Сабақ. Сабақтың тақырыбы : Қысқы ойындар. Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу



бет10/13
Дата11.11.2022
өлшемі30,76 Kb.
#157697
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
мүсіндеу ұоқ тері

Оқу іс-әрекетін қорыту.
Балалардың жасаған жұмыстарын қарап, қойдың мүсінін балаларға көрсетіп, талдау.

28-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Тауық және оның балапандары.


Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: әртүрлі домалақ пішіндерден мүсіндеу жұмысын жасауды үйрету; мүсіндеу кезінде бейненің өзіне тән ерекшеліктерін, оған қатысты көлемін беру дағдысын бекіту; мүсіндеу тәсілдерін қолдана отырып, пішінін және дене мүшелерін дәлірек беруге үйрету; шығармашылық белсенділігін арттыру.
Керекті құралдар мен материалдар:
Ойыншық тауық пен балапандары, дайын жұмыстың үлгісі,ермексаз, тақтайша, кескіш таяқша, қолорамал.
балалар үшін: ермексаз, жұмыс дәптері, тақтайша, кескіш таяқша, қолорамал.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.
1.Кіріспе әңгіме: Балалар үнтаспадан «Шөжелерім» әнін тыңдап, қосылып ән салып, қимыл- қозғалыстарды орындап, би билеу.
Тауық пен оның балапандарының суретін көрсетіп, дене құрылысына, түр-түсінің сипатына назарларын аударады, олардың айырмашылықтарының неде екеніне көздерін жеткізу.
Ермексаздан тауық пен балапандарының жасалу жолдарын ретімен көрсете отырып, мүсіндеу жұмысын орындау.
Сары және қоңыр ермексаз кесектерін жұмсартып алу.
Тауықтың мүсінін жасау үшін бір кесек сары ермексаз бен жарты кесек қоңыр ермексазды араластырып илейміз. Одан домалақ - басын, жұмырланған цилиндр - денесін, жалпақ шелпек - қанатын және қызыл ермексаздан сақалы мен айдарын мүсіндеп алу.
Балапанның мүсіні үшін бір кесек ермексаздың үштен бір бөлігін жұмсартып аламыз. Одан домалақ - басын, жұмырланған цилиндр - денесін, жалпақ шелпек - қанатын жасаймыз. Аяқтарын жасау үшін тіс шұқығыш шидің бөліктерін пайдалану.
Шетін сәл созыңқырап құйрығын жасап алау. Денесінің бір шетін сәл созыңқырап құйрығын жасап алу.
Домалақ басын денесімен біріктіру.
Денесіне қанаттарын жабыстыру.
Балапанның аяқтарын денесіне біріктіру.
Тұмсығы мен көздерін мүсіндеп, басына орналастыру. Тауықтың басына айдары мен сақалын жапсыру.
3.Өзіндік жұмыс:Балалар жұмыс дәптеріндегі мүсіндеу жұмысының орындалу ретіне қарап, тауық пен оның балапандарын өз қалаулары бойынша бөліп алып, дене мүшелерін ермексаздан илеп,біріктіру, мүсіндеу, мазмұнды композиция құрастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет