Қосымша ақпарат :
К.О. Бүкүбаева, А.Т. Миразова «Геометрия,7 сынып», Алматы: Атамұра, 2012.
«Дидактикалық материалдар», Алматы: Атамұра, 2012
«Оқыту әдістемесі»., Алматы: Атамұра, 2012,
интернет ресурстары ,электрондық оқулық
Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
|
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс
|
Барлық оқушыға:
топқа бөлу, психологиялық тренинг,сергіту сәті.
Топтық және жұптық жұмыс,оқулықпен жұмыс.
Дарынды оқушыға
А,В,С деңгейдегі тапсырмалар
Әзірге кедергісі бар балаларға: сәйкестендіру тесті
1см
2см
2см
|
Тең қабырғалы
|
3см
3см
3см
|
Әр түрлі қабырғалы
|
4см
2см
5см
|
Тең бүйірлі
|
|
Критерийлер бойынша бағалау, өзін-өзі бағалау, кеңес беру, жұптасып өзара бағалау, бағалау парағы
Оқу үшін бағалау:
«Смайликтер»
|
|
|
|
|
Керемет!
|
Өте ұнады
Белсенді қатыстым
Өзімді команда мүшесі
сезіндім
|
Ұнады
Қатыстым
Өз бетіммен жұмыс жасадым
|
Онша қызықтырған жоқ
Өзгертіп, басқаша істер едім
|
Қызықтырған жоқ
Ұнаған жоқ
|
«Басбармақ»
«Бағдаршам»
- «Бес саусақ» әдісі;
сынып бөлмесі
|
Сызу
Информатика
әдебиет
|
Рефлексия
Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Оқушылар үшбұрышқа сырттай шеңбер сызуды және сырттай сызылған шеңбердің центрін табуды үйренді.
|
Оқушылар сабаққа қызыға қатысты, топта жұмыс жасауға және бірін бірі бағалауды үйренді.
|
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. Жаңа тақырыпты топтық жұмыс арқылы өз беттерімен меңгеруі.
2. Оқушылардың өзін- өзі және өзара бағалауы.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. Жаңа әдіс -тәсілдер мен АКТ- ны пайдалану;
2. Оқушылар өз ойларын еркін айтуға үйренеді, жасаған жұмыстарының оң нәтижесін көреді.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
|
Геометрия пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспарының рефлексивтік есебі
Пәні : геометрия
Сыныбы: 7
Тақырыбы : Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер
7 сыныпта геометрия пәнінен «Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер» тақырыбында сабақты жоспарлау үшін орта мерзімді тізбектелген сабақтар жоспарын, 7 сыныпқа арналған геометрия пәні оқулығын , курс аясындағы «Мұғалімдерге арналған нұсқаулық» (2016) пен үлестірме материалдарды , оқыту әдістемесін мен дидактикалық материалдар жинағын (авторлары К.О. Бүкүбаева, А.Т. Миразова) негізге алдым.
Жоспарды сабақ мазмұнын іс - тәжірибеге бағыттау және күтілетін нәтижені анықтау мақсатында сабақ жоспарын құру кезінде жаңа бағыттағы бағдарламаның жеті модулінің идеяларын негізге алып, Блум таксономиясы бойынша құруға тырыстым. Сонымен қатар оқыту мен оқуда қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдерді, барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмыстарын, оқушылардың оқып үйрену барысын бағалау үшін оқуды және оқу үшін бағалау тәсілдерін анықтадым.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулін топтық әңгіме түрлерімен, сұрақ қоюда түрткі болу, қайта бағыттау техникасын пайдалана отырып, оқушылармен топтық және жұптық жұмыстар жүргізу арқылы сабағымда ықпалдастыруға тырыстым. Топтық жұмыс арқылы оқушыларда сыни көзқарасын қалыптастыру, өз ойларын еркін айтуға , баламалы шешімдерді қабылдауға үйрету мақсатында «Ыстық орындық», «Ой толғау», семантикалық кесте «Джигсо» әдісі ,т.б. стратегияларды қолдануды жөн деп шештім..Тапсырмаларды жас ерекшеліктерін ескере отырып «жеңілден күрделіге» қарай бағыттап құрастыру арқылы оқушылардың сызу жұмыстарына жаттығып,дағдылануына,қарапайым болса да зерттеу жүргізіп, қорытынды жасауға үйренуіне, дәлелдеудің не үшін қажет екенін түсінуіне және дарынды оқушыларды анықтауды мақсат еттім. АКТ қолдану модулінде интерактивті тақта, кесте толтыру, таныстырылым жасау, интерактивті әзірлемелер, электронды оқулықтағы тапсырмалар арқылы оқытуды жетілдіруді ойладым. Оқыту үшін және оқуды бағалау модулі бойынша өзара бағалауға «Екі жұлдыз, бір ұсыныс», «Бағдаршам», «Басбармақ», «Блоб» сынып бөлмесі тәсілдерін, табыс критерийлерімен өзін-өзі және өзара бағалауды жоспарладым. Соның нәтижесінде оқушылар өзін-өзі және өзара бағалауды үйренеді, жасаған жұмыстарының оң нәтижесін көреді және де пәнге қызығушылығы артады деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |