Сабақ Сабақтың ішкі құрылысы Мектеп: Назарбаев зияткерлік мектебі, Атырау қаласы. Күні



Дата01.04.2017
өлшемі196,59 Kb.
#13219
түріСабақ

8.4ВА Көбею және даму:

Сабақ

Сабақтың ішкі құрылысы



Мектеп: Назарбаев зияткерлік мектебі, Атырау қаласы.

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні: _____________________________

Сынып: 8 « »

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

камбий және апикалдық меристема ұғымдарын қолдана отырып, өсімдіктердің ұзынынан және жуандап өсу үрдісін түсіндіру

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға өсімдіктің  сабақтың ішкі құрылыс туралы мағлұматтар  беру
Оқушылардың сабақ туралы ой –орісін кеңейту және тіл байлығын , сөздік қорын дамыту.

Камбий және апикалды меристема ұғымдарын қолдану.Өсімдіктердің ұзынынан және жуандап өсу үдерісін түсіндіру.



Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Өсу ұғымын талқылайды және жасушалардың бөлінуі және меристеманың ұзаруы нәтижесінде өсімдіктердің ұзындығының қалай өсетіндігін түсіндіреді. Сабақтардың неліктен және қалай жуандайтынын түсіндіреді. Сосын оқушылар тексеру жұмысын орындайды немесе бастапқы және екінші реттік өсу арасындағы айырмашылықты түсіндіріп, қысқаша мазмұндама жазады



Пәнге қатысты лексика мен терминология:

камбий, апикалдық меристема, флоэма, ксилема, екінші реттік өсу, бастапқы өсу,



Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:


Алдыңғы білім

.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Кіріспе бөлім

0-5

5-15 мин


Ұйымдастыру.

Тақтаға сабаққа қатысты суреттер қойылады.


Сабақ - өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін бір-бірімен жалғастырып тұратын орталық тірек.


Сабақ мынадай қызметтер атқарады:


1) қоректік заттарды тамырдан өсімдіктің басқа мүшелеріне жеткізеді;
2) сабаққа бүршік, жапырақ, гүл, жеміс бекінеді;
3) көбеюге қатысады;
4) органикалық заттар қорға жиналады;
5) өсімдіктердің жоғары жағының аумағы бұтақтану арқылы артады;
6) вегетативтік көбею.
Сабақтың ішкі құрылысын ағаш діңінің көлденең кесіндісінен көреміз. Ішкі құрылысы төрт қабаттан тұрады: қабық, камбий, сүрек, өзек.





Мына веб-сайттан пайдалы ақпарт табуға болады:
Веб-сайттағы PowerPoint бағдарламасын пайдаланыңыз. PowerPoint бағдарламасында иллюстациялар арқылы бастапқы және екінші реттік өсу үрдісінің қалай өтетіндігін көрсетіңіздер

http://kisdwebs.katyisd.org/campuses/MRHS/teacherweb/hallk/Teacher%20Documents/AP%20Biology%20Materials/Plants/Primary%20Secondary%20Growth/35_A01s.swf

жоғарыда аталған веб-сайтқа қолжетімділік болмаған жағдайда мына сайттан көруге болады:

http://www.uic.edu/classes/bios/bios100/labs/plantanatomy.htm

осы мәліметті қолдануңызға болады
Микроскоптарды немесе дайын микропрепараттарды, сонымен қатар суреттерді мына жерден алуға болады:

http://www.biology.iastate.edu/Courses/212L/New%20Site/25rtstm%20index.html




15-30 мин


Қабық - сабақтың ең сыртқы қабаты. Қабық 3 қабатынын тұрады:

  • өң - түссіз (мөлдір),жас сабақтардың сыртын қаптайды.(Өң ішке күн сөулесін өткізеді).Үлкен ағаштардағы өң түлеп түсіп,орнын тоз алмастырады.

  • тоз - қалың болса да ішкі жасушалардың тыныс алуына оттегіні өткізеді.Тозда тыныс алуға қатысатын пішіні төмпешікке ұқсаған жасушаларды жасымықша дейді.

  • тін - тоздың ішкі жағында қабыққа беріктік ( мықтылық ) қасиет беретін тін қабаты орналасады. Қабық өсімдікті сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғайды.

Камбий - қабықтан кейінгі орналасатын қабат. Камбий жасушаларының ұшы сүйірленген ұзынша пішінді. Бірнеше қабат жасушалардан түзіліп, камбий аралығын құрайды. Барлық жасушалары бөлінуге қабілетті. Камбий жасушалары қыста бөлінбейді. Көктем шығысымен қарқынды бөліне бастайды. Камбий жасушаларының бөлінуінен ағаштар жыл сайын жуандай береді.

Сүрек - сабақтың едәуір бөлігін алып жататтын камбийден кейін орналасатын қабат. Жасушаларының пішіндерімен мөлшері бір келкі емес. Ұзын, жіңішке жасушалары қосылып, түтікше құрайды. Түтікшенің айналасын беріктік қасиет беретін қалың қабықшалы сүрек талшықтары қоршайды. Камбий жасушалары дамылсыз бөлінетіндіктен, ағаш діңі жуандап өседі.

Өзек - сабақтың орталық бөлімі. Жас өркенде жасушалары тірі болғандықтан,органикалық заттар қорға жиналады. Өзек жасушалары өзек сәулелерін құрайды. Өзек сәулелерінің жасушалары сабақтың барлық бөлімдерін бір-бірімен байланыстырады. Қоректік заттар өзек сәулелері арқылы сабақтың басқа қабаттарына жеткізіледі. Өзек сәулелері де камбийден түзіледі





30-40


Оқушылар флоэма, камбий және ксилеманың орналасуын көрсететін сызба жасау үшін заттық шыныда сабақтың ішкі құрылысын қарайды. Бірінші реттік құрылысы мен апикалдық меристемаларды көрсететін мысалдарды қарастырады.





Қорытынды бөлім

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс, денсаулық және қауіпсіздік ережелері, АКТ, құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Қабілеті төменірек оқушыларға ақпараттық бюллетень ұсынуға болады, онда оларға қажетті ақпарат берілген. Бұл зерттеу жүргізу қажеттілігін қысқартуға мүмкіндік береді.


Белгілі бір оқушыларға таныстырылым дайындау барысында олардың түсінгендігі туралы сұрақ қою мүмкіндігі болады. Мысалы, бір стратегияны сипаттап, оның маңызын түсіндіруді сұраңыз.

Бұл мүмкіндікті сыныптас оқушылардың таныстырылымдарын бағалау үшін пайдалануға болады. Топтардағы оқушыларға мұғалім мен сынып өз таныстырылымдарын жасамас бұрын келісіп алатын критерийлер жиынтығы ұсынылады. Топ өз таныстырылымдарын дайындап болғаннан кейін оны келісілген критерийлерге сәйкес сыныптағы қалған оқушылар бағалайды. Үздік үш таныстырылым марапатталады.



АКТ - оқушылар PowerPoint бағдарламасымен жұмыс істей алады
Құндылықтар - оқушыларға топ ретінде қаншалықты жақсы жұмыс істегендігі туралы ойлануларын ұсынуға болады.

Бүкіл топ жұмысты орындауға ықпал етті ме, біреу өзіне жауапкершілік алды?



Рефлексия

Сабақтың мақсаттары/Оқу мақсаттары шынайы ма? Сіз бүгін не оқып білдіңіз? оқу атмосферасы қандай болды? Мен дайындаған оқу дифференциациясы табысты ма? Мен уақытты сақтадым ба? Мен жоспарға қандай өзгеріс енгіздім және неге?



Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі ең табысты (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

1:

2:

Қандай екі мезет сабақты жақсарта алар еді (сабақ беру мен оқытуды қарастырыңыз)?

1:

2:

Мен сабақтан топ пен жекелеген адамдар туралы маған келесі сабаққа дайындалуға көмек беретіндей не білдім?





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет