Сабақ. Сабақтың тақырыбы : Қысқы ойындар. Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу



бет6/13
Дата11.11.2022
өлшемі30,76 Kb.
#157697
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
мүсіндеу ұоқ тері
Сергіту сәті картотекасы-1, коктем ашық сабақ 2
Оқу іс-әрекетін қорыту.
Балалардың жасаған жұмыстарын қарап, ұлттық үлгідегі киім киген қыздарың мүсінін балаларға көрсетіп, талдау жұмысын жүргізу.

24-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Жылға.


Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: мүсіндеудің «ермексазбен сурет салу» тәсілімен таныстыру; ермексаздың әртүрлі түсін араластыру арқылы жаңа түс алуды үйрету; тақырыптың түсін және түс айқындығын бере білуге үйрету; балалардың шығармашылық талпынысын қалыптастыру.
Керекті құралдар мен материалдар:
Табиғатты бейнелейтін картиналар мен фото- суреттер; дайын жұмыстың үлгісі, ермексаз, тақтайша, кескіш таяқша.
балалар үшін: жұмыс дәптері, ермексаз, қатырмақағаз, тақтайша, кескіш таяқша, қолорамал.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.
1.Кіріспе әңгіме: балаларға аспан, су туралы өлең тақпақтар оқып беру, мағынасынан не түсінгендерін сұрау. Судың пайдасы туралы не білетіндерін анықтау
2.Түсіндіру: Балаларға жұмыстардың орындалу ретін түсіндіріп, тапсырма беру.
Қатырмаңағазға жай қарындашпен табиғаттың көрінісін салу.
Түрлі түсті ермексаз кесектерін жұмсартып, дайындап алу, кейбір жетпей тұрған түстерді екі түсті араластыру барысында алуға болады (мысалы, ашық көгілдір түсті алу үшін, ақ және аздап көк түсті араластыру).
Ермексаздың кішкене бөліктерін шымшып алып, суреттің үстіне жағындылар түрінде жапсыру.
Суретті қосымша - гүл, жапырақ, тастармен сәндеп толықтырамыз.
Балалар жұмыс дәптеріндегі жұмыстың орындалу ретіне қарап, тапсырманы орындау.
3. Балалардың жұмыстары: балаларға түстерді дұрыс таңдап, «ермексазбен сурет салу» тәсілін дұрыс орындауларына көңіл бөледі, саусақтың көмегімен тегістеу тәсілінің орындалуын, қалай орналастыру керек екенін айтып,ескертіп отыру .
Оқу іс-әрекетін қорыту.
Ең жақсы жасалған жұмыстарды тақтаға іліп, орындалу барысын талдау.

25-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Алдаркөсе.


Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет