Сабақ саны Модуль мазмұны Уақыты Кіріспе 1 -сабақ Модульге кіру



бет15/17
Дата07.05.2017
өлшемі6,08 Mb.
#15732
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

V. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Мақал-мәтелдермен танысып, мағынасын анықтау. Осы мақалдарды пайдалана отырып, сөйлемдер құрау.

2. 2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, ат қою. Төменде берілген сұрақтарға жауап беру.

Сөздік

асыл - драгоценный

тіпті - даже

көңіл бөлу - обращать внимание

қор - запас

салауатты өмір салты - здоровый образ жизни

қалыптастыру - формировать

айналысу - заниматься

зиянды әрекет - вредные привычки

шара - мероприятие



Сұрақтар:

1. Денсаулық деген не?

2. Денсаулық жақсы болу үшін не істеу керек?

3. Әр адам нені қалыптастыру керек?

4. Салауатты өмір салтын қалыптастыру дегенді қалай түсінесіңдер?

5. Денсаулыққа байланысты қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?

3. 3-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып жазу.

VI. Сабақты қорытындылау.

VII. Үй тапсырмасы. Қайталау. 4-тапсырма. Доста­рымен денсаулықты сақтау туралы әңгімелесу.

Сөйлесу бөлімі

2-сабақ

Ұйқының пайдасы

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 2-тапсырма. Мәтін бойынша үш деңгейлі тапсыр­маларды орындау.



Сөздік

әдеттену - привыкать

тынығады - отдыхает

ынтасы артады - появляется желание

аурулардан - от болезней

ересек - взрослый (-ая)

желдеткіш - форточка

2. 3-тапсырма. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу.



V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

3-сабақ

Тісті күту

I. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап беру.

1) Қос сөз деген не?

2) Қос сөздің қандай түрлері бар? Мысал келтіріңдер.

3) Топтау сан есімдер қандай сұраққа жауап береді? Мысал келтіріңдер.

2. 2-тапсырма. Берілген сөздерден сөз тіркестерін және сөйлемдер құрау.

3. 3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, тістерін қалай күтетіндері туралы әңгімелеп беру. Демеулік шылаулар­ды тауып, түрін ажырату.

4. 4-тапсырма. Мақалды оқып, түсіндіру. Осы мақалды қатыстырып, диалог құрастыру.

Тісі ауырғанның көңілін сұрамайды.

(У страдающего от зубной боли про здоровье не спрашивают.)

5. 5-тапсырма. Сұрақтарға жазбаша жауап беру. 1) Сен сағат нешеде тұрасың?



2) Беті-қолыңды немен жуасың?

3) Тісіңді немен тазартасың?

4) Сен таңертең қайда барасың?

V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

4-сабақ

Тіл дамыту

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Мысалды түсініп, рөлге бөліп оқу. Адам өміріндегі судың маңыздылығы қандай? Өз пікірлерін білдіру.



Сөздік

қолжуғыш - умывальник

сүлгі - полотенце

надан - невежа

ашулану - разозлиться

қақпақ - крышка

ісіп-кеуіп - здесь: важничать

жуыну - умываться

сабын - мыло

қарап жата алмады - не смог молча лежать, не сдержался

кір - грязь

айтыс - здесь: спор

қалу - отстать

жеңілу - быть побежденным

жолаған жоқ - не подходил

таусылу - закончиться

2. 2-тапсырма. Үлгі бойынша мәтіндегі қарамен жазылған сөздерден қос сөздерді бір бағанға, демеулік шылауларды екінші бағанға жазып, түрлерін ажырату.

Үлгі: беті-қолын - қосарлама қос сөз.

3. 3-тапсырма. Диалогті толықтырып, өзара сөйлесу.

4. 4-тапсырма. Берілген тірек сөздер бойынша адам­ның денсаулығына судың маңыздылығы туралы мәтін құрап жазу. Мәтінге қос сөз, демеулік шылауларды пайдалану.

Жуыну, су, сабын, таза, кір, қол, дене, бас, күнде, бірнеше рет, мықты, жақсы, тазарту, пайдалы, күту, дұрыстап.

V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

5-сабақ

Жаны саудың — тәні сау

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Сөйлемдерді жазып, мағыналарын түсіндіру.

1. Жаны саудың - тәні сау.

2. Спорт - денсаулық кепілі.

3. Ұйқы тынықтырады, жұмыс шынықтырады.

2. 2-тапсырма. Төменде берілген қос сөздердің мағыналарын анықтап, олардың қалай жасалғанын айту. Денсаулық тақырыбына осы сөздерден бірнеше сөйлем құрау.

3. 3-тапсырма. Үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.



V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

6-сабақ

Емханада

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұның айту.



Сөздік жұмысы.

емхана - поликлиника ауыру - болеть

барлық - все

мән бермеу - не обращать внимание

өкіну - сожалеть

дәрігер - врач

тұрмыстық жағдай - бытовые условия

экологиялық қолайсыздық - экологические неудобства

сарапшылар - эксперты

дерек - факт

өмір салты - образ жизни

қоршаған орта - окружающая среда

2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

1. Денсаулыққа кері әсер ететін жағдайларды атандар.



2. Дүниежүзілік деректер адам денсаулығының қанша пайызы өмір салтына қатысты деп көрсетіп отыр?

3. Экологиялық қолайсыздықтарға нені жатқызуға болады?

4. Адам науқастанса, кімнен көмек сұрайды?

3. 2-тапсырма. Диалогті кезекпен оқу және төмендегі сұрақтарға жауап беру. Сұхбат бойынша сұрақтарға жа­уап беру.

1. Атаның қай жері ауырады?

2. Жөтелі, тұмауы бар ма?

3. Тамағы қызарып тұр ма?

4. Ата немен ауырған?

5. Денсаулықты неге сақтау керек?

4. 3-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құрау.

5. 4-тапсырма. Емханада сырқатына байланысты кімге баратыны туралы сөйлемді толықтыру.

6. 6-тапсырма. Берілген суретке қарап, ауруханадағы науқастың көңілін сұрау туралы әңгімелеп беру.

V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. Қайталау. 5-тапсырма.

7-сабақ

Салауатты өмір салты

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Берілген мәтіндегі салауатты өмір салты туралы өз ойларын айту.



Сөздік

салауатты өмір салты - здоровый образ жизни

серуен - прогулка

таза ауа - чистый воздух

еңбек демалысы - отпуск

жат әдеттер - вредные привычки

2. 2-тапсырма. Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтыру.

3. 3-тапсырма. Берілген тірек сызбаны толықтырып, салауатты өмір салты туралы әңгімелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыратын, оған зиянын тигізетін әсер етуші факторларды атау. Өз ойларын айту.

4. 4-тапсырма. Сөйлемдерді керекті демеулік шылаулармен толықтыру. Қажетті ақпараттарды есте сақтау.

5. 5-тапсырма. Берілген кесте бойынша «Дәрумендер –денсаулығымыздың дәнекері» атты тақырыпқа әңгімелесу.



Дәрумен аты

Кездесетін жері

А

Бауырда, сүтте, балықтың уылдырығында, жұмыртқада, қызыл, сары жемістерде кездеседі.

В

Күріште, ашытқыда, бидай, картоп, бауырда, сүтте, етте, жұмыртқа, салаттарда кездеседі.

С

Көкөністерде, жемістерде, сүтте, бүйректе кездеседі.

D

Балық майында, бауырда, бүйректе, жұмыртқа сарысында, сүтте, сары майда кездеседі.

E

Көкөністе, астық дәндерінде, сүтте, өсімдік майында, жұмыртқада кездеседі.

V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

8-сабақ

Нәтиже сабақ

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Тест және бақылау тапсырмаларын орындау.

I. Тест сұрақтарына жауап беру.

1. Қосарлама қос сөзді табындар.

A. үйден-үйге



B. бала-шаға

C. бас-басына

D. өзді-өзіне

2. 4-8 жастағы балалар күніне қанша сағат ұйықтау қажет?

A. 7-8 сағат

B. 9-10 сағат



C. 10-11 сағат

D. 12-13 сағат

3. Болымсыздық демеулікті табыңдар.

A. ғана


B. кейде

C. түгіл

D. -мыс


4. Берілген сөйлемді аяқтаңдар. Тісті күтпесе....

A. жақсарады

B. тазарады

C. бұзылады

D. жұмсарады

5. Берілген сөйлемдегі сан есімнің мағыналық түрін табындар. Тіркеу бөлімінде екі-екіден кезекке тұрдық.

A. есептік сан есім

B. жинақтық сан есім

C. топтау сан есім

D. реттік сан есім

6. Құлағың ауырса, қай дәрігерге барасың?

A. кардиологқа



B. лорға

C. окулистке

D. терапевтке

7. ІІ жақта жіктеліп тұрған қатарды табыңдар.

А. Біз дәрігерміз.

В. Мен дәрігермін.



C. Сен дәрігерсің.

D. Олар дәрігер.

8. Берілген қатардан бір сыңары мағынасыз қос сөзді табыңдар.

A. сап-сары

B. үйден-үйге

C. қыз-келіншек



D. бала-шаға

9. Емханада тіркеу бөлімінен кейін бірінші қай дәрігерге жолығасыз?

A. кардиологқа

B. лорға


C. окулиске

D. терапевтке

10. Салауатты өмір салтына жатпайтынын табыңдар.



A. көп ұйықтау

B. таза ауада жүру

C. спорт

D. дұрыс тамақтану


ІІ. Бақылау сұрақтарына жауап беру.

XVIII МОДУЛЬ

Лексикалық тақырыбы: Денсаулықты сақтау

Бөлімі

Сабақ саны

Модуль мазмұны

Уақыты

Кіріспе

1-сабақ

Модульге кіру Лексикалық тақырып Бекіту. «Саулық - байлық негізі»

45 минут

Сөйлесу

2-сабақ

«Дәрігерлік қызмет көрсету»

Жаттығуларды орындау



45 минут

3-сабақ

«Таза ауа»

Жаттығуларды орындау



45 минут

4-сабақ

«Адамға пайдалы заттар»

Жаттығуларды орындау



45 минут

Қорытынды

5-сабақ

1. Тест

2. Бақылау сұрақтары



45 минут



Кіріспе бөлім

1-сабақ

Саулық - байлық негізі

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіру. Жаттап алу.

2. 2-тапсырма. Мәтін бойынша үш деңгейлі тапсыр­маларды орындау.

Сөздік


қарапайым - простой(-ая)

тілек - просьба

жалаң аяқ - босиком

жұту - здесь: вдыхать

жасыру - скрывать

3. 3-тапсырма. Сөздердің арасынан тіркесті сөздерді табу. Сол сөздерден сөйлемдер құрау.

4. 4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.

1) Қос сөз деген не? Мысалдарын келтіріңдер.



2) Топтау сан есімнің басқа түрлерінен айырмашылығы қандай?

3) Демеулік шылауларды атаңдар.

4) Тіркесті сөздердің емлесі туралы не білесіңдер?

5) Денсаулық тақырыбына мақал-мәтелдерді мысалға келтіріңдер.

6) Табиғаттың адамға қандай әсері тиеді?

V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

Сөйлесу бөлімі

2-сабақ

Дәрігерлік қызмет көрсету

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Бір диалогті таңдап алып, сөйлесу.

2. 2-тапсырма. Сұхбатты оқып, өздері сондай сұхбат құрау.

3. 3-тапсырма. Сөйлемдер бойынша сұрақтар құрастыру.

4. 4-тапсырма. «Ас қадірін тоқ білмес, ауру қадірін сау білмес» мақалын түсіндіру.

5. 5-тапсырма. Денсаулық жақсы болу үшін не істеу керек екені туралы пікірлесу.



V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

3-сабақ

Таза ауа

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Таза ауаның адам денсаулығына пай­дасы туралы сөйлемдерді әрі қарай жалғастырып жазу.

2. 2-тапсырма. «Үзіндіде берілген орман ішінің ауасы қалай бейнеленген?», «Біздің денсаулығымызға оның қандай пайдасы бар деп ойлайсыңдар?» деген сұрақтарға жа­уап беру.

3. 3-тапсырма. Табиғаттың адамға беретін пайда­сы туралы төмендегі тақырыптың біреуін таңдап алып, шағын шығарма жазу.

1) Қандай тамаша табиғат!

2) Мына жерде тынысың кеңейеді екен!

3) Табиғат аясында жүргенге не жетсін!

4) Қандай кеңшілік десеңші!

4. 4-тапсырма. Мақал-мәтелдерді түсіндіру.



V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

4-сабақ

Адамға пайдалы заттар

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, көшіріп жазу.

2. 2-тапсырма. Диалог бойынша өзара сөйлесу.

3. 3-тапсырма. Адам ағзасына пайдалы заттар тура­лы әңгімелеу.



V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

5-сабақ

Нәтиже сабақ

I. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Тест және бақылау тапсырмаларын орындау.

I. Тест сұрақтарына жауап беру.

1. Берілген сөйлемдегі сан есімнің түрін табыңдар. Біз бүгін емханада екі-екіден кезекке тұрдық.

A. есептік сан есім

B. жинақтық сан есім

C. болжалдық сан есім

D. топтау сан есім



2. Берілген сөйлемді мағынасына қарай аяқтаңдар. Мен дәріханадан дәрі....

A. іштім


B. жедім

C. алдым

D. көрдім

3. Берілген сөйлемді аяқтаңдар. Табиғат қандай... !

A. тамаша

B. табиғат

C. ыстық

D. салқын

4. Дәрумендер алманың қай бөлігінде болады?

A. жапырағына

B. сабағында

C. ортасында

D. қабығында

5. Қара ерік Қазақстанда қай айларда өседі?

A. тамыз, қыркүйекте

B. маусым, шілдеде

C. мамыр, маусымда

D. қыркүйек, қазанда

6. Берілген сөйлемді аяқтаңдар. Денсаулық жақсы болу үшін... керек.

A. дәрігер

B. үй

C. таза ауа



D. сабақ оқу

7. Берілген сөйлемді аяқтаңдар. Орманның ауасы... !

А. қызық

В. салқын

C. керемет

D. ылғал


8. Республикамызда өріктің қанша түрі өседі?

A. екі түрі

B. үш түрі

C. жеті түрі

D. бес түрі

9. Қара өрік қай жерлерде өседі?

A. таулы жерлерде

B. орманда, бұталардың арасында

C. суда

D. таза ауада



10. Көп нүктенің орнына керекті қос сөзді қойыңдар. Біз... жудық.

A. бет-аузымызды

B. киім-кешегін

C. көйлек-көншегімді

D. аяқ-қолыңды

ІІ. Бақылау сұрақтарына жауап беру.



XIX МОДУЛЬ

Лексикалық тақырыбы: Қазақ тілі - мемлекеттік тіл

Грамматикалық тақырыбы: Ауыспалы осы шақ. Сан есім түрлері.

Тұйық етістіктің емлесі



Бөлімі

Сабақ саны

Модуль мазмұны

Уақыты

Кіріспе

1-сабақ



Модульге кіру

Грамматикалық тақырып

Лексикалық тақырып

Бекіту. Қ. Қайымовтың

«Ана тілім - әнім» өлеңі

Сұхбатпен жұмыс

Жаттығуларды орындау


45

минут


Сөйлесу

2-сабақ

«Мемлекеттік тіл» мәтінімен жұмыс Деңгейлік тапсырмалар Жаттығуларды орындау

45 минут

3-сабақ

Тіл дамыту

Диалог бойынша жұмыс

Жаттығуларды орындау


45 минут


4-сабақ

«Сөздіктің түрлері» кестесі бойынша жұмыс Диалог бойынша жұмыс Жаттығуларды орындау

45

минут


Қорытынды

5-сабақ

1. Тест

2. Бақылау сұрақтары

45

минут




Кіріспе бөлімі

1-сабақ

Ана тілім

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Грамматикалық тақырыпты тірек сызба негізінде түсіндіру.

Ауыспалы осы шақ



Сан есім түрлері







1. Осы шақ сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекетті білдіреді. Ауыспалы осы шақ күнделікті дағдылы болып жатқан іс-қимылды білдіреді.

2. Сан есім заттың, санын, ретін білдіреді. Қанша? неше? нешінші? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы:

Мен жетінші (нешінші?) сыныпта оқимын.

1) Есептік сан есім заттың нақты санын білдіреді: (қанша? неше?) жеті.

2) Реттік сан есім заттың ретін білдіреді: (нешінші?) жетінші.

3) Жинақтық сан есім жинақталған санды білдіреді: (нешеу?) жетеу.

4) Болжалдық сан есім заттың санын шамамен болжамдап көрсетеді: (қанша? неше? қай шамалы?) жетідей.

5) Топтау сан есім заттың санын топтан көрсетеді: (нешеден?) жетіден.

6) Бөлшектік сан есім заттың бөлшектік санын білдіреді: (қанша? неше?) жеті жарым.

3. Тұйық етістік -у жұрнағы арқылы жасалады. Дауыссыз қатаң п, к, қ дыбыстарына аяқталған етістікке у дыбысы жалғанса, қатаң дауыссыздар ұяң б, г, ғ дауыссыздарға айналады. Мысалы: жап - жабу, жақ - жағу, төк - төгу. Егер у дыбысынан аяқталатын сөзге жалғанса, екі у дыбысы қатар жазылады. Мысалы: жу - жуу. Ы, і дыбысынан аяқталатын етістіктерге

у дыбысы жалғанса, ы, і дыбыстары түсіп қалады.

Мысалы: оқы - оқу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет