Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі
Ашық сабақ
«Шешендік – сөздің дәлдігі,
ойдың айқындылығы»
Пәні:Қазақ тілі
Тобы:№182 топ
Оқытушы: С.Мұратов
2015-2016 оқу жылы
Күні:
|
Курсы:
|
Тобы:
|
|
«Бекітемін»
|
13.10.2015
|
ІІ
|
№182
|
|
«Қармақшы аграрлы-техникалық»колледж
|
|
|
|
|
директорының оқу- ісі жөніндегі
|
|
|
|
|
орынбасары:________Г.Аралбаева
|
|
|
|
|
|
Сабақ тақырыбы: Шешендік –сөздің дәлдігі,ойдың айқындылығы
Сабақтың мақсаты
1. Шешендікті, шешендіктің қазіргі түрлерін, шешендік сөздердің сапаларын, сөз мазмұндылығы, сөз дәлдігі, тіл тазалығы, тіл көрнектілігі туралы білімдерін мысалдармен дәлелдеп, қайталау, пысықтау.
2. Шешендік сөздердегі фразеологизмдердің, мақал - мәтелдердің, афоризмдердің табиғатын тану қабілеттерін дамыту.
3. Қазіргі шешендердің сөйлеу өнерін үйрету, бос сөз сөйлеуден сақтандыру, тауып сөйлеуге төселдіру, тіл тазалығын сақтауды насихаттау.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлау. іздендіру, талдау, дәлелдеу, жинақтау, сұрақ - жауап, шығармашылық жұмыс.
Сабақ көрнекілігі: Сызба - кестелер,бүктемелер, слайдтар (Мөңке бидің айтқаны, Бала би мен Сырым сөздері бейнематериал ретінде интерактивті тақтадан көрсетіледі),
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: саралап оқыту, іздендіру, талдау, дәлелдеу, жинақтау, сұрақ - жауап, шығармашылық жұмыс.
Сабақ/оқу барысы
№
|
Сабақ/оқу кезеңі
|
Мазмұны
|
1
|
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу.
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
Топтарға бөлу. Түрлі – түсті кәртешкелер арқылы топқа бөлу. Кәртешке артына «Мен шешен болсам», «Мен би болсам» жазып қоямын. Осы ой арқылы оқушылардың пікірлерін тыңдай отырып, «Шешендер» тобы, «Билер» тобы деп екі топқа бөлемін.
Өткен сабақтар бойынша білім деңгейлерін тексеру(үй тапсырмасын сұрау)
І.Қазақ би-шешендерінің сөздерін сахналанған көрініс арқылы көрсету.
ІІ.Зымыран сұрақтары:
1.Шешендік сөз деген не?
2.Шешендіктің отаны қай елдер болып табылады?
3.Қазақ шешендік өнерінің 1-кезеңі қай кезең және бұл кезеңде өмір сүрген шешендер кімдер?
4. Қазақ шешендік өнерінің 2-кезеңі қай кезең және бұл кезеңде өмір сүрген шешендер кімдер?
5. Қазақ шешендік өнерінің 3-кезеңі қай кезең және бұл кезеңде өмір сүрген шешендер кімдер?
6. Қазақ шешендік өнерінің 4-5кезеңі қай кезең және бұл кезеңде өмір сүрген шешендер кімдер?
7. Шешендік сөздер құрлысына қарай нешеге бөлінеді?
8.Шешендік сөздер мазмұнына қарай нешеге бөлінеді?
|
2
|
3
|
Жаңа сабақты (материалды) түсіндіру
Сабақ тақырыбы: Шешендік -сөздің дәлдігі,ойдың айқындылығы
Сабақ жоспары:
1.Сөз дәлдігі – ойдың айқындылығы
2.Билердің нақыл сөздері
3.Шешенге тән қасиеттер
4. Қортынды сөз.
Мұғалім сөзі:
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады.
Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ:
Тауып айтсаң мереке қылады,
Таппай айтсаң келеке қылады, - деген екен сөз құдіретін қалың қазаққа танытқан Досбол би. Ал, олай болатын болса көпщілік алдында сөйлейтін сөз орамдары жайлы не білеміз деп,- тақырыптың мағынасын ашып көрейік.
Ойдың айқындылығы сөз қолданыстағы дәлдікпен тығыз байланысты. Сөз қолданыстағы дәлдік
сөйлеушінің белгілі бір тақырыпты қаншалықты меңгергендігімен,ойлау жүйесінің тереңдігімен,қазақ әдеби тілінің байлығы мен нормасын жетік білуімен өлшенеді.Сөз мағыналарын жақсы білген адам сөзді орнымен жұмсай алады. Сөйлеуші сөздердің табиғи мүмкіншіліктерін – тура мағынасынғкөп мағыналылығын,синонимдік,антонимдік,омонимдік қасиеттерін кең түрде пайдаланумен бірге тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін мақал-мәтелдер мен фразеологизмдерді дәлдікпен қолданғанда,ойдың айқындылығымен қоса,сөйлеудің көркемдік деңгейін көтереді. «Етігің тар болса,дүниенің кеңдігіненне пайда»,-дейді қариялар. «Еркіндігіңе қамыт түссе, елдігіңнен не қайыр»,-деген екен Қазыбек би. «Құм жиылып тас болмас,құл жиылып бас болмас», «Құмды илей білсең – пана болады, қараны билей берсең пана болады»,-деген екен Ақтамберді жырау. Осы жолдарда шешендердің мақалдап,мәтелдеп сөйлеуі айтылмақ ойдың нанымды,анық,түсінікті жеткізілуіне көмектесіп тұр.
Сондай –ақ халық даналығынан туған «қиыннан қиыстырып», «жауырды жаба тоқып», «әліпті таяқ деп білмей», «халық айтса,қалып айтпайды», «екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді», «тіл ұстартып өнер шашқан», «сілтідей тынып», «нілдей бұзылып», «ләм-мим деп тіл қатпастан», «жүйкесін құртып», «екі иінінен дем алып», «ауырдың үстімен,жеңілдің астымен», «місе тұтпай» тәрізді толып жатқан тұрақты тіркестерді қалыпын бұзбай орнымен жұмсай алса,қандай тақырыптағы шешендікте болмас айтайын деген ойды тап басып, дәл жеткізері хақ.
Шешенге тән қасиеттер
Ізгілікке құрылған адамгершілік
|
Жүрегінде мейірім,түсіністік,т.б.сезім шуағы жоқ шешен тұлға ретінде танылмайды.Ізгілік нұрын шашқан жүрегі сезімге бай шешенді ғана халық қабылдайды.
|
Шынайылық пен салиқалы ой
|
Негізінде шындық жатқан,дұрыс пен бұрысты өз дәрежесінде таразылаған,көкейдегі сауалға жауап берер салмағы бар сөз айтқан шешенді халық хан көтереді.
|
Білімділік
|
Бар шындықты ашып көрсету үшін шешеннің исал туралы ойы терең,білім тиянақты болуы керек.
|
Болжау мен дәлдік
|
Сөз бағдары мен ой түбін танып,нәтижені болжай білу,айтылар ойдың айқын да дәл болуы.
|
Тіл байлығы мен сауаттылық
|
Тіл байлығын мағыналы да орынды қолданып,айтылған ойдың өрелі,сөйлем құрлысы сауатты да,әсерлі болуы.
|
ІV.«Сөз мерген» тапсырмалар жиынтығы
1-тапсырма «Мықты болсаң, тауып көр»
Кестедегі сөздерді байланыстыра отырып, тұрақты сөз тіркесін
табу, мағыналарын ашу.
2-тапсырма «Жүйрік болсаң, шауып көр»
Шарты : Кестедегі сөздерден мақал мәтелдер құрастыру, мағынасын түсіндіру.
3-тапсырма“Ойлы болсаң, озып көр”
Шарты: Көнерген сөзбен
байланысты сөзді табу, мағынасын ашу.
Сергіту сәті (мақалмен жауап)
Әзіл сұрақтар:
Қар жана ма? (Қалауын тапса қар жанар)
Түкіріктен көл құрала ма? (Көп түкірсе көл)
Тауық түс көре ме? (Тауық түсіне тары кіреді)
Тас пен басты не жарады? (Тіл тас жарады,тас жармаса бас жарады)
Билік айту мен біліп айтудың айырмашлығы ?(Билік айту оңай,біліп айту қиын)
Қандай бас аяққа тыным бермейді? (Басында дымы жоқтың аяғында тынымы жоқ)
Тура сөздің темірге, қылышқа қатысы қанша? (Тура сөз темірді теседі,жұмсақ сөз қылышты кеседі)
Бес ешкісі бар кісінің өзге қызметі бола ма? (Айдағаны бес ешкі,ысқырығы жер жарады)
|
4
|
Өтілген сабақты(материалды) бекіту
Топтастыру.
Сөз қолданыстағы дәлдік,ой айқындылығы үшін ?
|
5
|
Үйге тапсырма
|
Шешендік сөз өнеріне байланысты кез-келген тақырыпта
ойтолғау жазу.
|
6
|
Сабақ/оқу қорытындысын жасау, бағалау
|
Сабақта түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Оқушылардың сабаққа қатысуына қарай білімдері бағаланады.
|
Пән оқытушысы: С.Мұратов
Ашық сабақ
«Шешендік сөздің дәлдігі,ойдың айқындылығы»
№182 топ
Достарыңызбен бөлісу: |