«Біліміңді сына» ДиалогОсы сұрақтар арқылы оқушылардың білімін тексеру.
-Теңдік дегеніміз не?32 + 37 = 69; 46 – 30 = 16
-Теңсіздік дегеніміз не?100 > 90; 60 < 70
-Санды өрнек дегеніміз не? 900 + (700 – 600)
-Әріпті өрнек дегеніміз не? b + (12 + 40)
-Санды1-ге, 1-ді санға көбейткенде қандай сан шығады?
Оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Оқулықпен жұмыс
«Орындап көр» әдісі. Жұппен жұмыс(Оқулық, 56-б)
Өрнектердің мәнін өсу ретіне қарай орналастырып мақалды құрастырады.
27: 3 = 9ағаш3 х 9 = 27адам
6 х 3 = 18тамырымен 5 х 8 = 40досымен
9 х 5 = 45 мықты
«Ағаш тамырымен, адам досымен мықты» мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?
Дескриптор:
- өрнектің мәнін өсу ретімен орналастырады;
- сурет кімдер туралы екенін айтады;
- мақалдың мағынасын түсіндіреді.
ҚБ.«Қол шапалақтау»
Топпен зерттеу жұмысы «Проблемалық жағдаят»
( әр топ өз ішінде зерттеп талқылайды)
Достарыңмен бірге зертте. Көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысымен алмастырып есепте. Екінші көбейткіш пен көбейтіндінің мәнін салыстыр. Қандай қорытынды жасауға болады?
1. Мысалдар:
6 х 3 = 6 + 6 + 6 = 18 3 х 9 = 9 + 9 + 9 = 27
2.Жаңаны ашу, түсіндіру.
1 х 2 = 2 1 х 6 = 6
1 х 3 = 3 1 х 7 = 7
1 х 4 = 4 1 х 8 = 8
1 х 5 = 5 1 х 9 = 9
Топ басшысы ережені бүкіл сыныпқа түсіндіреді.
3. Ереже:
Кез келген санды 1- ге және 1-ді кез-келген санга көбейткенде сол санның өзі шығады
а х 1 = а
а:1 = а
Дескриптор:
-көбейтуді қосылғыштардың қосындысымен алмастырады;
-көбейткіш пен көбейтіндінің мәнін салыстырады, қорытынды жасайды.
ҚБ. «Бас бармақ»
Дәптермен жұмыс
(52 беттегі 1-тапсырма.Жаңа тақырыпқа байл.)
1 санымен көбейтуге және бөлуге өзара байланысты мысалдар құрастырады.
Мысалдар:
І топ ІІ топ ІІІ топ
1 х 2 = 2 1 х 5 = 5 1 х 9 = 9
2 х 1 = 2 5 х 1 = 5 9 х 1 = 9
2: 1 = 2 5 : 1 = 5 9 : 1 = 9
2 : 2 = 1 5 : 5 = 1 9 : 9 = 1
Дескриптор:
жаңа тақырыпты түсінеді;
түсінгендерін жұмыс дәптерінде орындайды;
қорытынды жасайды.
ҚБ.«Бағдаршам». Топ басшысы топ мүшелерініңдәптердегі жұмысын тексереді және бағалайды.
Топтық жұмыс Постер қорғау
Оқулық, 2-тапсырма, 57- бет
Есептерге сызба таңда. Оларды екі амалмен шығатындай сұрақтармен толықтыр және шығар.
Ітоп.
а)Сырым 8 жүйек, ал Санжар одан 2 есе кем жүйек суғарды.
. . . неше жүйек суғарды?
Ш: 8 : 2 + 8 = 12
Ж екеуі 12 жүйек суғарды.
ІІ топ.
ә) Мақсат 12 кг алма, ал Әнуар одан 4 кг кем алма жинады.
. . . неше кг алма жинады?
Ш: (12 – 4) + 12 = 20
Ж: екеуі 20 кг алма жинады.
ІІІ топ.
б) Серуенге 5 ересек адам, ал олардан 3 есе артық балалар шықты. Неше . . . серуенге шықты?
Ш: 5 х 3 + 5 = 20
Ж: 20 адам серуенге шықты.
Дескриптор:
екі амалмен шығатындай сұрақтармен толықтырады;
есептің шешуі мен жауабын табады;
есептерге тиісті сызбаны дұрыс таңдайды.
Түсінгендерін дәлелдеу барысында постер қорғайды.
ҚБ. “Жапондық бағалау»
О о о – «5» М м м – «4» У у у – «3» деп бағаланады
Сергіту сәті.«Қазағым» әнініңырғағынабилейді (Музыка қосылады).
Тақтамен жұмыс «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін»
(Оқулық, 57- бет, 3-тапсырма)
Баған түрінде есептеп, дұрыстығын тексер.
І топ ІІ топ ІІІ топ
100 – 24=76 19 + 6 = 25 50 + 17 = 67
61 – 49 = 12 60 – 13 = 47 57 + 13 = 70
29 + 21= 50 55 + 35= 90 70 – 14 = 56
17 + 53 = 70 61 + 19 = 80 40 – 18 = 22
Топ басшысы тексереді.Топтан үш оқушы шығыпүш бағанды тақтада орындайды.
Дескриптор:
- баған түрінде есептейді;
- дұрыстығын тексереді.
Қ.Б. «Екі жұлдыз, бір тілек»
Жұппен жұмыс
5 – тапсырма
а)Өрнек құрастырып, оның мәнін тап.
ең үлкен екі таңбалы сан мен 77-нің айырмасына ең кіші екі таңбалы санды қос.
(99 – 77) + 10 = 32
ә) Өрнектердің мәнін тап.
15 + а – 13а = 5; a = 10; a = 30
15 + 5 – 13 = 7
15 + 10 – 13 = 12
b – 2 + 18b = 32; b = 43; b = 52
32 – 2 + 18 = 12
43 – 2 + 18 = 59
52 – 2 + 18 = 68
Дескриптор :
- өрнек құрастырады ;
- өрнектердің мәнін табады.
Қ.Б.«Смайликтер» арқылы бағалау
Ойын.«Математикалық балық аулау»
Ойынның барысын мұғалім түсіндіреді.Әр топтан оқушулар шығып, балық артындағы тапсырмаға жауап береді.
Өз біліміңді тексер!
(Жұмыс дәптері, 53-бет, 2-тапсырма)
1-топ.
а) Арқан тартудан жарысқа қатысқан балалар 4 командаға бөлінді. Әр командада 6 баладан болды.Жарысқа барлығы неше бала қатысты?
Ш: 4 х 6 = 24
Ж: жарысқа 24 бала қатысты.
2- топ.
ә) Арқан тартудан жарысқа 24 бала қатысты. Олардан әр командада балалардың саны бірдей болатындай 4 команда құрды.Әр командада неше бала бар?
Ш: 24 : 4 = 6
Ж: әр командада 6 бала бар.
3- топ.
б)24 бала 6 баладан бөлінді. Жарысқа неше команда қатысты?
Ш: 24 : 6 = 4
Ж: жарысқа 4 команда қатысты.
Дескриптор:
кері есеп екенін түсінеді;
- есептің шартын жазады;
- шешуі мен жауабын табады.
ҚБ.«Жетістіктер жолағы»
(Өз білімін тексеріп, дәптердің 54-бетіндегі жолақты белгілейді)
|