Сабақ№ Сыныбы Күні Тақырыбы: Тірі табиғат дүниесі



бет29/42
Дата04.07.2018
өлшемі2,95 Mb.
#46518
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42
Қандауыршады жүрек болмайды, оның қызметін арқа және құрсақ қантамырлары атқарады. Қаны – түссіз. Қанайналым жүйесі – тұйық. Қандауырша жұтқыншағының маңында зәршығару түтікшелері орналасқан. Олардың бір ұшы дене қуысына, екінші ұшы жұтқыншақ маңындағы қуысқа ашылады. Қажетсіз қалдықтар сумен бірге арнайы тесік арқылы сыртқа шығарылады.

Орталық жүйке жүйкесінің қызметін жүйке түтігі атқарады. Қандауыршаның жүйке түтігінің әр жерінде сезімтал жасушалар шоғырланып орналасқан. Олар жарықты ғана ғана сезеді. Сезімтал жасушалар терісінде де бар. Басқа сезім мүшелері дамымаған.

Қандауырша – дара жынысты жануар. Көптеген ұсақ жыныс бездері жұтқыншақ маңында орналасқан. Көптеген ұсақ жыныс бездері жұтқыншақ маңында орналасқан. Қандауыршаның көбеюі мен дамуын көрнекті орыс ғалымы А.О.Ковалевский зерттеді. Ол қандауыршаның басқа омыртқалы жануарлармен туыстық жақын екенін дәлелдеп берді.

Қандауыршалар Атлант, Тынық мұхиттарының жылы теңіздерінде 10-30 м тереңдікте тіршілік етеді.

IV. Жаңа сабақты бекіту

Желілі жануарлардың өздеріңе тыныс омыртқасыз жануарлармен ұқсас және айырмашылық белгілерінің санын тұсын жазып көрсетіңдер.




Желілердің өзіне тән белгілері

Желілердің омыртқасыз жануарлармен ұқсас белгілері







1. Дене қуысының болуы 1. Денесі үш қабаттан тұрады

2. Желісі бар 2. Денесі екі жақты симметриялы

3. Қанайналымы – тұйық жүйелі 3. Жүйке түтігі бар

4. Желбезек саңылаулары бар 4. Сырттай ұрықтанады



V. Үй тапсырмасы:

1. §53. Желілі жануарларды жіктеу. Қандауырша.

2. Қандауыршаның ішкі құрылысының суретін салу.

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________
Тақырыбы: Балықтар класы

Мақсаты:

Білімділік: Балықтар класына жалпы сипаттама беру

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру. Гигиеналық тәрбие беру
Болжамдап отырған нәтиже: Балықтар класымен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Б.Ү.Ү. кестесі.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.



3. Топтастыру. 6. Тірек-сызбамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, , муляж т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Топтастыру.

3. Кестемен жұмыс.

4. Тірек сызбамен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

қалдықтары девонның орта шенінен белгілі. 2 класс тармағы: тақтажелбезектілер (Elasmobranchіі) және бүтінбастылар (Holocephalі), 140-қа жуық туысы, 730 түрі бар. Шеміршекті балықтардың денесінің ұзындығы 6 см-ден 20 м-ге жетеді. Қаңқасы тек шеміршекті, қаңқасының ізбестенгендері (сүйектенбеген) жиі кездеседі. Егер қабыршағы бар болса, ол плакодты (тісшелі). Көпшілігінде ұзынша тұмсығы болады, аузы тұмсығының астында көлденең саңылау сияқты көрінеді. Қанат қалақшалары эластинді талшықтармен бекіген. Құйрық қанаттарының қалақшалары тең емес, үстіңгі қалағы үлкен, 5 — 7 жұп желбезек саңылаулары сыртқа жеке ашылады. Торсылдағы болмайды. Тоқ ішегінде иірлі қатпарлы қақпақшасы, жүрегінде артериалды конусы бар. Ас қорыту және несеп-жыныс жүйелері құрсақ қанаттарының жанындағы ортақ қуыс — клоакаға ашылады. Іштей ұрықтанады. Аталықтарының жұп шағылысу органдары (птеригоподилері) құрсақ қанаттарының сыртқы талшықтарынан дамыған. Шеміршекті балықтар тірі туады (сирек) немесе ұрықтанған жұмыртқа салады (тірідей жұмыртқа туу). Шеміршекті балықтардың ішкі осмостық қысымы негізінен қанда еритін мочевина арқылы реттеледі. Дене қуысы сұйығының қысымы сыртқы ортаға қарағанда жоғары болады. Шеміршекті балықтар негізінен теңізде тіршілік етеді. Бұларды тұщы суға жіберсе, ішкі осмостық қысымы төмендейді де, олар тез өліп қалады. Араларында тұщы суда кездесетін түрлері бар, олар осмостық қысымын сақтау үшін өте көп мөлшерде зәр бөледі. Шеміршекті балықтардың барлығы да жыртқыштар. Бұлардың көп аулануына қарамастан, кәсіптік маңызы шамалы.

Балықтар - сулы ортада тіршілік етуге бейімделген төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлар. « Балықтың жаны -суда» деген халық даналығы соның айғағы.

Қазіргі кезде дүниежүзінің су айдындарында балықтардың 20 мыңдай түрі

мекендейді. Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы ихтиология

( грекше «ихтис» - балық, «логия» - ілім, ғылым) деп аталады.

Балықтардың денесі бас, тұлға және құйрық бөлімдерінен тұрады. Бас бөлімінде жұп танау тесігі, екі көзі бар. Тұлға бөлімінде жұп көкірек және дара арқа жүзбеқанаттары ораналасқан. Қүйрық бөлімінде сыңар құйрық және аналь жүзбеқанаттары бар. Терісі сыртынан қабыршақтармен қапталған. Балықтар желбезектері арқылы суда еріген оттегімен тыныс алады.Балықтың жұп көкірек және құрсақ жүзбеқанаттары дене тепе - теңдігін сақтайды. Балық осы жүзбеқанаттардың көмегімен судың беткі қабатына көтеріледі. Кейде тереңге түсіп, жан-жағына бұрылады. Арқа және аналь жүзбеқанаттары жүзіп жүргенде денесін қалыпты ұстауға көмектеседі. Құйрық жүзбеқанаттары бағыт береді.

Балықтар шеміршекті және сүйекті балықтар деп 2 класқа бөлінеді. Қаңқасы тек шеміршектен тұрады. Шеміршекті балықтардың көпшілігі тек теңіздерде таралған. Оларға акулалар, жұпбалықтар және тұтасбасбалықтары жатады. Омыртқалы жануарлардың ішіндегі ең көп түрлісі балықтар деп есептелінеді. Осы кездегі балықтар түрлерінің саны 20000- ға жуық, олардың барлығы суда тіршілік еткенімен, іс-әрекеттері әр түрлі. Көлемі, тіршілік ететін ортасы, сыртқы пішіні бір- біріне ұқсамайтын балықтар көп кездеседі.

Шеміршекті балықтардың дене пішіні барлығында бірдей емес. Акуланың денесі созылыңқы, жұмыр, ұршық тәрізді. Суда еркін жүзеді. Жұпбалықтардың денесі қабысып, жалпайып кеткен. Сондықтан олар суда мекендейді.

Шеміршекті балықтардың силур дәуірінде тіршілік еткендігін бұдан бұрын да сөз еткенбіз. Жүз миллиондаған жыл бұрынғы қалпын сақтап, пішіні айтарлықтай өзгеріске ұшырамаған көне дүниенің тірі куәсі - акула. Мысалы, қазіргі акуланың бұдан шамамен 300 миллион жыл бұрын тіршілік еткен акуладан айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Аквариумнан акуланы көріп тұрып, оған немқұрайлы қарауға тіпті де мүмкіншілік жоқ. Әсіресе оның сүйірлене біткен дене пішінін басқа балықтардың бірде бірінен кездестіруге болмайды. Акула жүзгенде ешқандай қиналмастан қуатты құйрығымен су сабалап, сәнді де қаһарлы түрде емін-еркін қозғалады. Акуланың пышақтай өткір тістері орналасқан мықты жақтары, аузын ашқанда қатар түзеп, айбар береді. Мықты жақтарының көмегімен олжасын қақпанша қауып, тістеген жерін ойсырата жұлып алады.

2. Топтастыру.
Қорытындылау.IV. Жаңа сабақты бекіту. V. Қорытындылау, Үйге тапсырма: Балықтар класы

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________
Тақырыбы: Сүйекті балықтар класы

Мақсаты:

Білімділік: Сүйекті балықтар класына жалпы сипаттама беру

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру. Гигиеналық тәрбие беру
Болжамдап отырған нәтиже: Сүйекті балықтар класымен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Б.Ү.Ү. кестесі.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.



3. Топтастыру. 6. Тірек-сызбамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, , муляж т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Топтастыру.

3. Кестемен жұмыс.

4. Тірек сызбамен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

Сүйекті балықтар (лат. Osteichthyes) — омыртқалы жануарлар класы, қазіргі заманда балықтардың ең түрге бай тобы. Дене ұзындығы 0,7-1,1 см, ден 5-7 м дейін, салмағы 1,5 т жетеді. Ішкі қаңқасы сүйектенген. Әрдайым тері сүйектері болады. Қабыршақтары әртүрлі: ганоидтық, космоидтық немесе сүйекті, (цикпоидтық, немесе ктеноидтық). Желбезектері қоршаулармен бөлінбеген. Кейбір түрлердің торсылдағы жойылған. Ұрықтану сыртқы ортада өтеді, кейбір түрлері тірі табатындар. Тұщы су және теңіз балықтарының қысымды реттеуі әртүрлі: тұщы су балықтары артық суды желбезек және тері арқылы шығарады, ал теңіз балықтары, бүйрек және желбезек арқылы. 2 класс тармағы бар: қалаққанаттылар және сәулеқанаттылар, (қазіргі заман балықтарының негізгі бөлігі).

Сүйекті балықтардың қазіргі кезде 20 000-нан астам түрлері бар. Дене пішіндері де түрліше. Денесі бас, тұлға және құйрық бөлімдеріне бөлінген. Сүйекті балықтардың терісі жалпақ әрі ірі қабыршақтармен қашаған. Қабыршақтарында ағаш діңіндегі жылдық сақиналарға ұқсас сызықтар бар. Осы сызықтарға қарап, балықтың жасын ажыратуға болады. Сүйекті балықтардың қаңқасында сүйектер өте көп. Олардың қаңқа бөлімдері шеміршекті балықтардың қаңқа бөлімдеріне ұқсас. Сүйекті балықтардың желбезектерінің сырты сүйекті желбезек қақпағымен жабылған. Сүйекті балықтардың көпшілігінің аузы бас бөлімінің алдыңғы тұсында орналасады. Жақсүйектерде және т.б. сүйектерде де тістері бар. Ал тұқы балықтарының желбезек доғаларында жұтқыншақ тістері де болады. Ауыз қуысына көлемді жұтқыншақ жалғасады. Қысқа өңеші қарынмен жалғасқан. Қоректік заттарға байланысты қарынның көлемі мен пішіні әр түрлі. Жыртқыш балықтардың (алабұға, шортан) қарны үлкен әрі созылғыш. Қарыннан аш ішек басталады. Сүйекті балықтардың ішегі едәуір ұзын. Кейбір балықтарда аш ішек пен тоқ ішектің түйіскен жерінде ұсақ тұйық өскіндер болады. Олар ішектің ішкі сіңіру бетін үлғайтады. Тік ішек аналь тесігімен аяқталады. Бауырлық, үйқыбездің өзектері аш ішектің алдыңғы бөлігіне ашылады. Бауыр улы заттар мен зиянды өкімдерді зарарсыздандыруға қатысады. Сүйекті балықтарда ерекше мүше - торсылдақ болады. Іші ауаға толы торсылдақ ұрықтың даму кезеңінде ішектен бөлінеді. Ол балықтың дене салмағын өзгертіп, судың түрлі қабаттарына өтуіне жағдай жасайды. Торсылдақ кейбір балықтарда тыныс алуға, дыбыс шығаруға қатысады. Су түбінде тіршілік етуге бейімделген сүйекті балықтарда торсылдақ болмайды. Сүйекті балықтар желбезектерінің сыртында сүйекті желбезек қақпағы болады. Желбезек шашақтары бірден сүйекті желбезек доғаларына бекіген. Сүйекті балықтардың терілі желбезекаралық пердесі болмайды. Тынысалуы желбезек қақпағының қозғалуына тікелей байланысты. Сүйекті балықтардың қантарату жүйесі теміршекті балықтарға ұқсас. Қарыншаның қабырғасы құлақшадан қалың, одан құрсақ қолқа қантамыры басталады. Сүйекті балықтарда да екі бүйрек, екі несепағар өзек болады. Оларда алғашрет зәрдің уақытша сақталатын мүшесі - қуық пайда болған. Зәр шығаратын тесік те сыртқа жеке ашылады. Сүйекті балықтар миының қүрылысы темір шекті балықтардың миымен салыстырғанда қарапайым әрі кіші. Алдыңғы ми - шағын, екі ми сыңарына бөлінбеген. Ортаңғы ми мен мишығының көлемі үлкендеу. Көзінің құрылысы шеміршекті балықтарға ұқсас. Есту мүшесі де тек ішкі құлақтан тұрады. Балықтар бірімен-бірі түрліше дыбыстар шығару арқылы байланыс жасайды. Дыбыстарды қабылдайтын; балықтар тіршілігінде маңызы зор. Бұлардың иіс, дәм сезуі, бүйір сызығы шеміршекті балықтарға ұқсас. Балықтарда дара жынысты, қосжыныстылық сирек кездеседі. Тек теңіз алабұғасы ғана қосжынысты. Аталықтарының да, аналықтарының да екі-екіден жыныс бездері бар. Аталық безден бөлінген сұйықтық шовал деп аталады. Оның құрамында өте көп мөлшерде аталық жыныс жасушасы - сперматозоидтар болады. Аналық безде уылдырық деп аталатын майда жүмыртқажасушалар жетіледі. Сүйекті балықтар сырттай ұрықтанады, сондықтан да өте көп мөлшерде уылдырық шашады. Кәсіптік мәні бар балықтарды көбейту үшін, арнайы балық зауыттарында қолдан ұрықтандырыл, шабақтар өсіріледі. Кейбір балықтар көбею кезінде жылыстап, өрістейді. Мысалы, бекірелер, албырттар теңіздей өзенге өрістеп, уылдырық шашады. Ал өзен жыланбалығы керісінше, өзеннен теңізге өтіп, уылдырық шашады.

2. Топтастыру.

Қорытындылау.IV. Жаңа сабақты бекіту. V. Қорытындылау, Үйге тапсырма: Сүйекті балықтар класы


Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________
Тақырыбы: Қосмекенділер класы

Мақсаты:

Білімділік: Қосмекенділер класына жалпы сипаттама беру

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру. Гигиеналық тәрбие беру
Болжамдап отырған нәтиже: Қосмекенділер класымен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Б.Ү.Ү. кестесі.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.



3. Топтастыру. 6. Тірек-сызбамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, , муляж т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Топтастыру.

3. Кестемен жұмыс.

4. Тірек сызбамен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

Қосмекенділер (Amphіbіa) – хордалылар типі, омыртқалылар тип тармағының бір класы. Қосмекенділердің 2 класс тармағы: доғаомыртқалылар (Apsіdospondylі) жұқаомыртқалылар (Lepospondylі), 3 отряды (құйрықсыз қосмекенділер, құйрықты қосмекенділер және аяқсыз қосмекенділер), 25 – 30 тұқымдасына бірігетін 4 мыңнан астам түрі белгілі. Тропиктік, субтропиктік және қоңыржай аймақтарда таралған. Көпшілік түрлері сырттай ұрықтанады, ал дернәсілдері суда тіршілік етеді, тек түрленіп дамығаннан кейін оларда ересектеріне тән морфология-физиологиялық ерекшеліктер қалыптасады. Дернәсілдерінің анатомиялық құрылыстары (жүрегінің екі камералы болуы, желбезектерімен тыныс алуы, т.б.) балықтарға ұқсас. Ересектері өкпе және терісі арқылы тыныс алады. Қосмекенділер жоғары девонда саусаққанатты балықтардан пайда болған, балықтар мен “нағыз” құрлықтағы омыртқалылардың (амниоттар) арасынан орын алады. Бұларға жерде жүруге бейімделген буыны шар тәрізді, бірнеше бөлімдерден тұратын, бес саусақты жұп аяқтар тән. Бас қаңқасы аутостилиялық (үстіңгі жақсүйегі бассүйекке бітісіп кеткен). Қосмекенділерде үлкен қан айналу шеңберінен басқа кіші (өкпелік) қан айналу шеңбері пайда болған. Жүрегі екі жүрекше мен бір қарыншадан тұрады. Сол жақ жүрекшеде таза артерия қаны, ал оң жақ жүрекшеде вена қаны мен теріден келетін артерия қаны болады. Қарыншада артерия және вена қандары араласады.

Алдыңғы мидың 2 жарты шар күмбезінде жүйке клеткаларының жиынтығы болады. Зәр бөлу жүйесі мезонефростық (дене бүйрегі) типке жатады. Денесінің ұзындығы 2 – 3 см-ден 1,8 м дейін жетеді. Терісі жұмсақ, жалаңаш денесі шырыш бездері бөлетін шырыштан дымқылданып тұрады. Тіршілігіне қажетті оттектің едәуір бөлігін терісі арқылы сіңіреді. Көпшілік қосмекенділердің сероз бездері бар, ол кейбір тропиктік түрлерінде өте улы келеді. Балықтардан айырмашылығы тері бездері ірі, көп клеткалы болады. Ересек қосмекенділер негізінен жәндіктермен, ал дернәсілдері су өсімдіктерімен де қоректенеді. Қазақстанда қосмекенділердің 12 түрі кездеседі, оның 3 түрі жетісу аяқтыбалығы, даната құрбақасы, қызылаяқ бақа, Қазақстанның “Қызыл кітабына” тіркелген.

Кейбір түрлерінін тіршілігі сумен байланысты. Олар ерте девонда балықтардан бөлініп шығып, құрлық жануарларымен балықтардың ортасындағы жануарлар тобына айналған. Казіргі қосмекенділердің дене ұзындығы 2-3 см-ден 1,8 м дейін. Терісі жұмсақ, тықыр, көптеген кілегей бездерінің сөлімен әрдайым ылғалданады және тері арқылы әртүрлі ауа газдарымен су алмасу процестерін жүргізеді. Олардың арасында кейбір түрлері артқы аяқтарын жоғалтқан,ал кейбіреулері аяқсыз калған. Кеуделері жоқ, өкпеге ауа ауыз қуысының түбіндегі бұлшық еттердің жиырылуымен жеткізіледі. Кейбір түрлері өкпесіз, (саламандрлар). Мишық жетілмеген. Құйрықсыз К. ортаңғы кұлағы мен дауылпаз жарғағы бар. Жүрегі үш камералы, ал өкпесі жоқтарда, екі камералы. Бүйректері балықтар бүйрегіне ұқсас, клоакаға ашылады. Қ., пойкилотермді жануарлар.

Қазіргі уақытта Қ. 25-30 тұқымдастарының 4000 дейін түрі белгілі. ТМД-да 13 тұқымдастың 34 түрі таралған. Олардың көпшілігі суда көбейеді. Көпшлігі жұмыртқа салады, бірақ кейбір түрлері тірі туады немесе жұмыртқада тірі туады. Дамуы өзгеріспен өтеді. Бақашабақтары ересектеріне ұқсамайды. Ересектері омыртқасыздармен, бақашабақтары несекомдармен және өсімдіктермен қоректенеді. Қосмекенділер табиғатта өте маңызды экожүйе мүшесі, өйткені олар көптеген жәндіктердің санын реттеумен қатар өздеріде басқа жануарлардың азықтық қоры болып есептеледі. Көптеген түрлер саны күрт төмендеуде. Оның басты себебі су қоймаларының ластануында. ХТҚО-ның Қызыл кітабына 41 түр, КСРО Қызыл кітабына 9 түрі енгізілген.

2. Топтастыру.

Қорытындылау.IV. Жаңа сабақты бекіту. V. Қорытындылау, Үйге тапсырма: Қосмекенділер класы

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________
Тақырыбы: Жорғалаушылар класы

Мақсаты:

Білімділік: Жорғалаушылар класына жалпы сипаттама беру

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру. Гигиеналық тәрбие беру
Болжамдап отырған нәтиже: Жорғалаушылар класымен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Б.Ү.Ү. кестесі.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.



3. Топтастыру. 6. Тірек-сызбамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, , муляж т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Топтастыру.

3. Кестемен жұмыс.

4. Тірек сызбамен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

Бауырымен жорғалаушылар , рептилиялар (Reptіlіa) – омыртқалы жануарлардың бір класы. Ежелгі бауырымен жорғалаушылар – котилозаврлар орта тас көмір кезеңінде қарапайым, қосмекенді стегоцефалдан тараған. Котилозаврлардан триас кезеңінің аяғында аң тәрізді бауырымен жорғалаушылар тобы – сүтқоректілердің алғашқы түрлері шықты. Бауырымен жорғалаушылардың ең жақсы дамыған кезеңі – мезозой. Бұл кезде ихтиозаврлар, мозазаврлар, птерозаврлар (ұшқыш кесірткелер), динозаврлар тараған. Бұлардың бәрі мезозойдан кайнозойға өткен кезде жойылып кетті де, олардың орнына Бауырымен жорғалаушылардың қазіргі түрлері қалыптасты.




2. Топтастыру.

Қорытындылау.IV. Жаңа сабақты бекіту. V. Қорытындылау, Үйге тапсырма: Жорғалаушылар класы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет