Сабақ: Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер Мектеп: Орал қаласы, №47 жббом күні



Дата05.02.2022
өлшемі0,86 Mb.
#25009
түріСабақ

Геометрия пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ:
Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер

Мектеп:
Орал қаласы, № 47 ЖББОМ

Күні:

Мұғалімнің есімі: Диярова Аймгул Сатиевна

СЫНЫП: 7

Қатысқандар саны: 21

Қатыспағандар саны:




Сабақтың тақыырыбы :
Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер




Сабаққа негізделген оқу мақсаттары (мақсаттары)

Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің қандай екендігін біледі, берілген үшбұрышқа сырттай шеңбер сызуды игереді, есептер шығаруда қолдана алады.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар

  • Үшбұрыш, және олардың түрлерін, шеңбердің анықтамасын біледі. Үшбұрышқа іштей шеңбер сызып, берілгенін жаза алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Үшбұрышқа іштей шеңбер сызып, оны салуы бойынша тұжырым жасайды.

Кейбір оқушылар:

  • Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер туралы теореманы өздігінен дәлелдей алады, есептер шығаруда қолдана алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

  • Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің анықтамасын бере алады, сұрақтарға математикалық тілде сауатты жауап бере алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Үшбұрыш, үшбұрышшқа сырттай сызылған шеңбер,хорда,диамер,орта перпендикуляр,теорема дәлелдеу

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:



Талқылауға арналған тармақтар:




Сіз неліктен .... екенін айта аласыз ба?




Жазылым бойынша ұсыныстар:




Алдыңғы оқу

«Жазықтықтағы нүктелердің геометриялық орны: орта перпендикуляр және бұрыштың биссектрисасы» тақырыбында оқушылар үшбұрыштың орта перпендикулярын, бұрыштың биссектрисасын жазықтықта орналасуы бойынша тапсырмалар орындап, жұмыстарын дәлелді тұжырымдауға үйренді.



Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы
(12 мин)
Психологиялық
дайындық

Білу



Сергіту сәті . «Биле, биле» әуенді қосып, оқушылармен бірге музыка ырғағымен би жаттығуларын жасайды. ( 2 мин)
Топқа бөлу . Оқушылар әр түрлі түсті фигуралар арқылы 4 топқа бөлінеді. Әр топ өз орындарына жайғасады. (2 мин)


Топтағы оқушыларға бағалау парақтары беріледі.
Әр критерийге жауап беруі 5 ұпаймен бағаланады.



Оқушылардың аты-жөні

ұпай

Анықтамаларды жатқа білуі;




Математикалық білімі, яғни есеп шығара алуы;




Сұрақтарға математикалық тілмен жауап беруі;




Логикалық ойлауы, жылдамдық әрекеті;




Топта жұмыс істеуі;




Қорытынды баға




Ұпайды бағаға айналдыру шкаласы :



Жинап алған ұпайлар саны

Баға

20-25 ұпай

«5»

15-20 ұпай

«4»

10-15 ұпай

«3»

5-10 ұпай

Бағаланбайды

Сайланған топ басшыларға бағалау парақтарын үлестіремін.


1. Үй тапсырмасын «Ыстық орындық» әдісімен тексеріледі. ( 5 мин)


Әр топқа үшбұрыштың түрлерін және шеңбердің фигураларын беріп, олардың сәйкестендіру арқылы «Ой толғау» жүргізеді.
2. «Жұптық жұмыс» Оқушыларға семантикалық кестеде бірнеше тапсырма беріледі. Тапсырманы жұбымен талдап отырып орындап, жауаптарын келесі жұптармен салыстырады, топта бөліседі. ( 3 мин)





















Хорда
















Биссектриса
















Бұрыш
















Диаметр
















Центр
















Доғал
















Тік
















Сүйір
















Доға
















Ұзындық
















Қабырға



















«Биле, биле» бейнежазба


Фигуралар


(үшбұрыш, квадрат, тіктөртбұрыш, шеңбер)

Бағалау критерийі

семантикалық кесте



Ортасы
( 24 мин)

Түсіну

Қолдану

Талдау


Жаңа тақырыпты түсіну ( 10 мин)


«Джигсо» әдісі бойынша оқушылар тақырыпты кеңінен ашады, түсінеді.

  • Үшбұрыш сызады.

  • Оның төбелерін А,В,С деп белгілейді.

  • Мақсат:АВС үшбұрышына сырттай шеңбер сызу.

Шеңбер сызу үшін нені білу керек?
Шеңбердің центрін қалай табады?

