Сабақ. Сабақтың тақырыбы: Ф. Оңғарсынованың «Шаңырақ»өлеңі



Дата23.08.2017
өлшемі46,27 Kb.
#25668
түріСабақ
Ашық сабақ.

Сабақтың тақырыбы:Ф.Оңғарсынованың «Шаңырақ»өлеңі.

Сабақтың мақсаты:Ақын өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, өлеңнің негізгі ойын табуға жетелеу және шаңырақ туралы «Отан», «отбасы» сөздерімен байланыстыра отырып, түсінік беру,негізгі идеяны ашу, оқушыларды көркем тілде сөйлеуге төселдіру. Оқушылардың оқу мәнерін, сөздік қорын байытуға, шығармашылығын арттыруға ықпал ету.

Отансүйгіштікке, отбасын құрметтей білуге, шаңырақты әрқашан жоғары ұстауға,бірлікке тәрбиелеу.



Сабақтың әдісі:түсіндіру,әңгімелесу, сұрақ-жауап,іздендіру .

Көрнекілігі: Ф.Оңғарсынованың портреті,шаңырақ ,елтаңбаның суреті.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық.

«Жер бетінде адам өмір өткізер

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер» Ж.Баласағұн айтқандай адам өмірге келеді.Адам баласына күн жылуы мен ана махаббатынан кейінгі бойға екі ұлы қасиетті меңгеру.Олар мейірімділік пен білім .Алдағы өмірінің бақытты болғанын аңсаған адам білімге құштар болуы керек.

-Ендеше бүгінгі сабағымызда ұшқыр ой, ұтымды сөз айтып, білімімізді көрсете білейік.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1.Қаныш Сәтпаев туралы не білеміз?

2.Кіндік шеше деген кім?

3.Ғалым Қаныштың бойынан қандай жақсы қасиетті байқадың?

4.»Сағыныш» деген ұғымға жазған эсселерін оқыту.

Осы ақ ірімшік мәтінінде өздерің не түйдіңдер.

Ту5ан жерге сағыныш балалық шаққа

Ақ ірімшікке ауылға

Қаныш Сәтпаевтың туған елге ,атамекенге деген сағынышы.

ІІІ. Мағынаны тану.

Жаңа сабақпен таныстыру.

Ф.Оңғарсынованың «шаңырақ» деген өлеңімен танысу.

Ф.Оңғарсынова 1939 жылы 5-желтоқсанда қазіргі Атырау облысы ,Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған.

Ф.Оңғарсынова –қазақ ақыны, халық жазушысы ,журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің І-ІІ шақырылымдарының депутаты. 1961 жылы педагогикалық институтты бітіріп, мұғалімдік қызмет атқарып, газеттерде тілші, журналдардың бас редакторы болған.

Ол ақын, аудармашы орыс халқының жазушысы Валентин Распутиннің «Француз тілінің сабақтары» атты повесін аударған, сөз сырын ұқтыру мақсатында халқымыздың мақал-мәтелдерін талдап, мағынасын балаға түсінікті етіп жазған еңбегі «Сөз сыры» деп аталады.Бастауыш сынып және балабақша балаларына арнап «Алғашқы сабақ» атты өлеңдер жинағын шығарған. Алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958 жылы жарық көрді.



ІV. Сергіту сәті.

Көк аспанда қыраның еркін самғап,

Арман еткен тәуелсіздік құтты болсын!

Қазағым шаңыраңың биік болып,

Керегең кең даладай жарық болсын.

-Ендеше игі тілекпен сабағымызды қасиетті қара шаңырағымыз туралы тағы не білеміз?

Шаңырақ деген не?

Шаңырақ –киіз үйдің күмбезі көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың отбасының бейнесі.

-Осы шаңырақты тағы ең басты неден көріп жүрсіңдер?

Елтаңбадан.

Елтаңба –мемлекеттің басты рәміздерінің бірі.Елтаңба термині немісті «ербе» мұра деген сөзінен шыққан.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы-дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген ,шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғары бөлігінде –бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының авторы белгілі суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уалиханов.

Ал енді «Шаңырақ»деген өлеңді оқып берейін.



  1. 1-2 оқушыға оқыту.

  2. Суретпен жұмыс.Мына суреттердің қайсысы осы өлең жолдарымен сәйкес келіп тұр.

  3. Сөздікпен жұмыс.(Ғұмырлы –өмірлі,өмір бойы)

Жөргегің –баланыңастына жаятын жаялық.

V.Ой толғаныс.

1 Ф.Оңғарсынова ұлына Отан ұғымын қалай түсіндірді?

2 Өз Отаның жайлы не айта аласыңдар?

3 Отан туралы қандай мақал-мәтел ,қасиетті сөздер білесіңдер?

4 Шаңырақ туралы қандай мақал-мәтел ,нақыл сөздер білесіңдер?

5Тақтаға ұлы ғұлама ойшылдардың ,ақын жазушылардың нақыл сөздерін оқу.

Қазақстан Республикасы-біздің туып өскен жеріміз,біздің Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді.Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған,жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни сен үшін!

Сабақты қорытындылау:

Бір үйде жүз туыс бірге тұрыпты. Бәрі өздеріне жүктелген міндетті тапсырған жұмысты атқарып, тату-тәтті тұрыпты. Мұны көрген көршісі келіп:

-Біз бір үйде 2-3 адам тату тұра алмаймыз, ал 100 туыс адам қалай тату тұрасыздар ?-депті.

-Балалар,осының себебін сендер неде деп ойлайсыңдар?

Өзара түсіністік

Сыйластық

Еңбексүйгіштік

Мейірімділік

Қайырымдылық

-Ендеше біздің бойымызда қандай жақсы қасиет болса, Мына қасиетт «Үлкен шаңырақ»,Тәуелсіз Қазақстанымыздың бір мүшесі бола аламыз .



VІ-Үйге тапсырма.

Өлеңді мәнерлеп оқып, «Шаңырақ шаттығы» тақырыбында өлеңдер құрастырып көріңдер.



VІІ- Бағалау.

А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназия

Ашық сабақ



Тақырыбы: Ф.Оңғарсынованың «Шаңырақ»

2014-2015ж
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет