Сабақ: Сандағы бірліктер, ондықтар,жүздіктер, бірлік мыңдар, ондық мыңдар, жүздік мыңдар саны Мектеп



Дата13.08.2017
өлшемі64,23 Kb.
#23509
түріСабақ
Сабақ жоспары


САБАҚ: Сандағы бірліктер, ондықтар,жүздіктер, бірлік мыңдар, ондық

мыңдар, жүздік мыңдар саны



Мектеп: «Жезқазған қаласының білім бөлімінің №11жалпы орта білім

беретін мектебі» КММ

Күні: 21.09.2016

Оқытушының аты-жөні: Байгабулова Зинагуль Жасынбековна

СЫНЫП: 4 Ә

Қатысушылар саны: 24

Қатыспағандар:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Оқушылардың бірінші класс пен екінші класс сандары туралы түсініктерін іске асыруына жағдай жасау.


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

• сандағы бірліктер, ондықтар,жүздіктер, бірлік мыңдар, ондық мыңдар, жүздік мыңдар сандарын оқи алады



  • көп таңбалы сандарды разряд ,класс бойынша ажырата біледі.




Оқушылардың басым бөлігі:

  • көп таңбалы сандарды салыстыру жолдарын қолданады.

  • екі таңбалы сандардың бірліктерінің қосындысы оннан асқан жағдайдағы қосып,азайтуға және бірліктерінің қосындысы онға толғандағы қосып,азайтудың жолдарын талдайды.




Кейбір оқушылар:

  • нақты мәселелерді шешу үшін, әр түрлі көз қарастарды білдіруде және сыни ойлауда білімдерін жинақтайды

  • рефлексияға қатысады, өзін және өзінің сыныптастарын  бағалайды

Тілдік мақсат

Оқушылар:

• . сандағы бірліктер, ондықтар,жүздіктер, бірлік мыңдар, ондық мыңдар, жүздік мыңдар сандарын сипаттай алады






Негізгі сөздер мен тіркестер: бірінші класс разрядтары,бірліктер класының разрядтары,мыңдар класы,мыңдар класының разрядтары,екінші класс разрядтары.




Сыныптағы диалог/ жазылым үшін тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

• Қандай класс разрядтарын білесіздер?

• Бірінші,екінші класс сандарының айырмашылығы неде?

• Бірліктер класы мен мыңдықтар класын басқаша қалай атауға болады?

• Математикада барлығы неше цифр бар?


  • Неліктен екенін айта аласыз ба?


Жазылым бойынша:

Сіз … неліктен екендігін айта аласыз ба?

Сіз осы тапсырманы қалай орындадыңыз?


Алдыңғы оқу

Сандарды салыстыру тәсілдері

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

0-2 минут

3-5 минут


Психологиялық дайындық. 
-Екі көз не үшін керек? Жақсыларды көру үшін

-Екі құлақ не үшін керек? Ақыл-кеңес тыңдау үшін. 

- Екі қол не үшін керек? Елге көмек беру үшін. 
- Екі аяқ не үшін керек? Шетте жүрсең, туған жерге жету үшін. 
-Дұрыс,балалар.Олай болатын болса,сол екі көзіміздің,құлақтарымыздың, 
қолдарымыз бен аяқтарымыздың саулығын тілеп,солардың көмегін 
пайдаланайық. 
(Т) Оқушылар ұқсас сандар бейнеленген карточкаларды алу арқылы жұп сан болатындай 4 топқа бөлінеді.

(МК) Оқушыларға сандардағы бірліктер, ондықтар,жүздіктер, бірлік мыңдар, ондық

мыңдар, жүздік мыңдар санымен жұмыс жүргізілетіндігі жайында айтылады.


Сандар бейнеленген карточкалар

Ортасы

6-9 минут

10-14 минут
15 минут

16-37 минут

38-43минут


(Ұ,МК) Миға шабул. Жетелеуші сұрақтар қою арқылы оқушыларды жаңа тақырыпты меңгертуге жетелейді:

  • кластар дегеніміз не?

  • Ол не үшін керек?

  • Олар қалай жасалады?

  • Көп таңбалы сандарды оқып көрдіңіздер ме?

  • «Разрядтар» деген сөз нені білдіреді?

  • Мұндай көп таңбалы сандарды қайда қолданады?

(МК) Оқу материалын мұғалімнің қосымша ресурстар арқылы түсіндіреді.

(Қ) Рефлексия: Бармақ әдісі

(Ж,ОТ,Қ) Сарамандық жұмыс.

1. Сандарды салыстыр.

6280<6281 75196<75215 53020<53030

14278=14728 602002>62020 75000>57999

2. Амалдарды орында.

600-1=599 50000-1=49999 310000-1=309999

7000-1=6999 800000-1=79999 301000-1=300999

3. Разрядтық қосылғыштар түрінде жаз.

51693=50000+1000+600+90+3 148523

77777=70000+7000+700+70+7 60052

42189 124587

4.12345 санында неше бірлік,ондық,жүздік,бірл.мың,онд.мың,жүзд.мың барын көрсет.

12345=12345 бірлік бар 10006=10006 бірлік бар

12345-1234 ондық бар 10006=1000 ондық бар

12345-123 жүздік бар 10006=100 жүздік бар

12345-12 бірлік мыңдар 10006=10 бірлік мыңдар

12345-1 ондық мыңдар 10006=1 ондық мыңдар

12345-0 жүздік мыңдар 10006=0 жүздік мыңдар

5.Төмендегі сандарды жаз.

2254, 1108, 6006 , 22594 10042, 800005

Екі мың екі жүз елу төрт,бір мың бір жүз сегіз,жиырма екі мың бес жүз тоқсан төрт,он мың қырық екі, сегіз жүз мың бес.
Жұмыс барысында мұғалім жекелеген оқушыларға қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар беріп отырылады.

(Қ) Рефлексия: «Плюс-минус-қызықты» әдісі

(Т,Ө,ОТ,Қ) Шеберлер ауылы. (Ұ,МК) Көрме. Оқушылар жасаған жұмыстарын қабырғаға ілу арқылы көрме ұйымдастырады. Барлық оқушылар достарының жұмыстарымен танысады.

(Қ) Рефлексия: Оқушылар қолдарындарындағы стикерлерге жұмыстарға қатысты пікірлері мен ұсыныстарын жазып, сол жұмыстын тұсына жапсырады.


суреттер
Мата каталогы, таныстырылым, жеміс-жидектер, көкөністер, бояулар

Қауіпсіздік ережесі

Бағалау парақтары

Скоч,оқушылардың дайындаған жұмыстары

Стикерлер



Аяқталуы

44-45 минут




(МК,Ұ) Мұғалім жалпы сабақ барысына, оқушылардың жұмыстарына талдау жасайды, жұмыс орыны жинастарлады





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет