Жоспар
I КІРІСПЕ
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Инновациялық оқыту технологияны қолдана отырып білім беру
2.2 Жаңа педагогикалық технологилардың мазмұны және сабақ сапасын артырудағы маңызы
2.3 Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы
3.1 Инновациялық технологияны қолдану барысындағы нәтиже
III ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне Республика мемлекеттерін көтерудің тиімді жолы-білім беру саласын толықтай ақпараттандыру.Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық –психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде, ұлағатты саналады.
ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан, адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу ағарту саласының оқыту үрдісінде жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етеді.
Биология- оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және дамытатын негізгі буын. Биология пәнінің кейбір тараулары ойлануды, талдай білуді, салыстыруды қажет етеді. Оған биология кабинетінің жағдайы келе бермейді. Айталық, адам қаңқасы, микроскоп, ұлғайтқыш әйнек, т.б. тәжірибе жасайтын құралдардың болмауы. Нәтижесінде оқушыларда оларды ойша елестету және тақырыпты түсіну қиынға түседі.Мұғалім жаңа сабақты түсіндіру барысында сабақтың мазмұнын дайын күйінде бермеуге тырысу керек. Ол үшін инновациялық технологияны сабақта қолдануға тырысу керек.Олар:
-Жеке шығармашылық тапсырмалар, жобалар.
-Блок-схема, графиктер, диаграмма, т.б.
-Тірек-схема, көрнекіліктер және анықтама құралдары
-Ойын арқылы оқыту
-Сөзжұмбақ, ребустар
-Тестілеу.
Сонымен биология сабағын компьютер көмегімен оқыту төмендегі мәселелерді қамтиды: Оқушыларға оқылатын табиғат құбылыстарын толық және дәл ақпаратты бере отырып, оқу сапасын арттыру .
1) Оқытудың көркемділігін арттырады, яғни оқушыларға қиын да күрделі материялдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді. 2) Оқытудың тиімділігін жоғарылатады және оқу материалын түсіндіру мүмкіндігін арттырады;
3)Оқушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын қаыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын , табиғи сұранысын қанағаттандырады.
4) Мұғалімді техникалық жұмыстан босата отырып, үнемдеген уақытта олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды.
5) Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.
Қазіргі заман технологиясынының ерекшеліктері:
1) Сабақ өткізу барысында бормен тақтаға жазған кескінді экрандағы түрлі –түсті, айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды. Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын, әрі мүмкін емес. Слайдтарда кемшіліктер мен қателер жіберілсе , тез арада
түзетуге болады. Сабақтың өнімділігі артады. Басқа пәндермен пәнаралық байланыс орнайды.
2) Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.
3) Оқу материалын беру беру логикасына көп көңіл аударады, бұл оқушылардың білім деңгейіне оң әсерін тигізеді
Елбасының Қазақстан халқына жолдауында «Болашақ мамандарға сапалы білім беруге, әлемдік білім кеңестігінен » мемлекетімізге лайықты орын алуға білім саласындағы қызметкерлерге тиісті жағдай жасауға айрықша мән берілді. Өйткені елімізді көркейтетін де, өркендететін де біікті, білімді жастар екені түсінікті .
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8 - бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс - тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру.
Жаңа инновациялық әдістерді пайдаланудың әдістері неде?
1) қазіргі уақыт жаңалық пен инновация уақыты. Күнделікті өмірде жаңа білім мен жаңалықтармен кездесеміз. Бұған оқыту үрдісі де сәйкес болу керек.
2) жаңалықты пайдалану оқушының ойлау қабілетін жаңалыққа икемдеп, алдын ала болжам жасауға үйретеді.
3) инновациялық әдістер бұл белсенді оқыту әдістері. Ақпаратты белсенді түрде сіңірген оқушы жадында өздері айтқанның 80% сақталса, өздері істегеннің 90% қалады.
Қолдану ерекшелігі мен орнына байланысты жаңалық енгізудің бірнеше түрлері ажыратылады.
1.Технологиялық инновациялар-өнімдер ді,өндірістің жаңа технологияларын дайындаудың жаңа тәсілі. Бұл жаңалықтар білім беру саласында оқытуда қолданылатын әртүрлі технологиялық құралдар мен жабдықтарға байланысты.Дидактикалық тұрғыдан алғанда, ақпараттық ортаға ену және бағдарламалық қамсыздандыру жаңа мүмкіндіктер.
2.Әдістемелік инновациялар-сабақ беру мен білім алу,тәрбиелеу және оқыту әдістемесі,оқыту және оқу саласындағы инновациялар. Олар білім беру саласында ең көп таралған,жаратылыстану ғылымилық және гуманитарлық пәндерді оқытуды мектепке дейінгі тәрбиеден бастап жоғары білімге дейін оқыту үрдісін,мамандарды дайындауды қамтиды.
3.Ұйымдастырушылық инновациялар-еңбекті ұйымдастырудың жаңа формалары мен әдістерін орнықтыруға қатынасы бар. Ал білім беру технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қаыптастыра отырып,мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Болашақ жастардың білімділігі мен біліктілігін қамтамасыз етудің ең биік шыңы-білім сапасын арттыру
Оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізуге оқу ақпараттарының көлемінің ұлғаюы , оқушыларға түсетін «салмақтың»артуы басты себеп болады.
Деңгейлеп оқыту ерекшелігі :
1.Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.
2.Деңгейлеп оқыту әртүрлі категориялардағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3.Деңгейлеп -саралап оқыту құрылымында білім игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (минималды базалық ), бағдарламалық , күрделенген деңгей. Базалық деңгей – мемлекеттік стандар бойынша анықталған ең төменгі шек. Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс . Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып , уақытымен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.
Жеткен нәтижелер бойынша өзара бағалауды және өзін-өзі бағалауды жүзеге асыру.
Бастапқы ғылыми идеялар :
-деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді .
-деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді .
-деңгейлеп-саралап жұмыс істеуге мүмкіндік береді
Білім беру ұйымдастырудағы қайта құрулармен оқытудың жаңа мазмұны мұғалімдер қауымына жаңаша іскерлікпен пәндерді оқытудың жаңаша технологиясын ендіру міндеттерін шешуді талап етуде.
Педагогикалық технология мынадай төрт негізгі шартты қанағаттандыруы тиіс:
-педагогикалық технология оқытудағы педагогикалық экспромптарды жоюы қажет.
-оқушының танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу тәрбие үрдісінің табысына негізделуі қажет.
-оқу мақсатын диогностикалық түрде анықтап, оның меңгерілуі сапасын дәл тексеріліп , базалау қажет.
-іс жүзінде оқу-үрдісінің толықтығын қамтамасыз етуі тиіс.
Қазіргі заман талабы әр оқушының сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймай, соны өзі игеріп, ізденіп, талап – пікір таластыру деңгейіне жетіп , даму үстінде.
Биология пәнін оқыту барысында бойынша деңгейлік тапсырмалар дайындауға болады. Өйткені қазіргі экономикалық жағдай оқушының жаңа үрдістерін талап етуде. Сондықтан ғылыми ізденіс барысында педагогика саласында оқытудың деңгейлік жүйесі оқушыларға ғылым негізін меңгертудің негізгі тиімді жолы болып табылады. Сонымен бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлер мен оларды басқарушы алгоритмдер біздің қоғаммыздың маңызды бөлігіне айналды. Олай дейтініміз , бүгінгі таңдағы жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар оқушыны жаңаша оқытудың , жаңа оқу әдістерін , жаңа мазмұнды қажет етеді. Оқытудың жаңа технологиясының бірі – жалпы білім беретін мектептерде әр пәнді деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту болып табылады.
Қазіргі базалық білім беру – жеткілікті білімнің төменгі шегі. Мұғалім баланы оқыту барысында оқушыға тақпақ жаттатып , ережелерді оқытып, жаттығулар орындатып әр түрлі жұмыстар жүргізеді. Оны талап етеді. Ол мұғалім үшін қиын жұмыс емес. Оқушы мұғалімнің айтқанын кітаптан оқып, тақпақты жаттап (тіпті оларды қызықтырмаса да), ережені айтып беруі мүмкін. Бірақ, оқушы сол оқыған материалдың ішкі дүниесін түсінді ме , міне, негізгі мәселе осында жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |