Сабақ саны Модуль мазмұны Уақыты Кіріспе 1 -сабақ Модульге кіру



бет11/17
Дата07.05.2017
өлшемі6,08 Mb.
#15732
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

V. Сабақты қорытындылау.

3. 3-тапсырма. Диалог бойынша өзара сөйлесу.

- Халық күйлері деп қандай күйлерді атаған?

- Халықтың тұрмыс-салт көріністерін, жолын, өмірдегі болмысты суреттеп, баяндайтын күй. Оларды шығарған кісілердің аты-жөні ұмытылған соң, халық күйі деп аталған.

- Ел арасында көп таралған қандай халық күйлерін білесің?

- «Ақсақ құлан», «Алтай батыр», «Қоңыр қаз», тағы басқалары.

- «Ақсақ құлан» күйінің тарихы қандай?

- Жошы ханның жалғыз ұлы туралы. Ол құлан аулауға құмар болған. Әкесінің рұқсатынсыз аңға кеткен ханзаданы құлан теуіп өлтіріп кетеді. Баласының өлгенін бір адам домбыра арқылы естіртеді.

- Сонда әр күйдің өзіндік тарихы бола ма?

- Әрине, қызықты аңыз түрлері болады. Соларды адамдар ұрпақтан – ұрпаққа жеткізеді.


VI. Үй тапсырмасы. 4-тапсырма. Сөйлемдерді жазып, септік жалғауларын анықтау.
Сөйлесу бөлімі

2-сабақ Қазақ сазгерлері

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Мәтіннің мазмұның айтып беру.



Сөздік:

Алып – гигант, великий әділетсіздік – несправедливость

Озбырлық – эксплуататор, угнетатель

Қажымас – неустанный қайрат – сила

3. 3-тапсырма. Сөйлемдердегі кірме сөздердің астын сызып, тиісті көптік жалғауларын қойып жазу.

Жауап үлгісі:

1. Мұқан Төлебаев - композитор, КСГӨ Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1949 ж.), КСРО халық әртісі (1959 ж.).

2. Мұқан Төлебаев 1913-1960 жылдар аралығында өмір сүрген.

3. Ол 1942-1944 жылдары қазақтың халық аспаптары оркестрінің дирижері болды.

4. Композитордың шығармашылығы Ұлы Отан соғысы жылдарында қалыптасты.

5. «Амангелді» операсы, «Таня туралы ән» (Зоя Космодемьянскаяға арналған), «Кестелі орамал», т.б. әндері бар.

6. М.Төлебаев драмалық спектакльдер мен кинофильмдерге арнап музыка жазды.

V. Сабақты қорытындылау.

2. 2-тапсырма. Диалог бойынша сөйлесу.

- Ахмет Жұбанов кім?

- А.Жұбанов – қазақ композиторы, музыка зерттеушісі, Қазақ КСР халық әртісі (1944ж.), Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі (1946ж.), профессор (1948ж.).

- Ол қайда оқыған?

- Ол Санкт-Петербургтегі М.И.Глинка және А.Н.Римский-Корсаков атындағы консерваторияда оқыған.

- А.Жұбанов туралы сен тағы не білесің?

- Ол 1934 жылы Алматыда қазақтың халық аспаптары оркестрін ұйымдастырған.

- Ол қандай зерттеулер өткізген?

- А.Жұбанов қазақ халық музыкасының тарихын зерттеген. Оның «Абай», «Құрманғазы», т.б. зерттеу еңбектері бар.

- А.Жұбанов қай жылы туған?

- Ол 1906 жылы дүниеге келген, 1968 жылы қайтыс болған.



VI. Үй тапсырмасы.

4-тапсырма. Кестені толықтырып, «Қазақ сазгерлері» деген тақырыпқа әңгіме дайындау.



3-сабақ Тіл дамыту

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.

1) Сендердің өмірлерінде музыка қандай рөл атқарады?

2) Музыканы ұнатасыңдар ма?

3) Қандай музыка ұнайды?

4) Қандай композиторларды білесіңдер?

5) Теледидар, радиодан қандай музыкалық хабарларды жиі тыңдайсыңдар?

6) Қандай әншілерді, топтарды білесіңдер?

7) Солар туралы не айтып бере аласыңдар?
2. 2-тапсырма. «Музыка» тақырыбына қатысты кірме сөздерден мысалдар келтіріп, олардан сөйлем құрау.
3. 3-тапсырма. Сөйлемдегі сөздердің тиісті септік жалғауларын қойып, сұрақтарын анықтау.

Жауап үлгісі:

1. Қазақ халқы әнге бай.

2. Біздің әнші-композиторларымыз ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын, құлақтан кіріп бойды алатын әсем әндер сыйлайды.

3. Қазақтың ән мен жырының ғажайып сыры, ғасырлық тарихы бар.

4. Сәбидің бойына ән мен жыр ана сүтімен дариды.

5. Жыр тыңдап өскен баланың қабылдау қабілеті, сана-сезімі, ақылы айрықша дамыған.

6. Ән - адамның өмірі, сезімі, көңіл күйінің айнасы.

7. Ән адамның ой-сезімін білдіреді, тәрбиелейді.



(К. Әбдірейімова)

V. Сабақты қорытындылау.

4.4-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын әңгімелеу.



Әженің әлдиі

Абайдың кәрі әжесімен, өз шешесімен бірге тұратын үйі осы еді...

Кәрі әже күндегі машығы бойынша бесік жырын айтады. Өте өзгеше, ескі жыр. Абайдың өз әжесінен басқа ешкімнен естімеген жыры. Бірақ кәрі әжесінің өзіндей соншалық жақын, ыстық, сүйікті жыры. Кішкентай күнінде, Абай өзі де кеш сайын осы жырдың тербеуімен ұйықтайтын. Сол күндерден бір сөзі де өзгермеген, ана жүрегіндегі айнымас жыр.

Сөздік:

Бесік жыры – колыбельная жақын – близкий

өзгермеу – не измениться тербеу – качать
VI. Үй тапсырмасы. 5-тапсырма. Жұмбақты шешу.
4-сабақ Нәтиже сабақ

I. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Тест және бақылау тапсырмаларын орындау.

I. Тест сұрақтарына жауап беру.

1. Күй аңыздарының қатарына жатпайтынын табындар.

А. халық күйлері В. композиторлар күйлері

C. терме D. күйші күйлері

2. Құрманғазының күйін табыңдар.

A. «Тойбастар» B. «Кісен ашқан»

C. «Әсем қоңыр» D. «Саржайлау»

3. Ахмет Жұбанов кім?

A. күйші B. әнші C. Тарихшы D. композитор

4. «Құрманғазы» атты поэма жазған кім?

A. М. Төлебаев B. А. Жұбанов C. X. Ерғалиев D. Ә. Тәжібаев

5. А. Жұбановтың өмір сүрген жылдарын табыңдар.

A. 1906-1967 жж. B. 1906-1968 жж.

C. 1906-1966 жж. D. 1906-1969 жж.

6. М.Төлебаев қай жылдары қазақтың халық аспаптары оркестрінің дирижері болды?



A. 1942-1944 жж. B. 1942-1943 жж.

C. 1942-1945 жж. D. 1942-1946 жж.

7. Жошы ханның жалғыз ұлы туралы баян етілетін тарихта қалған күйді атаңдар.

А. «Қоңыр қаз» В. «Алтай батыр»

C. «Кісен ашқан» D. «Ақсақ құлан»

8. Күй нешінші ғасырдан бастап жанр болып қалыптасқан?

A. XV ғ. B. XIV ғ. C. XVI ғ. D. VIII ғ.

9. Құрманғазының шәкірті ретінде жолын жалғастырған кім?

A. Сүгір B. Тәттімбет C. Дина D. Жамбыл

10. Көне музыкалық жанрды табыңдар.



A. күй B. Терме C. эстрадалық ән D. айтыс
ІІ. Бақылау сұрақтарына жауап беру.
1. Ең көне музыкалық жанрдың қалыптасу тарихын айтып беріңдер. Қобыз туралы не білесіңдер?

2. Қазақ композиторларының шығармаларын атаңдар.

3. Қандай музыкалық жанрды жақсы көресіңдер? Әңгімелеп беріңдер.

4. Қазақ музыкалық аспаптарының үйірмесіне қатысасыңдар ма? Қандай үйірмелерді білесіңдер?

5. Буын үндестігінің жасалуы жөнінде мысалдар келтіріп, талдау жүргізіңдер.

6. Қазақ халқындағы өздерің білетін күйшілер туралы баяндап беріңдер. Шағын мәтін құрап, кірме сөздерді ажыратыңдар.



V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
XIV МОДУЛЬ

Лексикалық тақырыбы: Менің әуес ісім

Грамматикалық тақырыбы: Термин сөздер. Ырықсыз етіс.

Еріндік дауыстылардың орфоэпиясы




Бөлімі

Сабақ саны

Модуль мазмұны

Уақыты

Кіріспе

1-сабақ

Модульге кіру Грамматикалық тақырып Лексикалық тақырып Бекіту. «Менің әуес ісім -кітап оқу»

45 минут

Сөйлесу

2-сабақ

«Менің әуес ісім - киім тігу, зергерлік бұйымдар жасау»

Жаттығуларды орындау



45 минут

3-сабақ

«Менің әуес ісім - сурет салу»

Сызбамен жұмыс



45 минут

4-сабақ

«Менің әуес ісім - фотоға түсіру»

Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс

Жаттығуларды орындау


45 минут

5-сабақ

«Менің әуес ісім - ен айту» сұхбатымен жұмыс

Жаттығулармен жұмыс



45 минут

6-сабақ

«Менің әуес ісім - ас дайындау»

Деңгейлік тапсырмалар Сұхбатпен жұмыс Жаттығуларды орындау Жаңылтпаштарды жаттау



45 минут

7-сабақ

«Менің әуес ісім-спортпен шұғылдану»

Фонетикалық талдау жүргізу

Сұхбатпен жұмыс

Жаттығуларды орындау



45 минут

8-сабақ

«Саяхатқа шығу»

Сұхбатпен жұмыс

Жаттығулар


45 минут

Қорытынды

9-сабақ

1. Тест

2. Бақылау сұрақтары



45 минут



Кіріспе бөлімі

1-сабақ Менің әуес ісім - кітап оқу

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Грамматикалық тақырыпты тірек сызба негізінде түсіндіру.




Еріндік дауыстылардың орфоэпиясы





1. Ғылым, техника, өндіріс саласындағы арнаулы ұғымдарды термин сөздер дейміз. Термин сөздер тура мағынасында қолданылады. Қазақ тілінде

терминдердің екі түрлі жасалу тәсілі бар. Бірі – қазақ тіліне аударылған атаулар. Мысалы: дыбыс, қуат, елтаңба, әуежай, т.б.

Екіншісі - жалпы халыққа ортақ интернационалдық атаулар. Мысалы: экология, глобус, оптика, т.б.

2. Іс-әрекеттің атқарушысы, қимыл иесі арнайы айтылмай, өздігінен істелетіндігі көрініп, -ыл, -іл, -л, түбірдің ішінде л дыбысы болса, -ын, -ін, -н жұрнақтары арқылы жасалатын етіс түрі ырықсыз етіс деп аталады. Мысалы: Үй салынды. Кітап оқылды.

3. Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар. Ерін мен езудің қатысына қарай дауыстылар еріндік және езулік болып екіге бөлінеді. Еріндік дауысты дыбыстар: о, ө, ү, ұ, у. Еріндік дыбыстардың орфоэпиясы еріннің алға жылжып, дөңестелуі арқылы айтылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет