8.2.2.1 -Тігін машинасына қажетті құрылғыларды (түймелікті өңдеу, сыдырманы қондырып тігу) таңдау және қолдану
8.1.6.3-Табиғи және жасанды тері мен былғарының түрлері мен қасиеттерін анықтау, салыстыру және зерделеу
8.2.6.2-Құралдар-жабдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу туралы ескертпе парағын құру
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: Білім алушылар тігін машинасына қажетті құрылғыларды таңдап және қолдана алады.
Ұйымдастыру кезеңі: (Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.