а) жай сынық
ә) жай сынық емес
Сынықтың ұзындығы деп оның буындарының ұзындықтарының қосындысын айтады.
Егер сынықтың бас нүктесі оның соңғы нүктесімен беттессе, онда ол тұйықталған сынық деп аталады. Сынықтың төбесі екі буын үшін ортақ болса, онда ол екі буын көршілес деп аталады. Тұйықталған сынықты көпбұрыш деп атайды. Бір буынның екі төбесі көршілес төбелер деп аталады. Көпбұрыштың көршілес емес төбелерін қосатын кесіндіні диагональ деп атайды.
Егер көпбұрыштың кез-келген қабырғасы арқылы түзу жүргізгенде көпбұрыш сол түзудің бір ғана жарты жазықтығында жатса, онда оны дөңес көпбұрыш деп атайды.
Тек қана дөңес көпбұрыштарды қарастыратын болғандықтан бұдан былай дөңес сөзін жазбаймыз.
Дөңес көпбұрыштың берілген төбесіндегі бұрышы деп оның осы төбеде қиылысатын қабырғаларының арасындағы бұрышты атайды.
Төртбұрыш деп төрт нүктеден және оларды тізбектей қосатын ешқандай екеуі өзара қиылыспайтын бір түзудің бойында жатпайтын 4 кесіндіден тұратын фигураны айтады. Берілген нүктелер төртбұрыштың төбелері деп, ал оларды қосатын кесінділер төртбұрыштың қабырғалары деп аталады. Осыдан кейін дөңес және дөңес емес көпбұрыштың анықтамасы төртбұрышқа да орынды екені айтылады. Келесі фигураларды қайсысы төртбұрыш болатыны және болғанның өзінде қай түріне жататынын оқушылар анықтау керек.
а), ә) – төртбұрыш емес ( және кесінділері қиылысады)
б) дөңес емес төртбұрыш
в) дөңес төртбұрыш.
Төртбұрыштың көршілес қабырғалары қарама-қарсы қабырғалары, көршілес төбелері қарама-қарсы төбелері көрсетіледі.
мен , мен, мен , мен көршілес қабырғалары
мен , мен қарама-қарсы қабырғалар.
мен , мен , мен , мен көршілес төбелер. мен , мен қарама-қарсы төбелер төртбұрыштың периметрі деп оны барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысын айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |