Сабақ тақырыбы : §65. Энергия. Потенциалдық және кинетикалық энергия


IV. Пысықтау. Ертегілер елінде.« Бауырсақ» ертегісі



бет6/6
Дата10.06.2017
өлшемі5,31 Mb.
#18841
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

IV. Пысықтау. Ертегілер елінде.« Бауырсақ» ертегісі

Оқушылар сендер қазір Бауырсақ ертегісін көресіңдер, содан кейін ол ертгегіден потенциалдық және кинетикалық энергияларды табасыңдар. Қандай жағдайда дененің энергиясы бар деп айтуға болады?




  1. Энергия дегеніміз не?

  2. Жұмыс пен энергияның бірліктері қандай?

  3. Энергияның қандай түрлері бар?

  4. Потенциалдық энергия мен кинетикалық энергия деп қандай энергияларды айтады және олардың қандай ерекшеліктері бар?

Сергіту сәті. Жұмбақтар

1- жұмбақ.

Көп болса, асықпайсың,

Мезеттен қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың? (Уақыт)

2- жұмбақ.

Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,

Тағы да бір белгісіз шама шықты.

Ол болмаса денелер қозғалмайды,

Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? (Жылдамдық)

3- жұмбақ.

Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасаң,

Ньютонға ол келеді. (Күш)

4- жұмбақ.

Бірдей көлемдегі масса кейде көп,

Аз болса да кейде дөп.

Делінеді бұл шама,

Аталуын тапшы тек. (Тығыздық)

5- жұмбақ.

Күш көбейсе артады,

Аукадан артқа тартады.

Жүзі жұқа үшкір зат,

Одан бірақ қорқады. (Қысым)

6- жұмбақ.

Барлық денелерге тән,

Онсыз болмайды сән.

Әр затта болады әр түрлі,

Өлшеуге болады дәл. (Масса)
V. Есептер шығару. 37-ж. №2, №3.

Деңгейлік есептер шығару

Жер бетінен 3,5м биіктікке көтерілген массасы 6 кг дененің потенциалдық

энергиясын анықтаңыз.

9 м/с жылдамдықпен қозғалатын 6кг дененің кинетикалық энергия неге тең?

Массасы 10кг дене 10 м биіктіктен биіктігі 3 м үйдің төбесіне құлап түсті. Ауырлық күшінің істеген жұмысы қандай?


Массасы 60 кг денеге 1200Дж энергия шамасымен қандай биіктікке шығаруға

болады?

20 м/с жылдамдықпен қозғалған дененің кинетикалық энергиясы 400Дж

болса,оның массасы:

Биіктігі 10 м сарқырамадан 2 минутта 50м3 су құлап ағады су ағынының қуаты қандай?



Қуаты 600 Вт локомотив бірқалыпты қозғалып 200 м аралықты 20 c та өтеді?.Оның тарту күші қандай?

VІ. Қорытындылау.

Рефлексия:"Білім ағашы"тақырып бойынша түсінгендерін стикерге жазып ағашқа жабыстыру.



Жазғандарына талдау жүргізу

VІІ. Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма: §53-54 оқу. 30-жаттығу 1,2-4 шығару

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет