Сабақ саны Модуль мазмұны Уақыты Кіріспе 1 -сабақ Модульге кіру


V. Бекіту. 1. Сөздік жұмысы. Сөздік



бет10/17
Дата07.05.2017
өлшемі6,08 Mb.
#15732
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

V. Бекіту.

1. Сөздік жұмысы. Сөздік:

шабуыл жасау - нападать тұтқынға алу - взять в плен

бағу - пасти сыншы - критик

сыбызғы - свирель таңырқай - с удивлением

уәзір – визирь алғысын айтты - поблагодарил

бас ию - преклоняться

2. 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұның ай­тып беру. Мәтінге ат қою.

3. 2-тапсырма. Жоғарыда берілген мәтін бойынша үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.

VI. Сабақты қорытындылау.

4. 3-тапсырма. Сөйлемдерді жазып алып, үндестік заңына бағынбайтын қосымшалары бар сөздерді тауып, астын сызу.



VII. Үй тапсырмасы. Ережелерді жаттау.

Сөйлесу бөлімі

2-сабақ Ән - көңілдің ажары

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Музыкаға байланысты мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіру.

1. Ақын мен әнші – адамзаттың бұлбұлы. –

Поэт и певец – соловьи человечества.

2. Жігітке өлең де - өнер, өнер де - өнер. –

Для джигита и песня искусство и ремесло – искусство.

3. Өлең – алтын, сөз – күміс. –

Слово – серебро, песня – золото.

4. Өлең өмірді ұзартады. –

Песня лета жизни прибавляет.

5. Өлең – сөздің патшасы. –

Песня – царица слова.

6. Ән – көңілдің ажары. –

Песня раскрывает красоту души.

2. 3-тапсырма. Сөздер мен сөйлем арасынан өздік етісті табу. Жасалу жолдарын түсіндіру.

1. Көрді, таранды, сағындырды, айтысты, киінді.

2. Өлең айтылды.

Ән салынды.

Сурет ілінде.

Әдемі киім киінді.


4. 6-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, деңгейлік тап­сырмаларды орындау.

ІІІ деңгей

Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Хормен қандай әндер айтылды?

2. Қазіргі таңда хормен ән айту қандай өнер?

3. Қазақстанда белгілі қандай хор ұжымдары бар?

ІІ деңгей

1. Мәтін бойынша диалог құрап, өзара сөйлесіңдер.

2. «Хормен» сөзінің емлесі туралы не айта аласыңдар?

І деңгей

Мектептеріңде хор ұжымы бар ма? Хор ұжымы туралы әңгімелеңдер.


V. Сабақты қорытындылау.

3. 4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.

1) Етіс нені білдіреді?

2) Өздік етіс деген не?

3) Өздік етістің жұрнақтары қандай? Мысал келтіріңдер.

4) Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды атаңдар. Мысал келтіріңдер.

5) Кірме сөздерге мысал келтіріңдер.
VI. Үй тапсырмасы.

5-тапсырма. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалары бар сөздерге мысал келтіру.



3-сабақ Қазақ халқының музыкалық аспаптары тарихынан

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. Сөздік жұмысы. Сөздік:

ерекшелік - особенность мұра - наследие

үркіту - спугнуть орындау - исполнять


2. 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын ай­тып беру.

Халықтың музыкалық аспаптары белгілі бір халыққа тән әрі өзіндік ерекшелігі болады.

Қазақтың музыкалық аспаптары – ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа ауысып келе жатқан мәдени мұра. Ертеде аспаптарды ағаштан ойып, түрлі өсімдіктерден, малдың терісі мен сүйегінен, мүйізі мен қылынан жасаған. Музыка аспаптарын халыққа хабар бергенде, аңды үркіткенде, ән-күйлер орындағанда пайдаланып отырды. Қазақтың халық аспаптар оркестріне домбыра мен қобыздың алғашқы үлгілерін ұсынған профессор А.Жұбанов болды.

(Энциелопедиялық анықтамадан)

4. 3-тапсырма. Тірек сызбалар бойынша үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.

ІІІ деңгей

1. Сызбалар бойынша «Қазақтың музыкалық аспаптары» тақырыбына бірнеше сөйлем құраңдар.

2. Кірме сөз дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.

ІІ деңгей

Тірек сызбалар негізінде әңгіме құраңдар.



І деңгей

Ұсынылған тақырыптар бойынша сөйлесіңдер.

1. Ұнайтын музыкалық аспаптарың туралы айтып беріңдер.

2. Мектептегі музыкалық үйірмелер.


V. Сабақты қорытындылау.

3. 2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1) Халықтық музыкалық аспаптар қандай болады?

2) Ертеде аспаптарды неден жасаған?

3) Ертеде музыкалық аспаптарды не үшін пайдаланған?

4) Қазақтың халық аспаптар оркестріне домбыра мен қобыздың алғашқы үлгілерін кім ұсынған?


VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

4-сабақ Ұлттық аспаптар

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1.1-тапсырма. Диалогке сұрақтарды әзірлеп, өзара сөйлесу.



Жауап үлгісі:

- Домбыра қандай аспап?

- Домбыра - қазақ халқының арасына ете ерте және кең тараған аспап.



- Ол қандай аспапқа жатады?

- Қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспаптың бірі.



- Қандай ерекшеліктері бар?

- Өзіне төн ерекшелігі - ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады.



- Домбыра неден жасалады?

- Домбыра тұтас ағаштан ойылып немесе құрап жасалады.



- Домбыраның дыбысы қандай?

- Дауысы қоңыр, құлаққа жағымды.

2. 2-тапсырма. Диалог негізінде сөйлемдерді аяқтау.

3. 3-тапсырма. Берілген анықтама бойынша әңгіме құрау.



• Дина Нүрпейісова (1861 ж. Батыс Қазақстан облысында туған) - домбырашы, күйші, композитор, Қазақстанның халық әртісі.

• 8-9 жасында домбыра тартуды үйренген.

• 1870 ж. Құрманғазымен кездескен.

• Динаның күйлері - «Байжұма», «Бұлбұл», т.б.

• 1937 ж. Халық өнерпаздарының байқауында 1-жүлдеге ие болған.

• 1979 ж. Мәскеуде Халық музыкалық аспаптарында орындаушылардың бүкілодақтық байқауында 1-орын алған.

• Екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.

• 31. 01. 1955 жылы Алматы қаласында қайтыс болған.



Анықтаманы пайдаланып, төмендегі оқыта үйрету ойы­ны арқылы да жүргізуге болады.

«Әңгіме құрастыру» оқыту ойыны

Бұл ойын сөйлесу бөлімінің бірінші сабағында оқушылардың материалмен өз бетінше жұмыс жүргізуіне көмектеседі.

Сыныпта қаншалықты сұрақтарды қарастыру қажет болса, оқушыларды сонша топқа бөлу керек. Мысалы, 5 сұрақ болса, онда топта 5 оқушыдан болуы тиіс, егер 4 сұрақ болса, онда 4 оқушы болуы керек, т.с.с.

Әр оқушыға реттік нөмір беріледі, яғни әр топта бірінші, екінші, үшінші және т.б. нөмірлер болады. Мұғалім тақтаға сәйкес материалдың оқулықта орналасуын көрсете отырып, нөмірлерге арнап сұрақтар жазады. Материалды өз бетінше игеруге 20 минут бөледі. Кейінірек әңгімелеу көзінде қолданылатын тезистерді оқушылар сұраққа жауап беру барысында қолдана алады. Келесі турда оқушылар өз тобында кезекпен өз сұрақтарына жауап береді.

Екінші турдың уақытын қалай реттеуге болады? Егер топта 5 адамнан болса (яғни әрқайсысының сөйлесуіне 5 минут бөлінеді), сабақтың қалған 25 минуты 5 бөлікке бөлінеді; егер топта 4 адам болса, онда сөйлеуге 6 минуттан беріледі және т.с.с.

Өз әңгімесінің мазмұның түсіндірген соң, оқушы өз тобында бағаланады (яғни бағаны топтың барлық мүшелері қояды).



V. Сабақты қорытындылау.

4. 4-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұндама жазу.