Шеңбердің центрін табу үшін үшбұрыш қабырғаларының орталарын сызғышпен өлшеп табады;


• Сызғыш пен үшбұрышты сызғышты пайдаланып,табылған нүкте арқылы үшбұрыш қабырғасына перпендикуляр түзу жүргізеді;
• Үш перпендикуляр бір нүктеде қиылысатынын түсінеді;
• Шеңбердің центрін табады.

Оқушылар жауаптарының дұрыстығына көз жеткізу үшін оқулық бойынша теореманы дәлелдейді.




Теорема: Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің центрі үшбұрыш қабырғаларының орталары арқылы жүргізілген перпендикулярлардың қиылысу нүктесі болып табылады.



  • Радиус неге тең деп ойлайсыңдар?

Оқушылардың жұмысын байқап, қажетіне қарай кейбіреуіне көмек көрсетемін.


Тақырыпты түсінгендері туралы «Бағдаршам» әдісін қолданады.


«Үшбұрыштар» тақырыбы бойынша тапсырма орындайды. ( 7 мин )

Жеке жұмыстанып, жауабын тақтада тексереді.


«Басбармақ» арқылы өзін-өзі бағалайды.
Деңгейлік тапсырмалар. ( 7 мин )

А) Шеңбердің анықтамасын және элементтерін ата,шеңбер сыз.


В) Қабырғалары бойынша бойынша үшбұрыш сыз. Әр үшбұрышқа сырттай шеңбер сызып, берілгенін жазып, Венн диаграммасында салыстырыңдар.
С) Үшбұрыштың биіктіктері бір нүктеде қиылысатынын дәлелдеңдер.
Нұсқау: үшбұрыштың әрбір төбесінен қарсы жатқан қабырғаға параллель түзу жүргізу керек.
( Берілген үш нүкте арқылы өтетін шеңбер салыңдар. Есептің шешуі үнемі табыла бере ме?)

Оқушылар таңдаған қағаздарының түсі бойынша есептерін тақтаға, дәптерге орындайды.


Дарынды оқушы орнында жұмыс жасайды.


«Смайликтер» арқылы өздерін бағалайды.














Керемет!

Өте ұнады
Белсенді қатыстым
Өзімді команда мүшесі
сезіндім

Ұнады
Қатыстым
Өз бетіммен жұмыс жасадым



Онша қызықтырған жоқ
Өзгертіп, басқаша істер едім

Қызықтырған жоқ
Ұнаған жоқ




Оқулық :


К.О. Бүкүбаева, А.Т. Миразова «Геометрия,7 сынып», Алматы: Атамұра, 2012.

Электронды оқулықтан тапсырмалар






К.О. Бүкүбаева, А.Т. Миразова


«Дидактикалық материалдар», Алматы: Атамұра, 2012
А,В,С деңгейлік тапсырмалар



Аяқталуы
( 9 мин)

Жинақтау

Үйге тапсырма

Бағалау

Кері байланыс
Рефлексия




Деңгейлік сұрақтар ( 5мин)



  • Үшбұрыш қабырғалары мен

шеңбер өзара қалай орналасқан?

2. Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің анықтамасын


айтып беріңдер
3. Егер шеңбердің центрін үшбұрыш төбелерімен қоссақ , не
байқар едіңіз?
4. Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің центрін қалай
анықтауға болады?
5. Тең қабырғалы үшбұрышқа сырттай шеңбер салудың оңай тәсілін
көрсете аласың ба?
№ 38, 43 ; Ереже жаттау (1 мин )

Топтағы бағаларын талдау, қорытынды бағаны шығару. ( 2 мин)


«Бес саусақ» әдісі;

«Блоб» сынып бөлмесі (1 мин)


«Блоб» сынып бөлмесі арқылы оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өздерін көрсетеді және түсіндіреді.



Төменгі және жоғары деңгейлі сұрақтар.


Бағалау критерийі






Қосымша ақпарат :
К.О. Бүкүбаева, А.Т. Миразова «Геометрия,7 сынып», Алматы: Атамұра, 2012.
«Дидактикалық материалдар», Алматы: Атамұра, 2012
«Оқыту әдістемесі»., Алматы: Атамұра, 2012,
интернет ресурстары ,электрондық оқулық

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс

Барлық оқушыға:
топқа бөлу, психологиялық тренинг,сергіту сәті.
Топтық және жұптық жұмыс,оқулықпен жұмыс.


Дарынды оқушыға
А,В,С деңгейдегі тапсырмалар
Әзірге кедергісі бар балаларға: сәйкестендіру тесті



1см
2см
2см

Тең қабырғалы

3см
3см
3см

Әр түрлі қабырғалы

4см
2см
5см

Тең бүйірлі




  • Критерийлер бойынша бағалау, өзін-өзі бағалау, кеңес беру, жұптасып өзара бағалау, бағалау парағы

  • Оқу үшін бағалау:

«Смайликтер»












Керемет!

Өте ұнады
Белсенді қатыстым
Өзімді команда мүшесі
сезіндім

Ұнады
Қатыстым
Өз бетіммен жұмыс жасадым



Онша қызықтырған жоқ
Өзгертіп, басқаша істер едім

Қызықтырған жоқ
Ұнаған жоқ

«Басбармақ»


«Бағдаршам»





  • Кері байланыс

- «Бес саусақ» әдісі;



  • Рефлексия: «Блоб»

сынып бөлмесі



  • Сызу

  • Информатика

  • әдебиет

Рефлексия
Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Оқушылар үшбұрышқа сырттай шеңбер сызуды және сырттай сызылған шеңбердің центрін табуды үйренді.




  • Оқушылар сабаққа қызыға қатысты, топта жұмыс жасауға және бірін бірі бағалауды үйренді.


Қорытынды бағамдау


Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. Жаңа тақырыпты топтық жұмыс арқылы өз беттерімен меңгеруі.
2. Оқушылардың өзін- өзі және өзара бағалауы.


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. Жаңа әдіс -тәсілдер мен АКТ- ны пайдалану;
2. Оқушылар өз ойларын еркін айтуға үйренеді, жасаған жұмыстарының оң нәтижесін көреді.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?


Геометрия пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспарының рефлексивтік есебі
Пәні : геометрия
Сыныбы: 7
Тақырыбы : Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер
7 сыныпта геометрия пәнінен «Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер» тақырыбында сабақты жоспарлау үшін орта мерзімді тізбектелген сабақтар жоспарын, 7 сыныпқа арналған геометрия пәні оқулығын , курс аясындағы «Мұғалімдерге арналған нұсқаулық» (2016) пен үлестірме материалдарды , оқыту әдістемесін мен дидактикалық материалдар жинағын (авторлары К.О. Бүкүбаева, А.Т. Миразова) негізге алдым.
Жоспарды сабақ мазмұнын іс - тәжірибеге бағыттау және күтілетін нәтижені анықтау мақсатында сабақ жоспарын құру кезінде жаңа бағыттағы бағдарламаның жеті модулінің идеяларын негізге алып, Блум таксономиясы бойынша құруға тырыстым. Сонымен қатар оқыту мен оқуда қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдерді, барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмыстарын, оқушылардың оқып үйрену барысын бағалау үшін оқуды және оқу үшін бағалау тәсілдерін анықтадым.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулін топтық әңгіме түрлерімен, сұрақ қоюда түрткі болу, қайта бағыттау техникасын пайдалана отырып, оқушылармен топтық және жұптық жұмыстар жүргізу арқылы сабағымда ықпалдастыруға тырыстым. Топтық жұмыс арқылы оқушыларда сыни көзқарасын қалыптастыру, өз ойларын еркін айтуға , баламалы шешімдерді қабылдауға үйрету мақсатында «Ыстық орындық», «Ой толғау», семантикалық кесте «Джигсо» әдісі ,т.б. стратегияларды қолдануды жөн деп шештім..Тапсырмаларды жас ерекшеліктерін ескере отырып «жеңілден күрделіге» қарай бағыттап құрастыру арқылы оқушылардың сызу жұмыстарына жаттығып,дағдылануына,қарапайым болса да зерттеу жүргізіп, қорытынды жасауға үйренуіне, дәлелдеудің не үшін қажет екенін түсінуіне және дарынды оқушыларды анықтауды мақсат еттім. АКТ қолдану модулінде интерактивті тақта, кесте толтыру, таныстырылым жасау, интерактивті әзірлемелер, электронды оқулықтағы тапсырмалар арқылы оқытуды жетілдіруді ойладым. Оқыту үшін және оқуды бағалау модулі бойынша өзара бағалауға «Екі жұлдыз, бір ұсыныс», «Бағдаршам», «Басбармақ», «Блоб» сынып бөлмесі тәсілдерін, табыс критерийлерімен өзін-өзі және өзара бағалауды жоспарладым. Соның нәтижесінде оқушылар өзін-өзі және өзара бағалауды үйренеді, жасаған жұмыстарының оң нәтижесін көреді және де пәнге қызығушылығы артады деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет