Ашық сабақ
Сынып: 8
Өткізілген мерзімі: 26.04.2013
Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев «Өмір сүрейік алмасып» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Қазақ халқының ең дарынды, тамаша ақындарының бірі – Мұқағали Мақатаевтың кім екендігін түсіндіре отырып, оның өмірімен және шығармашылығымен таныстыру арқылы оқушылардың әдебиет пәніне деген сүйіспеншіліктері мен қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың міндеттері:
1.білімділік
а) Мұқағали Мақатаевқа арналған диафильм арқылы ақынның өмірі және шығармашылығымен таныстыру.
2. дамытушылық
а) Мәнерлеп оқу, талдау, сұрақ-жауап, іздендіру, «Ой шақыру», «Топтастыру» , Блум таксономиясы, «Еркін жауап стратегиясы», «insert стратегиясы» арқылы оқушылардың ойлау және тілдік қабілеттерін, қарым – қатынастық біліктілігін дамытуға мүмкіндік тудыру;
ә) Сөздікпен жұмыс, сұрақ-жауап, аудару арқылы оқушыларды қазақша сөйлей білуге дағдыландыруға жағдай жасау.
3. тәрбиелік
а) Қаламгердің өмір жолын оқушыларға үлгі ету;
б) «Өмір сүрейік алмасып» өлеңі арқылы ұлтжандылық сезім оятып, табиғатты, елді сүюге, салт-дәстүрді құрметтеуге ой салу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, слайд-презентация, ақынның өімірі мен шығармашылығына арналған диафильм.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сөздікпен жұмыс, аудару сұрақ-жауап, іздендіру, түсіндіру, мәнерлеп оқу, талдау.
«Топтастыру» «Еркін жауапстратегиясы», «Ой салу», «Блум таксономиясы», «insert стратегиясы»
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- амандасу;
-әнұранды орындау
- кезекшінің жауабын тыңдау;
- оқушыларды түгендеу;
ІІ. Тілдік ортаға бейімдейтін сұрақтарға жауап алу:
Балалар, қазір қай сабақ?
Қазір қазақ әдебиеті сабағы.
Қазақ әдебиеті сабағы сендерге нешінші сабақ?
Қазақ әдебиеті сабағы ... сабақ.
Қазақ әдебиеті сабағында біз не істейміз?
Сабақта оқимыз, аударамыз, мазмұндаймыз... т.с.с.
Балалар, тақтаға қараңыздар. Бұл кім?
Тақтада Мұқағали Мақатаевтың портреті
Даналық сөздер жазылған.
Мұқағали Мақатаев- біздің замандағы ғажацып ақындарының бірі.
(Ә. Тәжібаев)
Мұқағали Мақатаев- қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, өалың халық басты жанашыры болған суреткер. Ол-ең алдымен ақын. Қазақ жырының құдіреті.
ІV. Жаңа сабақ:
а) Мұғалімнің кіріспе сөзі (түсіндіру арқылы):
Балалар, біз бүгінгі сабағымызда ұлкеннін де, кішінің де сүйікті ақынына айналған , Қазақстанның халық жазушысы, «Ғасыр ақыны» аталған Мұқағали Мақатаев туралы сөйлеспекпіз. Мұқағали Мақатаев Алматы облысы,Нарынкөл ауданында дүниеге келді. Ол «Аққудың қанатына жазылған жыр», «Аққулар ұйықтағанда», «Дариға-жүрек» жинақтары арқылы әдебиетке қосылған талант екенін танытты. Ақын тау мен даласын, ұлы Отанын, адамзаттың асыл бесігі-жұмыр жерді сүйеді, қадірлейді. Мақатаев өлеңдерінде адамдар бойындағы асыл қасиеттерді барынша дәріптеумен бірге, өмірде іске енжарлық, бойкүйездік, даңғойлықты қатты сынады. Оның жүрекке жылы, сезімге әсерлі, кімге де болса тіке айтатын өткір әрі сұлу жалын атқан жырларын оқушы қауым сүйіп оқиды. 2011 жылы ақиық ақынның 80- жылдығы елімізде кең тойланды.
ә) Тақырыпқа ену (ақын өміріне арналған диафильм көрсету арқылы):
- өмір жолына тоқталу:
V. Оқулықпен жұмыс:
1. Ақын туралы мәліметпен танысу
2. Сұрақтар құрастырып, бір-бірлеріне сұрақ қою (жүппен жұмыс)
1. «Ой шақыру» бағыты.
- Балалар, төменгі сыныптарда ақынның қандай өлеңдерімен таныс болдыңдар?
-Балалар жауабы.
- Дұрыс, балалар!
Ал, енді балалар, адамның ішкі жан сырын тереңнен тербеп, нәзік сезім қылдарын шерте білген ақынның «Өмір сүрейік алмасып » өлеңінен біз де нәр алайық!
2. Өлеңді игерту бағыты.
А) өзім мәнерлеп оқимын;
ә) оқушылар әр шумағын жеке-жеке оқиды;
б) әр шумағын оқушыларға оқыта отырып, өлеңнен не түсінгендерін айтқызу; (мәнерлеп оқу)
в) сұрақтарға жауап беру: қиялдарында қандай сурет пайда болғанын сөзбен суреттеп беріңдер.
Мұғалім: Балалар, М.Мақатаев өлеңінің қандай ерекшелігін байқадыңдар? Жауапты әдебиет теориясынан іздеп көрейік.
3. Теориялық бағыт. (түсіндіру)
Параллелизм (грек: «қатар жүру») – екі ұдай нәрсені, құбылысты, ұғымды, сезімді қатар қойып, жұптап суреттеу. Әдебиет каһармандарының бастарында болатын күйініш, әр түрлі психологиялық өзгерістерді суреттегенде, оған табиғатта, не жануарларда болатын әр түрлі құбылыстар қатарласа, жарыса жүреді. Сол қатарластыру арқылы адамның басындағы сезім дүниесін суреттеу психологиялық параллелизм әдісі болып табылады.
4.Шығармашылық бағыт.
VI. Дәптермен жұмыс
а) (Б.Блум таксономиясын қолдану):
ІІІ деңгей қарапайым білім мен түсінік деңгейінде игеруді білдіреді:
Білу Түсіну
Қай жылы туған?
Қайда туған?
Кім?
ІІ деңгей тапсырмалары алған білімін қолдана білу және талдау деңгейінде игеруді білдіреді:
Қолдану Талдау
Параллелизм Өлеңнің тақырыбы...
Осы құбылысты түсіндіреді... Идеясы....
Өлеңнің ішінен параллелизмді анықтау. Өлеңнен не білдіңіз...
б) (Еркін жауап стратегиясы)
1.Ізденушілер тобы.
Сұрақ. «Бірде адам, бірде қайын боп, Сүрейік өмір алмасып...» - дегенді қалай түсінесіңдер?
Жауап.
VIІ.Сергіту сәті.
Оқушылар өздерінің туған күндері, айлары, жылдарындағы әрбір санды алып бір ғана сан қалғанша қосады. Соңында қалған сан әр оқушының қасиетті саны болып саналады. Мысалы: 16.07.1998 1+6+0+7+1+9+9+8=41 4+1=5
VIIІ. Білімді бекіту (Топтастыру. Кластер құру)
«Мұқағали кім?» деген сұраққа жауап беру арқылы, кластер жасау (слайдқа жазу).
Мысалы: ғажайып ақын, қазақ халқының ұлы ақыны, «Ғасыр ақыны», ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері
Мұқағали Мақатаев
Жеті
Шығармашылығы
Өлеңдері Поэмалары Жыр жинақтары
ІХ. Қорытындылау (сұрақ-жауап, insert стратегиясы арқылы):
Не
түсіндім................
көрдім .................
естідім..................
жаздым................
сезіндім...............
а) бағалау: сабақтың әр бағыты жазылған бағалау парағы арқылы сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, тиісті бағаларын қою. Қателесіп, не болмаса тапсырмаларды орындауда қиналған оқушыларды да ынталандыру.
ә) үй тапсырмасы:
1. Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын оқып, мазмұндау. 2. «Өмір сүрейік алмасып» өлеңінің жаттау;
Мұқағали кім?
Ақиық ақын
Поэзия патшасы
Ардақты әке
Халқының адал перзенті
Тума талант иесі
Ұлтының патриоты
Ғасыр ақыны
Ақын өлеңдеріне жазылған әндер;
«Саржайлау»
«Сәби болғым келеді»
«Жетісу»
«Дариға, домбырамды берші маған»
«Солдат арманы»
«Үш бақытым»
«Есіңе мені алғайсйң» т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |