антифризде техникалық этиленгликол мен судың араласқан қоспасы, мысалы ТАСОЛ А–40 сумен этиленгликолдің 50% қоспасы, - 40о С температурада мұзға айналмай, тек қоюланған массаға айналып блок цилиндр мен радиаторға ешқандай ақау келтірмейді. Қозғалтқыштың жылулық жағдайына байланысты салқындату сұйықтығының жүйеде айналуы үлкен айналымда және кіші айналымда сұйықтық сорабының көмегімен жүргізіледі, ол иінді біліктің шкивіне ременьді жетекке жалғастырылып қозғалысқа келеді. Қозғалтқыштың бірқалыпты жұмыстық жылу режимінде салқындату сұйықтығы үлкен айналымда қозғалып салқындатады. Бұл кезде термостат клапаны 10 ашық болып сұйықтық жоғарғы түтік 11 арқылы радиатордың 16 жоғарғы бачогына 13 беріліп, одан радиатордың түтіктерімен төменгі бачокке 20 түседі. Радиатордың түтігінен өткен сұйықтық, автомобильдің жүрісі кезінде желдеткіштің19 көмегімен берілген жылдамдатылған ауа арқылы салқындатылады және ауаның берілуі жалюздің 17 көмегімен реттеліп тұрады. Салқындатқыш сұйықтық төменгі түтік 22 арқылы насосқа 8 беріліп, сонан соң блоктың сұйықтық тысы 7 мен цилиндрлер қалпақшасына жіберіледі.
Оталдырғанда және қозғалтқыштың салқын кезінде температурасы 72о С төмен болғанда салқындату кіші айналымда жүргізіледі.
Бұл кезде термостаттың клапаны 10 жабық болғандықтан сұйықтық радиаторға жіберілмейді, сұйықтық блоктың ішімен 7 және цилиндрлер қалпақшасымен кері қайтару каналы 9 арқылы термостатты 10 айналып қайтадан насосқа беріліп, салқын қозғалтқыштың жылдам қыздырылуына көмектеседі. Сақындатқыш сұйықтықтың температурасының көтерілуіне байланысты термостаттың клапаны ашылып, сұйықтық үлкен айналыммен жүгізіле бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: |