Сабақ саны Модуль мазмұны Уақыты Кіріспе 1 -сабақ Модульге кіру


V. Бекіту. 1. 1-тапсырма



бет12/17
Дата07.05.2017
өлшемі6,08 Mb.
#15732
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

V. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Мәтіннің мазмұның айту. Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

2. 2-тапсырма. Сатушы мен сатып алушы арасындағы берілген диалогті оқып, өзінің қандай кітап оқуға әуес екені туралы әңгімелеп беру.

3. 3-тапсырма. Берілген сұрақтарға жазбаша түрде жауап жазу.

Үлгі: Сіздерде қазақ тілінде кітаптар сатыла ма?

-Иә, бізде қазақ тілінде кітаптар сатылады.



VI. Сабақты қорытындылау.

4. 5-тапсырма. Берілген шығармалардың ішінен қай түрін оқуға әуес екенін әңгімелеу.



VII. Үй тапсырмасы. 6-тапсырма. Ойшылдардың кітап туралы айтқан сөздерін түсініп оқып, есте сақтау.

Сөйлесу бөлімі

2-сабақ Менің әуес ісім - киім тігу, зергерлік бұйымдар жасау

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап беру.

1. Сіз қандай киім тіккенді ұнатасыз?

2. Зергерлік бұйымдардың қандай түрлерін білесіздер?

3. Сіздің қолыңыздан киім тігу келе ме?

4. Технология сабағында зергерлік бұйымдар жасайсыздар ма?

5. Киімді белгілі үлгіге қарап тіккенді ұнатасыз ба?

2. 2-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, ат қою. Көп нүктенің орнына керекті септік жалғауларын қою.

Киім тігу мен зергерлік бұйымдарды жасауда адамның ерекше қабілеті байқалады. Екеуі де ертеден келе жатқан қолөнер түрлері. Тігінші киім тігетін шебер болса, зергер – асыл тастардан әшекей бұйым жасайтын шебер.

Киім тігуде ең маңызды рөл атқаратын нәрсе мата болып табылады. Матаның құрылымы мен сыртқы көрінісі киімнің жарасымды да қонымды болуында үлкен рөл атқарады.

3. 3-тапсырма. 1) Төмендегі киімдердің қайсысын тігер едіңдер? Киім тігуге қажетті құралдарды атау.

Көйлек __________________________________________________________

Костюм__________________________________________________________

Юбка ___________________________________________________________

Шалбар _________________________________________________________

2) Төмендегі зергерлік бұйымдардың қайсысын жасар едіңдер? Керекті құралдарды атау.

Сырға ___________________________________________________________

Жүзік____________________________________________________________

Алқа ____________________________________________________________

Білезік __________________________________________________________


V. Сабақты қорытындылау.

4. 4-тапсырма. Жақшадағы қажетті сөздерді таңдап алып, сөйлемді жазу. Жауап үлгісі:

1. Киім тіккен кезде (қайшы) қажет.

2. Киім тігу мен зергерлік бұйым жасау - (өнердің) бір түрі.

3. Киім тігу үшін (мата) қажет.



4. Зергер - (әшекей бұйымдар жасайтын) шебер.

5. Тігінші – (киім тігетін) шебер.


VI. Үй тапсырмасы.

5-тапсырма. Еріндік дауыстыларға арналған жұмбақты шешу.
3-сабақ Менің әуес ісім - сурет салу

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. Сөздік жұмысы. Сөздік:

енер – искусство құралдар - инструменты

түрлі түсті қарындаш - цветной қарандаш

бояулар – краски қылқалам - кисточка

кәсіби суретші - профессиональный художник

сурет сабағы - урок рисования сомдау - здесь: рисовать

2. 1-тапсырма. Берілген мәтінді оқу.

Сурет салу кез келген адамның қолынан келе бермейді. Ол да өнердің бір түрі. Сурет салу кезінде бірнеше құрал қажет болады. Оларға түрлі-түсті қарындашты, сурет салуға арналған альбомды, бояулар мен қылқаламдарды жатқызуға болады. Кәсіби суретшілер суретті арнайы планшетке салады.

Сурет салуға әуес болу көбіне мектептегі сурет сабағынан басталады. Суретшілер көбінесе табиғатты, үйді, портретті сомдауға әуес болады.

3. 2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

1. Сурет салу кез келген адамның қолынан келе ме?



2. Сурет салу көзінде қандай құралдар қажет?

3. Кәсіби суретшілер суретті қалай салады?



4. Сурет салуға біз көбіне қай кезде жаттығамыз?

4. 3-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, еріндік дауыстылары бар сөздерді теріп жазу.



Жауап үлгісі:

Біз сыныптастарымызбен бірге сурет үйірмесіне жазылдық. Мен табиғаттың суретін салғанды ұнатамын. Біз үйірмеде натюрморт салдық. Мен сурет салуға қарындаштар, бояулар мен бірнеше қылқалам сатып алдым. Біз үйірмеге аптасына үш рет барамыз.


V. Сабақты қорытындылау.

5. 4-тапсырма. Берілген сызбаны толықтыру. Өз әуес істері туралы әңгімелеу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет