3 сабақ. ІІ Физикалық диктант.
Ойынның мақсаты: Физикалық диктант арқылы оқушылардың, ережелерді формулаларды теориялық білімді қаншалықты меңгергенің және оларды пайдалану білігі мен дағдысын тексеру. Оқушылардың алған білім іскерлік дағдыларын дамыту.
Шарты: Оқушылар қойылған сұрақтарға 7 минут ішінде жауаптарын жазады.
ІІ Физикалық диктант
Тапсырма.
Электр тогы дегеніміз не?
Электр тогын сипаттайтын шамалар?
Ом заңы.
Джоуль-Ленц заңы.
Ток көздерін ата.
Электр тогының қуаты.
Өткізгіштерді жалғаудың неше тәсілі бар?
Жауабы:
Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы.
ток күші, кернеу, Кедергі.
J=
Q=J2Rt
Гальвани, Вольта элементі
Уақыт бірлігінде жасалған жұмысты айтамыз. P=JU
1) Тізбектей жалғау.
2) Параллель жалғау.
ІІІ Карточкалық жұмыс
Ойынның мақсаты: Білім іскерлік дағдыларын пысықтау.
Ойынның шарты: сынып топқа бөлінеді. Тақырып материалы бірнеше блоктарға бөлініп, әрқайсысына үш нұсқадан тапсырма дайындалады. Жауаптары жеке парақтарда дайындалады. Тапсырмаларды бәрі орындайды, бір-біріне көмектеседі әр тапсырма бағаланып нәтижесі бағалау парағына түседі.
Құрал жабдықтар: оқулық
Ойын тапсырмасы:
А. Электр тогы, ток көздері
Б. Ток күші, Кернеу, Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы.
В. Өткізгіштің тізбекте таралуы.
Д. Электр кедергісінің температураға тәуелділігі.
Ж. Ток жұмысы, Қуаты.
ІІІ. Деңгей
Электр тогы дегеніміз не?
Ток күші, кернеу, кедергі дегеніміз не?
Қыздыру шаманың құрам бөліктерін анықтандар.
ІІ. Деңгей
Электр тогының т.б және ұзақ сақталуы үшін қажетті немесе жеткілікті шарттарға не жатады?
Егер бөгде күштер 10 кл элекр мөлшерін ток көзінің бір польюс пен екіншісіне ауыстырғанда 30 Дж жұмыс жасағанда онда ток көзінің ЭҚК-і қандай болады.
Диаметрі 0,5 мм ұзындығы 4,5м өткізгішті электр тезбегіне жалғағанда одан 1А ток өтсе, оның өткізгіші материалының меншікті кедергісі неге тең?
І. Деңгей
1) электр шаманың J, U, P анықтамасы.
- схема сызу
- тізбек құрастыру
- формула жазу
- есептеу
Жауабы:
ІІІ. Деңгей: 1) Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы.
2) Электр тогын сипаттайтын шамалар.
3) Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сан уақыт аралығына қатынасы д.п
2. Тізбекте берілген бөгде заряд орын ауыстыруы электр өрісінің атында жұмсалатың осы зарядқа қатынасы кернеу д.а U=
3) Вольфрам қылы.
ІІ. Деңгей:
еркін шапшаң электр зарядының тасымалдандығы бар болғанда ғана өткізгіш электр тогы п.б
Электр тогы п.б үш еркін заряд тас/н әрекет ететін электр өр бар болуы қажет.
Электр тогы ұзақ соқт. Үш электр ор/н туындысы құрғақ болуы міндетті, яғни топ көзі керек.
2) Е=3 Дж/Кл
3) 53•10-8 Ом.м
Қорытынды: Физикалық диктант және карточкамен жұмыс бойынша оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: Тақырыптарға, суреттергі шолу жасау.
4 сабақ.
1. Білім, іскерлік дағдыларын пысықтау.
«Өз жартыңды тап» ойыны.
Есептер шығару.
Қорытынды. Үйге тапсырма.
1. Ойынның тақырыбы: «Өз жартыңды тап».
Ойынның мақсаты: Оқушыларды шапшаңдықа, ұқыптылыққа, топтасып жұмыс жасауына баулу.
Ойынның шарты: сыныпты екі топқа бөліп, әр топтың топ басшыларын сайлау, әр топтың бағалау парағын үйлестіру. Ойынның шартымен таныстыру. Екі топ бір-бірінің қателігін табу.
І топ.
Еркін электр зарятарын тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы.
...Уақыт бірлігінде жасалған жұмысты айтады.
Тоқ күшін өлшейтін құрал...
ІІ топ.
...зарядтарын тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы электр тоғы деп аталады.
Электр тоғының қуаты деп уақыт бірлігінде...айтады.
....құралды амперметр деп атайды.
Жауаптары.
Еркін электр зарятарын тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы электр тоғы деп аталады.
.
Электр тоғының қуаты деп уақыт бірлігінде жасалған жұмысты айтады.
Тоқ күшін өлшейтін құралды амперметр деп атайды.
Қорытынды: Әр топ өздері бір-бірін тексеріп топ басшылары бағалайды.
Есептер шығару.
Мақсаты: Оқушылар тарау бойынша білімдерін, тиянақтап қорыту.
Ойынның шарты: Екі топқа сол есепті бірдей беріледі, бір-бірінің қатесін табады.
Электр су қайнатқышы 4А тоқ күшінде 120В кернеуге есептелген. Су қайнатқыштың қыздыру элементін дайындау үшін қажет нихром сымының ұзындығын табыңдар. Көлденең қимасының ауданы 0,39 мм2.
Бер:
S=0.39мм2
И=120В
J=4A
Шешуі:
Будан
екенін ескеріп,
табамыз
Өткізгіштің 0,40А тоқ күші өткенде өткізгіштің үштарындағы потенциалдар айырымы 8,0В болды. Өткізгіштің кедергісі неге тең?
Бер:
J=0.40A
U=8.0B
R-?
Шешуі:
Қорытынды: Екі топтың топ басшылары өздері оқушыларды тексеріп өздері бағалайды.
5 сабақ.
«Брейн-ринг» оқыта үйрету ойыны.
Мақсаты: оқушылардың білімдерін білім іскерлік дағдыларын қорыта бекіту.
Ойынның шарты: Құрал-жабдығы.
Нөмірлері және атқаратын ролі жазылған жетондар;
Тапсырмаларға арнап 4 бөлікке бөлінген шеңбер;
Сандар жазылған төртбұрыштар;
Сары (3), жасыл (4), көк (5) түсті фишкалар және толықтыру үшін жарты фишкалар;
Үстелдер сілтемесі;
Ортақ бағалау парағы;
Тапсырмалар;
Тапсырмалардың жауаптары.
Ойынның жүру барысы.
Сынып 5 адамнан топтарға бөлінеді. Мұнда 4 ойыншы және бір жүргізуші болады. Ойынға қатысушыларға нөмір жазылған жетондар таратылады. Әрбір топ жеке үстел басында отырады. Үстелдің үстінде үстелдің сілтемесі және 4 өлікке бөлінген жаймалар осы карталардың үстіне тапсырмалар жазылған карточкалар келесі ретпен қойыларды: астында – бірінші деңгей сұрақтары (3) оның үстіне 2-деңгей сұрақтары (2), ең үстінде 3-деңгей сұрақтары (1). Әр бөлікте бір сұрақтан «А» туринир. Үстіңгі сұрақтарға дайындықсыз жауап беріледі (блиц-турнир). Екінші сұрақтарға дайындалуға 3-5 минут беріледі. Астынғы сұрақтардың жауабы ең күрделі, оларға 7-10 минут уақыт беріледі.
Жүргізуші жайманы жаяды. Мысалы: «2» саны түсті дейік, яғни 2-ші ойыншы бастайды, дұрыс жауап толық болмаса, онда кез келген ойыншы оны толықтырып жарты фишка ала алады. Әрбір топқа бірдей тапсырмалар даярланады, алайда олар әртүрлі болуы да мүмкін, онда ойын 2-ші нұсқа бойынша жүргізіледі.
Билеттер орналастыратын шеңбер.
Ойынға қатысушылар жетоны:
Ойынның тапсырмасы:
ІІІ деңгей тапсырмасы.
Эл.тоғы дегеніміз не?
Тоқ қөздерін ата?
Эл.қорғааушы күш деп нені атайды?
Электірлік шамаларды, электрлік құралдарды ата.
ІІ деңгей.
Эл.тоқтың пайда болуы және ұзақ сақталуы үшін қажетті және жеткілікті шарттарға жатады?
Өткізгіштің меншікті кедергісі қандай шамаларға байланысты?
Металл өткізгіштер кедергісінің температура эл.тәуелділігі қандай?
Асқын өткізгіштік құбылысы туралы не білесіңдер?
І деңгей. Тапсырмалар.
Электр тізбектеріндегі элементтерді тізбектей жалғаудың қандай мысалдарын білесіңдер?
Электр тізбектеріндегі элементтерді параллель жалғаудың қандай мысалдарын білесіңдер?
Параллель жалғанған өткізгіштердің ұштарындағы керней туралы не айтуға болады?
Қысқа тұйықталу қай жағдайларда кездесіп қалуы мүмкін?
Деңгейлік тапсырма жауаптары ІІІ деңгей.
Электр тоғы зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы.
Тоқ көздері: аккумулятор, гальв.элем.генератор.
Электр қозғаушы күш бөгде күштің әрекетін сипаттау үшін пайдаланады.
Электрлік шамалар: тоқ күші, кернеу, кедергі, электрлік құралдар: амперметр, волтьметр, омметр.
ІІ деңгей.
Электр тоғы пайда болды және ұзақ сақталуы үшін тоқ көздері болды қажет, электр өрісі бар болуы қажетті, еркін электр зарядтарын тасымалдаушылар бар болғанда.
Өткізгіштің меншікті кедергісі:
PR PS P
Металл.отк.кедергісінің температура проп. Қызд.темп.сымының кедерг.артады.
Асқын откізгіш деп таза металлдің және бірқатар қоспалардың кедергілерінің абсолюттік 0-ге жақын температурасы кенет 0-ге дейін төмендеп куб айтады.
І деңгей.
Электр тізб.элементтерді тізб.жалғау өмірде көп қолданады. Мысалы: гирлянда.
Электр тізб.элем.парал.жалғ.өмірде көп қолданады.
Парал.жалғ.өткізгіштің үштарындағы кернеу бірдей болғаны қолайлы.
Қысқа тұйықталу тоқ көзінің кедергісі өте аз отк.тұйықталуы.
Қорытынды: Оқушыларға берілген фишка бойынша бағалау.
Үйге тапсырма: Қайталау.
6- сабақ
Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы
Сабақтың мақсаты: Электр тогы тақырыптары бойынша оқушылардың білімдерін тексеріп, бағалау.
Ұйымдастыру
Бақылау жұмысн орындау
І нұсқа
1. Көлденен қимасының ауданы 6,8 мм2 мыс сымның кедергісіндей кедергі болуы үшін ұзындығы осымен бірдей алюминий сымның көлденең қимасының ауданы қандай болуы тиіс? ,
2. Көлденен қимасының ауданы 2 мм2 ұзындығы 8 м никель сымның кедергісі неге тең? Егер сымның ұштарындағы кернеу 3,2 В болса, онда оның бойымен қандай ток өтеді?
3. Суретте өзара тең торт кедергінің жалғану сызбасы көрсетілген. Егер R1 кедергідегі кернеу 3,6 В ал ондағы ток күші 1,5 А болса, онда жалпы кедергіні және өткізгіштің ұштарындағы кернеуді анықтаңдар?
4. Суреттегі өткізгіштердің жолын кедергісін табыңдар. Тізбектегі А және Б нүктелерінің ұштарындағы кернеу 100 В болсын, онда 40 Ом, 5Ом және 30 Ом болатын кедергілердегі ток күштерін және осы кедергілерден кернеулерді табыңдар.
ІІ нұсқа
Ұзындығы 1 м және көлденең қимасының ауданы 0,5 мм2 өткізгіштің кедергісіндей кедергі болу үшін, көленең қимасның ауданы 10 мм2 сымнан неше метр алу керек? Өткізгіштің екеуі де бірдей материалдан жасалған
Көлденең қимасының ауданы 0,1 мм2 ұзындығы 150 см күміс сымның кедергісі қандай болады? Егер осы сым арқылы 1,5 А ток өтсе, онда өткізгішсымның ұштарындағы кернеу қандай?
Алюминий және мыс сымдарының массалары мен көлденең қимасының аудандары бірдей. Осы сымдардың қайысысының кедергілері үлкен?
Амперметр шкаласы мүмкіндігінен көбірек токты өлшеу үшін арнайы дайындалғанминут (қосымша кедергі) деп аталатын R кедергіні амперметрге параллель жалғау қажет. Құралдың тізбектегі 1А-ге дейінгі ток күші, осы құрал өлшей алатын мксимал ток емес 10 А-ге дейінгі ток күшін өлшеу мүмкін болу үшін меншікті кедергісі RA=0.0018 Ом болатын амперметрге арналған қосымша кедергі қандай болуы керек?
Сабақ соңынан оқушылардың дәптерлерін жинап алып, тексеріп, бағалаймын.
7-сабақ
Қорытынды бөлім
Тест: 1. Бақылау жұмысы бойынша қатемен жұмыс
Сабақтың мақсаты: 2-тарау бойынша алған білімдерін тексеру, бағалау
Шарты: Әр оқушы жеке орындайды.
І нұсқа
1. Кедергісі 82 Ом қыздырғыш элементтегі ток күші 0,6 А. Осы элементтегі 1 минутта бөлінетін жылу мөлшері
А) 105Дж Ә) 31,5 Дж Б) 1728 Д ж В) 600 Дж Г) 86,4 Дж
2. Ток күші 0,4 А болатын өткізгіштің кедергісін 20 Ом деп алып, оның ұштарындағы кернеуді анықтаңдар
А) 80 В Ә) 0,02 В Б) 50 В В) 4 В Г) 8 В
3. Амперметр тізбекке паралел жалғана ма?
А) ия Б) жоқ
4. Ток күші кернеуге тура пропорционал ма?
А) ия Б) жоқ
5. Сәйкестілікті тап?
Амперметр кернеу
Вольтметр куат
Омметр ток күші
Ваттметр кедергі
6. Ток күші U
Кернеу
Кедергі I
Меншікті кедергі R
7. Амперметірді тізбекке......... қосылады
8. Кернеуді................. өлшейді
9. Ом заңын тұжырымдамасы?
10. Электір тогы дегеніміз не?
Жауаптары
А
Б
Б
А
а 1
б 2
в 3
г 4
а 1
б 2
в 3
г 4
7. тізбектей
8. вольтметірмен
9. Тізбек бөлігіндегі ток күші кернеуге тура, кедерге кері пропорционал
10. Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы.
Қорытынды: Тарау бойынша алған білімдерін қорытындылау.
Достарыңызбен бөлісу: |