Сабақ Сабақтың тақырыбы



бет4/4
Дата13.02.2017
өлшемі0,52 Mb.
#9334
1   2   3   4



8 сынып

Күні

34 сабақ

Сабақтың тақырыбы

Қан топтары және қан құю

Сабақтың мақсаты

Адам қанының түрлі топтарға бөлінуімен және қан құю процесінің ережелерімен таныстыру. Топтық жұмыстарды ұйымдастыру

Оқушылардың «Ағзаның ішкі ортасы» тарауы бойынша алған білімдерін байқау, жүйелеу.

Оқушылардың өздік тапсырмаларды тиімді орындауын жүзеге асыру


Оқу нәтижелері

Өз қан тобын білудің қаншалықты маңыздылығын түсінеді. Қан тобы мен адам мінезінің арасындағы байланыс жөнінде ойланады. Есеп шығара білуге дағдыланады.


Негізгі идеялар

Агглютинация – эритроциттердің жабысуының механизмі. Донор – қан беретін адам. Реципиент – қан қабылдайтын адам. Резус-фактор – эритроцитте болатын ерекше нәруыз.


Сілтемелер

Р.Әлімқұлова, Р.Сәтімбеков, А.Соловьева. Биология. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы «Атамұра» 2012

Жұмыс дәптері. Интернет материалдары. Әдістемелік нұсқаулық





Жаттығулар
1-тапсырма

Лездік сұрақтар

1. Ақшыл-сарғыш түсті ағзаның ішкі ортасы

2. Қан ұйытқыш жасуша

3. Тасымалдаушы жасуша

4. Ерігіш нәруыз

5. Тіршілік көзі

6. Ақшыл жасуша

7. Қаназдық

8. Микробтарды сіңіру

9. 4 тобы бар

10. Микробтардың улы заты
2-тапсырма

Оқушы хабарламасы.

«Қан құю туралы ілімнің тарихы»
3-тапсырма

Сөздікпен жұмыс

Әмбебап донор – бұл ------------------------- . Әмбебап реципиент дегеніміз - -----------------. Агглютининдер - ------------------- . Агглютиногендер - ----------------- . Агглютинация - ----------------- .



4-тапсырма

Білімді тұжырымдау сұрақтары:

1. Қан топтары қандай белгілері бойынша бір-бірінен ерекшеленеді?

2. Бұрынғы уақытта қан құю жағдайлары неліктен әрқашан сәтті өтпеген?

3. Жануарлардан адамға қан құюға бола ма?

4. Қан тобы сәйкес келмесе реципиент және донор қанындағы эритроциттер неге ұшырайды?

5. Анасы мен баласының қан топтары әр уақытта сәйкес келе ме?


5-тапсырма

Тест орындау

1. Қан беретін адам:

А) донор В) реципиент С) қамқоршы

2. Қанды қабылдап алатын адам:

А) донор В) реципиент С) қамқоршы

3. І топтың қанын құюға болады

А) тек І топқа В) тек ІІ топқа С) барлық топқа

4. ІІ топтың қанын құюға болады:

А) ІІ, ІҮ топқа В) ІІІ, ІҮ топқа С) барлық топқа

5. ІІІ топтың қанын құюға болады:

А) ІІ, ІҮ топқа В) ІІІ, ІҮ топқа С) барлық топқа

6. Адамға құятын қанды қанша уақытқа сақтауға болады?

А) 1 күн В) 1 ай С) 1 жыл

7. Донордан қанша қан алынады?

А) 100мл В) 300мл С) 500мл
6-тапсырма

Есеп

І топқа


Шешесінің қаны ІІ топқа, ал әкесінің қаны ІІІ топқа жатады. Балаларының қан топтарын анықтаңыздар.

ІІ топқа


Шешесінің қаны І топқа, ал әкесінің қаны ІІІ топқа жатады. Балаларының қан топтарын анықтаңыздар.
ІІІ топқа

Ата-анасының қан топтары ІІ топ болса, баларының қан тобы қандай болуы мүмкін?


7-тапсырма.

Синквейн Донор
8-тапсырма

Эссе жазу. «Қан – тіршілік нәрі»


Сабақ кезеңдері

Әдіс-тәсілдер

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру

Топқа бөлу



Оқушымен амандасып, түгендейді.

Сынып оқушыларының назарын сабаққа аударады, топқа бөледі




Құралдарын дайындайды
Топқа бөлінеді

Стикерлер



Сергіту жаттығу

Оқушылардың сабаққа жақсы көңіл-күймен араласуына жағдай жасау

Үй тапсырмасы


1-тапсырма

Сұрақ-жауап

Логикалық сұрақтар береді

Сұрақтарға жауап қайтарады


Оқулық

Негізгі бөлім

Білу

Түсіну

2-тапсырма

Жеке жұмыс


3-тапсырма

Топтық жұмыс

4-тапсырма

Тұжырым

Жаңа сабақтың мазмұнын меңгеруге бағыттайды.
Негізгі ұғымдардың мәнін түсіндіреді

Білімді тұжырымдау сұрактарын береді



Хабарламамен таныстырады

Оқулықтан мәтінмен жұмыс жасайды.


Мәтінді оқып, меңгереді


Оқулық

Флипчарт


Оқулық


Интерактивті тақта слайдтары


Бекіту бөлімі

Қолдану

Талдау

5-тапсырма

Тест
6-тапсырма

Есеп шығару
Жеке жұмыс

7-тапсырма

Синквейн
8-тапсырма

СТО

Эссе жазу


Тест жауаптарын талқылайды
Әр топқа бөлек тапсырма береді
Тапсырманы талдайды.

Оқушылардың жауабын тыңдайды, мадақтайды




Тақырып бойынша білімдерін толықтырады

Жұмыс дәптерімен жұмыс істейді



Оқулық

Интерактивті тақта слайдтары


Интерактивті тақта



Бағалау

Формативті бағалау


Табыс критерийлерін құрады.

Өзін өзі және мұғалім бағалауы

Бағалау парағы

Үйге тапсырма

Қайталау

Тапсырманың орындалу тәртібін түсіндіреді


Күнделігіне тапсырманы жазады




Рефлексия

Не үйрендім? Не білгім келеді? Стикерлерге ойларын жазады

«Көктем» қазақ орта мектебі

«Ағзаның ішкі ортасы»

тарауы бойынша

қысқа мерзімді сабақ жоспарлары

Дайындаған: І деңгей бойынша сертификатталған

жоғары санатты биология пәні мұғалімі

Ергалиева Алия Бисегалиевна

2014-2015 оқу жылы
«Көктем» қазақ орта мектебі

Биология пәні бойынша орта мерзімді,

қысқа мерзімді сабақ жоспарлары

Дайындаған: І деңгей бойынша сертификатталған

жоғары санатты биология пәні мұғалімі

Ергалиева Алия Бисегалиевна




2014-2015 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет