Сабақ тaқыpыбы : Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті Caбaқ жocпapы



Pdf көрінісі
Дата07.02.2022
өлшемі363,32 Kb.
#83666
түріСабақ
Байланысты:
Пратикалық сабақ 5



№5.
Практикалық сабақ тaқыpыбы
: Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті
Caбaқ жocпapы:
1. 
Ежелгі қазақ жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс және тайпалық одақтар мәдениеті 
2. 
Ерте кездегі қазақ жерінен табылған яғни V-Xғғ көне жазулар мен ескерткіштер. 
 
Оқу мақсаттары: 
1.
Ежелгі қазақ жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс және тайпалық одақтар мәдениеті 
мен руна жазулары, көне ескерткіштер барысында мәліметтер беру.

1. 
Жалпы қазақ мәдениетінің ірге тасы ерте кезеңнен яғни, адамзат қоғамы пайда 
болғаннан бастап қалыптаса бастады. Адамзат тарихы: 1.Тас дәуірі. 2. Мыс (қола). 3.Темір 
дәуіріне тұрады. Қола дәуірінің алғашқы кезеңі б.з.б XVIII-ғ.шамасында Андрон 
мәдениеті пайда болды. Отырықшылық жайлар мен мал ұстайтын қоныстары мен қатар 
егіншілік, диқаншылық кәсіппен де айналыса бастады. Сонымен қатар, күнделікті күн 
көріс мақсатында қару-жарақ жасау өнері және сәндік бұйымдар білезік, моншақ, 
ілмешектер жасай бастады. Осы кезде, яғни, қола дәуірінде Андрон мәдениеті пайда 
болды. Андрон мәдениеті көшпелі мал шаруашылығын еуропалық классикалық үлгісін 
қалыптастыруға елеулі үлесін қосты. Андрон мәдениетінің табиғи жалғасы ретінде 
Беғазы-Дәндібай мәдениеті болды. Андрон мәдениетінің дәстүрлерін сақтай отырып, жаңа 
мән-мағына бере отырып, аңдар стильінде жалғасты. Қарағанды тауы Дәуірбай ауылы 
және Балқаштың солтүстік маңынан Беғазы қойнауынан қазба жұмыстары нәтижесінде 
табылған бұл мәдениетке жататын заттар орталық Қазақстанның көп жерінде кездесіп 
отырды. Бұл кезеңде күнделікті тұрмыста қолданылатын заттарды тас, металл, мал 
сүйектерінен жасай бастауы жауынгерлік қарулар жасайды.

2. 
V-X ғғ. көне жазулар мен ескерткіштер. Көне түркі жазулары немесе көне түркі 
алфавиті – дыбыстық жазу түрі, яғни сөздегі дыбыстарды таңбалап жазады. Негізінен VI-
X ғғ. үлкен аймаққа таралған көне түркі жазуларын ғалымдар үш топқа бөліп қарайды: 1. 
Енисей ескерткіштері. 2. Талас ескерткіштері. 3. Орхон ескерткіштері.
1. Енисей ескерткіштеріне Енисей бойынан және Тува, Хакас, Алтай республикаларының 
(бәрі де Ресей құрамындағы Түркі республикалары) аймағынан және Ресейдің батыс 
сібірде орналасқан Жаңасібір (Новосибирск) облысы мен Ертіс бойынан табылған 
жазулар жатады. Оның қолданылған, жазылған жылдары
.
 
V-X ғғ. аралығы. Бұл аймақтан 
табылып отырған көне Түркі жазба ескерткіштердің жалпы саны шамамен 150ге жуық. 
2. Талас ескерткіштері. Бұл аймақтағы жазулар Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Сыр бойы 
мен Қырғызстан аймақтарына таралған, соның ішінде көп шоғырланған жері қазіргі 
Жамбыл облысы. Қолданылған мезгілі
 
VІІІ-X ғғ. Жалпы саны шамамен 20ға жуық. 
3. Орхон ескерткіштері. Монғолиядағы Орхон, Селенг, Тола өзендерінің бойынан және 
Ресейдегі Минусинск ойпатынан табылған ескерткіштер жатады. Қолданылған мезгілі
 
VІІ-X ғғ. Ескерткіштердің жалпы саны 30 шақты. Алайда ең көлемді, ұзақ мәтінді 
жазбалар осы топқа жатады. Бұның ішінде тарихи құндылығы жағынан «Құтлығ қаған», 
«Білге қаған», «Күлтегін», «Тоныкөк», «Күлі Чор» және «Мойын Чор» ескерткіштерінің 
орны ерекше. Яғни Көне Түркі жазулары V-X ғғ. аралығында Сібір, Монғолия, Шыңжаң, 
Қазақстан, Қырғызстан және Оңтүстік Ресей жерінде кеңінен қолданылғаны туралы 
қорытынды шығаруға болады.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. 
Ежелгі қазақ жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс және тайпалық одақтар мәдениеті 
2. 
Ерте кездегі қазақ жерінен табылған яғни V-Xғғ көне жазулар мен ескерткіштер. 
 
 


5. Оқу және оқыту әдістемесі
: ауызша сұрау,тест, бақылау сұрақтары 
6.
Бағалау әдістері: 
схема-кестені кұрастыру 
7. Әдебиеттер:
1. Әкім Ж. Түркі өркениеті негізіндегі қазақ идеясы. – Алматы: Өлке, 2017ж . – 303 б. 
2. Р. Жұматаев, тарихшы «Сақ» атауы қайдан шықты? (қаз.). 
ukkz.net
. «Үш қиян» газеті 
(23 Ақпан 2012). 
3. Қазақ ілкі тектерінің дәстүрлі мәдениеті. Ардақ Н., Алматы. 2010ж. 
4. Қазақ мәдениетінің тарихы мен теориясының кейбір мәселелері. Сатершинов Б.М. 
Алматы.2002ж. 
5. «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: 
Атамұра, 2010ж.
6. Әкім Ж. Түркі өркениеті негізіндегі қазақ идеясы. – Алматы: Өлке, 2017ж . – 303 б. 
7. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ 
энциклопедиясы» Бас редакциясы.
8. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011ж 
9. Н. М. Ядринцев. Отчет и дневник о путешествии по Орхону в южный Хангай в 1891 г. 
«Сб. трудов Орхонской экспедиции».
10. https://e-history.kz/kz/publications/view/1149 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет