2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.
2. Әңгіме-дәріс. 6. Тірек-сызба
2. Тест.
1.Жердің сыртынан қоршап жатқан ауа қабығы қалай аталады?
а) Литосфера
ә) Атмосфера
б) Гидросфера
в) Биосфера
2.Атмосфера құрамында ең көп мөлшерде кездесетін газ:
а) Оттегі
ә) Азот
б) Көмірқышқыл
в) Сутегі
3.Атмосфера қабаттары:
а) Литосфера, тропосфера, гидросфера
ә) Тропосфера, стратосфера, атмосфераның жоғарғы қабаты
б) Стратосфера, биосфера, ноосфера
в) Литосфера, гидросфера, тропосфера
4.Ауаның жер бетіне түсірген салмағын қалай атайды?
а) Ауа қысымы
ә) Ауа температурасы
б) Ауа райы
в) Климат
5.Әрбір 10,5 м. көтерілген сайын қысымның сынап бағанасы қанша мм-ге кемиді?
а) 5 мм
ә) 1 мм
б) 10 мм
в) Өзгермейді
6.Атмосфералық қысымды қандай құралмен өлшейді?
а) Термометр
ә) Динамометр
б) Гидрометр
в) Барометр
7.Тәулік ішіндегі ең жоғарғы температура мен ең төменгі тампература арасындағы айырмашылық қалай аталады?
а) Тәуліктік орташа температура
ә) Тәуліктік амплитуда
б) Ауа райының өзгерісі
в) Көпжылдық орташа температура
8.Ауаның температурасын өлшейтін құрал:
а) Термометр
ә) Динамометр
б) Гидрометр
в) Барометр
9.1 м³ ауадағы 1 г. су буы мөлшері қалай аталады?
а) Абсолют ылғалдылық
ә) Салыстырмалы ылғалдылық
б) Қаныққан ауа
в) Құрғақ ауа
10.Белгілі жағдайда су буларының сұйық күйге айналуын не деп атайды?
а) Температура
ә) Қысым
б) Конденсация
в) Ылғалдылық
11.Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын өлшейтін құрал?
а) Термометр
ә) Шаш гигрометрі
б) Динамометр
в) Барометр
12.Ауаның жер бетіне жақын қабатындағы су булары су тамшыларына айналғанда не түзіледі?
а) Бұлт
ә) Жауын–шашын
б) Жел
в) Тұман
13.Пішініне қарай бұлттын қанша түрі ажыратылады?
а) 3
ә) 4
б) 5
в) 6
14.Тропосфераның ең төменгі бөлігінде кездесетін бұлттар:
а) Шарбы-қатпарлы
ә) Биік будақ
б) Қатпарлы жаңбыр
в) Шарбы
15.Бұлттан жер бетіне түсетін сұйық немесе қатты күйдегі ылғалды не деп атайды?
а) Бұлт
ә) Жауын–шашын
б) Жел
в) Тұман
16.Атмосферадағы ылғалдың негізгі көзі?
а) Өзен
ә) Көл
б) Құрлықтағы барлық су
в) Батпақ
17.Жауын–шашынды қандай өлшем бірлігімен есептейді?
а) Миллиметр
ә) Метр
б) Литр
в) Грамм
18.Жауын–шашынның ең көп жауатын жері?
а) Алтай етегі
ә) Гималай етегі
б) Орал етегі
в) Кордильер етегі
19.Жер бетіндегі ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге ауысуын не деп атайды?
а) Бұлт
ә) Жауын–шашын
б) Жел
в) Тұман
20.Желдің жылдамдығы мен бағытын қандай құралмен өлшейді?
а) Динамометр
ә) Барометр
б) Гигрометр
в) Флюгер
21.Тұрақты желдердің қалыптасуы неге байланысты?
а) Қысым белдеулеріне
ә) Жер бедеріне
б) Абсолюттік биіктікке
в) Ағыстарға
22.Тәулік бойында ауа қысымының өзгерісіне байланысты?
а) Муссон
ә) Климат
б) Жел
в) Тайфун
23.Тропосфераның белгілі бір жердегі белгілі бір қысқа мерзімдік жай-күйін не деп атайды?
а) Ауа райы
ә) Климат
б) Жел
в) Жауын–шашын
24.Ауа райының негізгі элементтері:
а) Температура, ылғалдылық, атмосфералық қысым
ә) Қар жамылғысы, жел, бұлттылық
б) Су буы, топырақ, қысым
в) Жел, күн радиациясы, бұлттылық
25.Жер шарындағы ауа массаларының негізгі типтері:
а) Тропиктік, субэкваторлық, экваторлық
ә) Қоңыржай, тропиктік
б) Тропиктік, субтропиктік, экваторлық
в) Арктикалық, қоңыржай, тропиктік, экваторлық
26.Солтүстік пен Оңтүстік жарты шарда қай уақытта күн сәулесі бірдей түседі?
а) 22 маусым және 22 желтоқсан
ә) 21 қыркүйек және 22 наурыз
б) 1 қаңтар және 1 маусым
в) Күз және көктемде
27.Жер шарындағы тропикалық және экваторлық аймақтардағы климаттың жылы болу себебі:
а) Күн сәулесі түсуінің үлкен бұрышы
ә) Күн сәулесі түсуінің кіші бұрышы
б) Көп жылдық тоңның болмауы
в) Жер сілкінісі мен жанартаулардың ықпалы
28.Ауа райының белгілі бір жерге сипатты, көп жылдық орташа жай – күйін не деп атайды?
а) Ауа райы
ә) Жел
б) Климат
в) Боран
29.Негізгі климатты құрушы себептер:
а) Географиялық ендік, ауа массалары, жер бедері
ә) Күн жылуы, температура, жел
б) Ауа массалары, жауын–шашын, географиялық жағдай
в) Мәңгілік тоң, тау, жазық