VI. Үй тапсырмасы. 5-тапсырма. Сөйлемдердің жалғасын табу.
5-сабақ Тіл дамыту

I. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Жоспар бойынша өздеріне ұнайтын бір музыкалық аспапты суреттеу.



Жоспар:

1. Музыка аспабының атауы.

2. Аспаптың жасалған материалы туралы мәлімет.

3. Аспаптың құрылысы.

4. Музыка аспабының үні туралы.
2. 2-тапсырма. Диалог бойынша өзара сөйлесу.

- Қазақстанда оқушыларға арнаулы музыкалық білім беретін қандай оқу орындары туралы білесің?

- Қазақстанда алғашқы музыкалық мектептер 1934 жылы Алматы мен Орал қалаларында ашылды.

- Онда қандай сыныптар болды?

- Бұл мектептерде фортепиано, халық музыка аспаптары сыныптары болды.

- Ал Алматыдағы К.Байсейітова атындағы музыка мектеп-интернаты қашан ашылды?

- 1949 жылы.

- Тағы қандай қалаларда осындай мектептер бар?

- Қарағанды қаласында. 1988 жылы республика бойынша 3 он жылдық және 14 өнер мектебі жұмыс істеді.
4. 5-тапсырма. Кестеде берілген қатардан мағынасына қарай сөйлемдер құрау.

Жауап үлгісі:

Ән

айта аласың ба?

Күй

тартамын.

Халық әнін

жақсы көремін.

Терме

тыңдаймын.

Қазақша әннің

сөзі керемет.

Көрермендер

риза болды.

Халық

қол соқты.

Эстрадалық

әндер бар.


V. Сабақты қорытындылау.

3.4-тапсырма. Сұрақтарға дайындалып, толық жауап беру.



1. Қазақ халқының музыкалық аспаптарының тари­хынан не білесіңдер?

2. Қандай музыкалық аспаптар туралы айта аласыңдар?

3. Өлеңге, музыкаға қатысты қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?

4. Кірме сөздер дегеніміз не?

5. Өздік етіске мысалдар келтіріңдер.
VI. Үй тапсырмасы.

3-тапсырма. Өздері ұнататын музыкалық топтар туралы әңгіме дайындау.


6-сабақ Халық әндері

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беру. Мәтін бойынша үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.



ІІІ деңгей

1. Халық әндері дегеніміз қандай әндер?

2. Халық әндері адамды неге тәрбиелейді? Мәтіндегі әндерінің, мейірбандыққа, домбыраның, сүйемелдеуімен деген сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар.

ІІ деңгей

1. Қазақтың халық әндері туралы не білесіңдер? Жоғарыдағы мәтінге сұрақтар дайындаңдар.

2. Мәтінде берілген музыкалық аспаптар туралы айтып беріңдер.
І деңгей

«Қазақ әндері туралы» шағын мәтін құрап, ауызша айтып беріңдер.


2. 2-тапсырма. Мәтіндегі буын үндестігіне бағынбайтын сөздерді теріп жазып, сөйлем құрау. Оларға үлгі бо­йынша талдау жүргізу.

Үлгі: мейір - зат есім, -бан - жұрнақ, -дың - жұрнақ, -қа - барыс септігі.

Мейірбандыққа, адамгершілікке, А.В.Затаевич, Б.Г.Ерзакович, Т.Бекқожина, «Гүлдерайым», «Ақерке».
3. 4-тапсырма. Берілген тірек сызба бойынша қосымша мәліметтерді қатыстырып, мәтін құрау.


Қазақтың әнші-ақындары



Ақан сері Қорамсаұлы

Біржан сал Қожағұлұлы

Жаяу Мұса Байжанұлы


Шығармалары

«Ақтоты», «Сырымбет», «Балқадиша»

«Ғашығым», «Ақтентек», «Жанбота»

«Ақсиса», «Шолпан», «Гауһар қыз»


V. Сабақты қорытындылау.

4. 5-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы өзара диалог құрау.

1) Сіз қандай халық өндерін ұнатасыз?

2) Халық әндерін қандай ғалымдар зерттеген?

3) Көп тараған халық әндерінен қайсысын білесің?

4) Халық өндері қандай тақырыптарға жазылған?

5) Халық әндері адамды неге тәрбиелейді?

6) Қандай ақын-әншілерді білесің?


VI. Үй тапсырмасы.

3-тапсырма. Кестедегі сөздерді қолданып, сұрақтарға жауап беру.



7-сабақ Нәтиже сабақ

I. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Тест және бақылау тапсырмаларын орындау.

I. Тест сұрақтарына жауап беру.

1. Берілген қатардан буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны табыңдар.

A. күйші B. өлең C. Сазгер D. ән

2. Ұлттық аспаптың түрінен үрмелі аспапты табындар.

A. домбыра B. Сыбызғы C. Дауылпаз D. жетіген

3. Жеті ішекті шертпелі музыка аспабын табыңдар.

A. домбыра B. Сыбызғы C. Дауылпаз D. жетіген

4. Алматыдағы К. Байсейітова атындағы музыка мектеп-интернаты қашан ашылды?

A. 1946 ж. B. 1948 ж. C. 1949 ж. D. 1947 ж.

5. Өздік етісті табыңдар.

A. орылды B. Жуынды C. Салынды D. әкелінді

6. Қазақтың ұлттық аспабына жатпайтынын табындар.

A. домбыра B. Баян C. Сазсырнай D. жетіген

7. Берілген сөйлемді толықтырыңдар. Ән....

А. Тартылады В. қол соғады C. Ойнаймыз D. айтамыз

8. Ақан серінің әнін табындар.

A. «Ғашығым» B. «Ақтентек» C. «Балқадиша» D. «Жанбота»

9. Берілген сөйлемді аяқтаңдар. Ән - көңілдің....

A. келбеті B. әлпеті C. Ажары D. пішіні

10. Орыс тілі арқылы енген кірме сөзді табыңдар.

A. ән B. Күй C. Музыка D. өлең


ІІ. Бақылау сұрақтарына жауап беру.


  1. Өздік етіс дегеніміз не? Жасалу жолын түсіндіріңдер.

  2. Музыкаға қатысты кірме сөздерді жазып, олардың қай тілден енгендігін атаңдар.

  3. Қакзақтың ұлттық музыкалық аспаптарының қолданысына қарай түрлерін атаңдар. Өздеріңе ұнайтын аспап туралы айтып беріңдер.

  4. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды қатыстырып, тақырыпқа байланысты сөз тіркестерін құраңдар.

  5. Өздік етісті қолданып, бірнеше сөйлем құраңдар.

  6. Буын үндестігіне бағынбайтын септікті атаңдар. Бір сөзді толық септеңдер.

  7. Қазіргі кездегі күй жанрының қоғамдағы рөлі қандай екендігі туралы пікірталас ұйымдастырыңдар.

  8. Халық әндері туралы айтып беріңдер. Мысал ретінде халық әндерін атаңдар.



V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

XIII МОДУЛЬ

Лексикалық тақырыбы: Сиқырлы саз сырлары

Бөлімі

Сабақ саны

Модуль мазмұны

Уақыты

Кіріспе

1-сабақ

Модульге кіру Лексикалық тақырып

Бекіту. «Күй аңыздары»

Деңгейлік тапсырмалар

Сұхбатпен жұмыс



45 минут

Сөйлесу

2-сабақ

«Қазақ сазгерлері» мәтіні

Сұхбатпен жұмыс

Жаттығуларды орындау


45 минут

3-сабақ

Тіл дамыту

Жаттығуларды орындау Жұмбақты шешу



45 минут

Қорытынды

4-сабақ

1. Тест

2. Бақылау сұрақтары



45 минут



Кіріспе бөлімі

1-сабақ Күй аңыздары

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, үш деңгейлі тапсыр­маларды «Брейн-ринг» оқыта үйрету ойыны арқылы орындау.

«Брейн-ринг» оқыта үйрету ойыны (Жарыс ойын)

Құрал-жабдығы:

1. Нөмірлері және атқаратын рөлі жазылған жетондар.

2. Тапсырмаларға арнап алты (төрт) бөлікке бөлінген жаймалар. Сандар жазылған кеспелер.

3. Сары («3» бағасы), жасыл («4» бағасы), қызыл («5» бағасы) түсті фишкалар және толықтыру жасағандарға берілетін көк түсті жарты фишкалар.

4. Үстелдердің сілтемесі.

5. Ортақ қосымша парағы.

6. Үш деңгейлі тапсырмалар жазылған кеспелер: ойынның екінші нұсқасына мұндай кеспелер түрлі түсті көк, жасыл және сары түсті қатырма қағаздан жасалады.

7. Жауап үлгілері жазылған кеспелер.


Ойынның жүру барысы

Сынып 7(5) адамнан топтарға бөлінеді: мұнда 6(4) ойыншы және бір жүргізуші болады. Ойынға қатысушыларға нөмір жазылған жетондар таратылады. Әрбір топ жеке үстел басында отырады. Үстелдін, үстінде үстелдің сілтемесі және 6(4) бөлікке бөлінген жаймалар; осы жаймалардың үстіне тапсырма жазылған кеспелер мына ретпен қойылады: астында бірінші деңгейдің сұрақтары (3), оның үстіне екінші деңгейдің сұрақтары (2), ең үстіне үшінші деңгейдің сұрақтары (1). Әр бөлікке бір сұрақтан (А суретін қараңыз). Үстіңгі сұрақтарға дайындықсыз жауап беріледі («блиц-турнир»), екінші сұрақтарға дайындалуға 3-5 минут уақыт беріледі. Астыңғы сұрақтардың жауабы ең күрделі, оларға 7-10 минут уақыт беріледі. Жүргізуші жайманы жаяды. Мысалы, «2» саны түсті делік, яғни 2-нөмірлі ойыншы жауап береді. Егер жауап толық болса, ойыншыға фишка беріледі. Егер жауап толық болмаса, онда кез келген ойыншы оны толықтырып, жарты фиш­ка даярланады, алайда олар әр түрлі болуы да мүмкін, онда ойын екінші нұсқасы бойынша жүргізіледі.



Екінші нұсқаның ерекшелігі: бөліктерге бөлінген әрбір жаймаға бір ғана тапсырма кеспесі (онда 1-2 сұрақтан) қойылады. Бір үстелге қызыл түсті кеспе, екіншісіне -көк, сонан соң сары, жасыл түсті карточкалар қойылады.





Топ қызыл үстелдегі тапсырманы орындаған соң, көк үстелге, одан кейін жасыл және сары үстелдерге көшеді.

Дайындалуға міндеті түрде уақыт беріледі (5-7 минут).

Командалар бір уақытта ойнайды. Бір үстел басындағы ойынның уақыты немесе тиісті деңгей сұрақтарына жа­уап беру уақыты - 10-12 минут (ер ойыншыға 1,5-2 минут есебінен). Ойын барысында әрбір ойыншы фиш­ка алып отырады. Солардың, санына және түсіне қарай баға қойылады. Сөйтіп бір ойында әр оқушы әр түрлі күрделілік деңгейіндегі 18-24 тапсырма орындайды.


2. 2-тапсырма. Мәтін бойынша мазмұндама жазу.

Осы тапсырманы еркін диктант ретінде жаздыруға да болады.

Ол үшін мұғалім мәтінді алдымен әзі оқып шығады да, мазмұның бір оқушыға айтқызады. Содан соң оқушылар жаза бастайды. Еркін диктант оқушылардың ақыл-ойын дамытуға, оқыған ережелерін есте сақтауға көмектесіп, шығарма жаза білуге жаттықтырады. Еркін диктантты 45 минут жүргізу шарт емес, ол тіл дамыту мақсатындағы шығармашылық жаттығу ретінде азғана уақыт ішінде алынып, қорытындысы бірден шығарылады.

Халық күйлері

Халық күйлері - халықтың тұрмыс-салт көріністерін, адамның тағдырын, жалпы өмірдегі болмысты суреттеп, баяндайтын күй. Халық күйлері әр түрлі тақырыптарды қамтитын тарихи ерекшелігімен де құнды. Халық күйлері ұрпақтан ұрпаққа жеткенімен, шығарған кісілердің аты-жөні ұмыт болуынан халықтың күйі деп аталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет