Қорытынды
Қорыта айтқанда , интерактивті тақта ақпарат берудің көптеген арналармен ғана қамтамасыз етіп қоймайды, сонымен қатар әр түрлі орталар бірін-бірі толықтыратын жағдай туғызады. Оқушылардың алдында өз тілі бар жеке ортаны шығармашылықпен қолдана алатын жаңа мүмкіндіктер ашылады. Инновациялық технологияны қолдану оқушыларды ізденімпаздық дағдыларын шығармашылық жобаларын іске асыру бағытына ауыстыруға үйретеді. Сондықтан да интерактивті тақта- оқу үрдісін құру құрылғысы ретінде , ал компьютер- кітап пен қалам сияқты оқушының жұмыс құралы ретінде қолданылады. «Күрделі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет » деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолнда ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Жаңа ақпараттық технологияларды білім беру жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы негізгі қозғаушы күші адам, сол себепті білімнің негізгі принциптері іске асырылады.Осыған байланысты адамның шығармашылық потенциалын дамыту үшін қажетті жағдай жасалу керек. Жоғарыда айтылған ой-пікірлерімді тұжырымдай келе, компьютерді қолдану негізінде мектеп пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады. Мектептегі ақпараттандыруға осылай мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, оны оқыту, үйрету мәселесі бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз дүниежүзілік бәсекеге төтеп беретін, алдыңғы қатарлы мемлекетке айналады
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. «Биология және салауатты өмір» 2003ж. №5 “Инновациялық технология биология сабағында” 37-39б.
2. « Биология қазақстан мектебінде » № 2 (32) — 2010 “Биологиядан сабақ беру түрлері” 18-20б.
3. Интернет желісі: 45minut.kz сайты
4. Интернет желісі: www.topreferat.kz/load/diplom/biologija/67 сайты
5. Қазақстан мектебі. 2010ж. № 3 “ Мектептердегі жаңашыл сабақ түрлері”
26-29б.
Достарыңызбен бөлісу: |